Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2) Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай?

3) Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер?

4) Біз Ж.Аймауытұлы шығармаларынан не білеміз?

4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.

Бұрын, аса, әжептеуір, қыруар, жанында, нағыз.

5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.

Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, ат салысты, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезімталдық.

6. Сөйлесіңіздер.

- Арман, сен қай университетте оқисың?

- ---------------------------------

- Қандай маманықта оқисың?

- ---------------------------------

- Сен Ж. Аймауытұлының шығармаларын білесің бе??

- ----------------------------------

- Жазушының қандай романдары бар?

- ----------------------------------

- Жазушы шығармаларында нені суреттейді?

- ----------------------------------

-Ж.Аймауытұлы кімнің шығармаларын аударды?

- ----------------------------------

2- сабақ

М.Әуезов – суреткер

1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1915жылыСемейқалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргендеШәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза»дастаны негізінде «Еңлік-Кебек»пьесасын жазып, оны1917жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.

Әуезовтің мұраcының аса үлкен бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелді. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

2. Мәтіндегі ғылым қайтаркері, сауатты кісілер, жатқа оқу, киіз үй сахнасы, ғылыми зерттеулер, ұлттық дәстүр сөздерінің мағыналарын сөздіктен анықтап, олармен сөйлем құраңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]