Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

4. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Абзал, мына мәтінде не туралы айтылады?

- ______________________________________ .

- Аурудың болуына себепкер болатын не?

- _______________________________________ .

- «Күш жұмсау» дегенді қалай түсінесің?

- ______________________________________ .

- Денсаулық жақсы болу үшін қандай шарттарды орынджау керек?

- _______________________________________________________ .

- Тамақтанудың, мінез-құлықтың денсаулыққа қатысы бар ма?

- ____________________________________________________ .

5. Сұхбатты, сөйлемдерді толықтырып оқыңыз. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

  • Адам денсаулығы көбінесе неге байланысты?

  • Адам денсаулығы көбіне ______________ байланысты.

  • Сіз қайда жұмыс істейсіз?

  • Мен ______________ жұмыс істеймін.

  • Ауруханаларда адам шығыны ________ ме?

  • Иә, адам шығыны 50-... 410-... көбейді.

  • Өкпе, құрт аурулары... жайы қалай?

  • Өкпе, құрт аурулары да 3-5 есе... өскен.

  • Әйелдер көбінесе қандай ауру... ауырады?

  • Әйелдер... қаны аз, бүйрек ауруы... ауырады.

  • Босану үстінде әйелдер... қиындық туа ма?

  • Иә, жыл сайын босану үстінде 200 әйел қаза бол... .

  • Балалар... денсаулығы қандай?

  • Балалар ауруы 5 миллион... асып кеткен.

Есімше – зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүретін сһөз табы. Есімшенің жұрнақтары: -ған, -ген, -қан, -кен; -тын, -тін, -атын, -етін, -қалы, -келі, -ғалы, - гелі.

6. Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.

1. Біздің туыстарымыз «Семей полигоны» деп атал... аймақтан көшіп келді.

2. Денсаулықтың жақсы бол... қандай жақсы!

3. Өсіп келе жат... ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек.

4. Жаңа өмірді жалғастыр... – дені сау жас ұрпақ.

5. Өмірге бақытты болып кел... соң, сол өмірді мәнді етіп сүру керек.

6. Салауатты өмір салтын ұстан... азамат әрдайым бақытты болады.

7. Сұрақтардағы етістіктерді есімше қалпына келтіріп, өзара сұхбаттасыңыздар.

Мына вареньелерді анаңыз (қайнату) ба?

Анаңыз дәрігерлік мамандықты (оқу) ба?

Ол кісі қайда (жұмыс істеу)?

Бұл жұмысқа қашан (орналасу)?

Ол бақша жұмыстарына (үйрену) бе?

Оған өзінің жұмысы (ұнау) ма?

Құлпынайға қант көп (қосылу) ба?

8. Сөздікті пайдаланып, денсаулыққа байланысты сөз тіркестерін тауып, олармен сөйлемдер құраңыз.

Ғасыр азаматы, мықты денсаулық, салауатты өмір, адал көңіл, азаматтық борыш, ашық аспан, нашақорлықтың зияны, адам ағзасы, тәннің амандығы, елдің болашағы.

9. Суретке қарап, көрсетілген жоспар бойынша мәтін құрыңыз (жазбаша).

Сіздің біліміңіз қандай?

Сіз қай мамандықтың иесісіз?

Сіз қайда жұмыс істейсіз?

Сіз кім болып жұмыс істейсіз?

Сіздің еңбек өтіліңіз неше жыл?

Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?

«Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді десеңші» деген мақалды қалай түсінесіз?

Сау тіс пен денсаулықтың арасында қандай байланыс бар?

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Cұхбатты оқыңыз.

Ас – адамның арқауы

- Сәлеметсіз бе, менің атым – Мұхтар. Сіздің атыңыз кім?

- Амансыз ба, менің атым – Ғалымжан.

- «Ас – адамның арқауы» тақырыбы бойынша бірнеше сұрақ қойсам бола ма?

- Әрине, сұраңыз.

- Сіз уақытымен тамақтанасыз ба, әлде тәбетіңіз болған кезде тамақтана бересіз бе?

- Мен күніне төрт-бес рет тек уақтылы ғана тамақтануға тырысамын.

- Оның себебін қалай түсіндіресіз?

- Кез келген уақытта көңіл сүйген тамақты іше беру дұрыс емес, оның көп ретте денеде май қатпарларын молайтуға алып келуі мүмкін.

- Қандай тағамдар ішу керек?

- Калориялы тағамдар, ақуыздар мен көмірқышқылдар қабылдаған тағамдардың 80 пайызы болу керек. Қалған 20 пайызы десертке арналғаны жөн.

- Сусындардан не ішкен жөн?

- Табиғи шырындар мен шай, мүмкіндік болса, қымызды да алып тұру керек.

«Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпаса керек. Ендеше дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін пайдасы көп екені рас қой.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет! Сау болыңыз!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]