Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

50 Елдің қатарына қосылу мақсатын орындау

жолындағы басымдылықтың бірі – осы заманғы білім,

ғылым мен инновацияны дамыту қажет» (Н.Назарбаев)

Ғылым – инновациялық экономиканың негізі

ХХI ғасыр ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерін одан әрі жақсартуды қажет етіп отыр. Дамыған елдерде инновациялық (ноу - хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85 % беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылуына кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың бірден – бір жолы – кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан әрі дамыту болып табылады.

Инновацияны түсіндіруде мынандай көзқарастар бар: Бірінші, инновацияны жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық – техникалық, экономикалық үрдіс ретінде қарастырған. (Б.Твис, Ф.Никсон, Б.Сантон т.б.) Екінші, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді. (И.Шумпетер) Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл- өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдасырушылық, қаржылық, ғылыми – зерттеу және басқа да салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады. Қорыта айтсақ, инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу. Экономикалық қатынастар жүйесінде инновацияның алатын орны зор. Себебі, инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі – бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер өндірістік дағдарысты болдырмаудың және тауарын өткізудің жолдарын іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленеді. Жаңа тауарлардың түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған кезде, шағын кәсіпорындардың икемділік қабілетін күшейту аса тиімді саналады. Қазіргі уақытта, біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту - басты сратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. (Интернеттен)

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Ғаламдық инновацияның өркендеу ғасыры, кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары, ЖІӨ өсімі, жаңа идеялар мен үрдістер, өндірісік және тасымал құралдары, өтімділігі жоғары жаңа өнім, қозғаушы тетігі, икемділік қабілеті, әлеуетін дамыту.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Ойды кеңейтіңіздер, пікірлесіңіздер.

-Кәсіпкерліктің инновациялық нарықтық құралдары дегенді қалай түсінесіздер?

-ХХI ғасыр неліктен инновацияның өркендеу ғасыры болып отыр?

-Инновация дегенді қалай түсінесіз?

-Инновациялық тәжірибені өндірісте қолданбастан, бәсекеге қабілетті тауар алу мүмкін бе?

-Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі не?

-Қандай кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады?

-Біздің еліміздің басты стратегиялық міндеттерінің бірі не?

4-тапсырма. Әр абзацқа ат қойыңыздар.

3- сабақ

1-тапсырма. Мәтіннен алған ақпараттарыңыз, түсініктеріңіз бойынша бірнеше мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Мысалы: Экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамыту үшін, өзімізде бар ғылыми – техникалық әлеуетті қолдану керек. Мемлекетіміз Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартпақ болып, білікті мамандар даярлау ісін қолға алды.

2-тапсырма. «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін не істеу керек?» деген сұраққа мәтіннен бірнеше жауап жазыңыздар.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Өндірістік дағдарыс, жолдарын іздестіру, өркендеу ғасыры, кәсіпкерлікті дамыту, инновациялық өнімдер, жаңа идеялар мен үрдістер, икемділік қабілеті.

4-тапсырма. Қазақстандық өнертапқыштардың ашқан жаңалығы туралы мәлімет дайындаңыздар.

5-тапсырма. Сөйлемнің басыңқы сыңарын тауып, мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, -------------------------------- Бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, ----------------------------------------------------Өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленбекші болып, -----------------Өндірістік дағдарысты болдырмайын деп, --------------------------------------------Кәсіпкер тауар өткізудің жолдарын қарастырғысы келіп, -------------------------

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]