Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.

Жабаев Жамбыл(1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Мұнан әрі сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты жүйріктермен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл –интернационалист ақын.

3- сабақ

Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Жаңа сөздер:

өлең сөздің дүлдүлі мастер художественного слова

өсіп-өнген топырағында на родной земле.

батасын алады благославили

суырыпсалмалық өнер–импровизаторское итскусство

саяси-әлеуметтік өмір –социально-политическая сфера

ден қояды – уделяет внимание

2. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді толықтырыңыз.

Жамбыл – қазақ ----------- әйгілі ----------. Қазақстан -------------- ақынның жүз жылдығын атап өтті. Жамбыл Жабаев саяси-әлеуметтік ------------------ тарихи ----------------үлкен үмітпен ден қойды. Ақын бірнеше ордендермен --------------- .

Керекті сөздер: ақыны, халқы, халқының, өміріндегі, марапатталды, өзгерістерге.

3. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

  1. Мен Жамбыл шығармаларын сүйіп оқимын.

  2. Біздің облысымыз Жамбыл ақынның атымен аталады.

  3. Жамбыл шығармаларының бірнеше томы жарық көрді.

  4. «Сұраншы батыр» - Жамбылдың күрделі эпикалық шығармасы.

4-тапсырма. Мәтіннен есімшелерді теріп көшіріңіз.

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»).

1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]