Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

11. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.

Жүрек жұтқан, аузына құм құйылды, зәресі зәр түбіне жетті, еңбегі жанды, қас қаққанша, ат ізін салмады, су жүрек, аузы аузына жұқпады, еңбегі еш кетті, араны ашылды, үріп ауызға салғандай, ит арқасы қиянда, ат ізін құрғатпады, тәбеті тартпады, ай десе аузы, күн десе көзі бар, ит өлген жерде, көзді ашып-жұмғанша.

Мағыналас тұрақты тіркестер

Қарама-қарсы мәндегі

тұрақты тіркестер

үріп ауызға салғандай,

ай десе аузы, күн десе көзі бар

жүрек жұтқан – су жүрек

Бөж тапсырмасы

«Жаным – арымның садағасы» деген мақалды қалай түсінемін?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Әдеп және жантану./Құраст.Қ.Жарықбаев. Алматы: Атамұра, 1996. -224 б.

2.Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық көзқарастары. Алматы: Білім, 2000. -76 б.

3.Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы: Ана тілі, 1997. -125 б.

БЕСІНШІ АПТА (3 сағат)

Бірінші сабақ. «Уақыт және адам» (1 сабақ)

Грамматика. Сан есімнің түрлері.

1. Сан есім жайлы есіңізге түсіріңіз.

Сан есім заттың санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? қаншасыншы? нешінші? М: Біз поезға сағат 10-да (қаншада?) отырдық.

Сан есімдер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара сан есімдер бір сөзден ғана тұрады. М: Олар бір бөлмеде алты қыз тұрады.

Күрделі сан есімдер екі немесе одан көп сөзден тұрады. М: Екі жарым сағаттан соң жолға шығамыз.

2.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Уақытым болса ... сағатқа кіріп шығамын.

  2. Емтиханға дайындалуға ... минут уақыт берілді.

  3. Бізде сабақтардың арасындағы үзіліс ... минут.

  4. Менің інім ... сыныпта оқиды.

  5. Мен мектепке ... ... жасымда бардым.

  6. Біздің елімізде жастар жеке куәлікті ... ... жасында алады.

  7. Біздің елімізде кәмелеттік жас - ... ... жас.

3. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен мазмұндаңыз.

Уақыт алтыннан да қымбат.

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.

Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.

Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.

Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық. Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.

Жадыра САТТАРОВА, ЖР-32 қ тобының студенті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]