Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).

І Өзімшілдік.

Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан, бір соқырға беріпті. Досы байға келіп: «Сондай дәрігер келіпті, күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз?»-десе, бай: «Күйеуімнің көзі ашылған соң, қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық»,-депті.

Жаңа сөздер:

тыртық – шрам қарату – здесь: лечить

соқыр қалпында қалғаны – оставаться слепым

ІІІ Шәкәрім айтқан:

Бір еңбекші қызметкер қандай тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң, бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің?» - дейді. Сонда қызметкер былай дейді: «Жалданған бай мені тақтай алып кел деп жұмсаған соң, барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бір бишара еңбектеп жоңқа жонып отыр екен. Соны көргенде, мынаның башпағы түгіл, башпақ киетін аяғы да жоқ, мен башпағым жоқ деп асып жүр екем ғой деп, содан бері жалаң аяқ жүруге әбден әдеттендім»,- депті.

Жаңа сөздер:

Тастақ – каменистый жалаң аяқ – босяком

дәйім – постоянно жұмсау – посылать

тобық - еңбектеу – ползать

жоңқа – дерево башпақ - обувь

әбден әдеттену – очень привыкать мүсәпір – инвалид.

Сұрақ: «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыздық жалғыз атыңды сойдырар» деген мақалдың осы мәтінге қатысы бар ма?

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Шәкәрім кім?

  2. Шәкәрәм кімнің тәрбиесін көрді?

  3. Шәкәрім өлеңдерінде кімдерді сынады?

  4. Шәкәрәм білімін қалай толықтырды?

  5. Байдың өзімшілдігі неде?

  6. Қызметкер неліктен тастақ жерде жалаңаяқ жүрді?

БӨЖ тапсырмасы: Классик жазушылардың шығармаларымен танысу, баяндау.

IV АПТА

КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР

1- сабақ

Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Үстеу, оның түрлері.

Еске түсіріңіз: Үстеулер іс-әрекеттің қашан, қайда, қалай болғанынан хабардар етеді. Қызметіне қарай үстеулер мезгіл (кеше, ертең, бұрын, былтыр т.б.), мекен (жанында, артында т.б.), сын-қимыл (етбетінен, қолма-қол, қазақша, емін-еркін т.б), мөлшер (сонша, әжептеуір, азғантай, қыруар т.б.), мақсат (әдейі, қасақана, амалсыздан, босқа т.б.), күшейткіш (аса, тым, ең, әбден, нағыз т.б.) болып бөлінеді.

1. Сөздікті пайдаланып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыз.

Жалғастыру - продолжать

қазақ жұртшылығы үшін - для казахского народа

саналы өмір – сознательная жизнь

тыйым салынды - запрещалось

шығармашылық мұра – творческое наследие

2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды.

Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

   Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар.   Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды.Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы - прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды.Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]