Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

Тоғызыншы сабақ (1-сағат)

Лексикалық тақырып: Тәуелсіздік тұғыры

Грамматикалық тақырып: Шылау

Сөздік

Тәуелсіздік – независимость

шайқасты, күресті - воевали

бостандығы - свобода

отаршылдық - калониязаторство

нығайту - укрепить

кеңпейіл халқы – широкая душа народа

шексіз даласы – безконечный край

ұлы арман – заветная мечта

ғой, (қой)- же

кейін- потом

арқылы- через

немесе- или

бірақ- но

и- және, мен

Бізде бір ғана Отан бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан!

Н.Назарбаев

Тәуелсіздік жолында

Қазақ жерінің тарихы өте ежелден басталады. Ал қазақ халқының дербес мемлекет болуы, бұл ХV ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандар құрған Қазақ мемлекеті өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Бұдан соң да қазақ жерінде халық қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Олар елдің тәуелсіздігі үшін елін, жерін қорғап, соғыста жаумен шайқасты. Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Кенесары хандар сондай шайқастарда болды. Демек, олар болашақ ұрпақтың бақыты, үшін күресті. Қасым, Тәуке, Абылай хандар да бүкіл өмірін халқына арнады. Орыс отаршылдығы кезінде Қазақстан Ресейге бағынды. ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы Алаш қозғалысы ұйымдастырылды. Кеңес тұсындағы отаршылдыққа қарсылық 1986 жылығы Желтоқсан көтерілісінде көрінді. Бұл жастардың тәуелсіздікке ұмтылуы болатын. 1991 жылы қазақ елінің тәуелсіз болуы – сан ғасырлық күрестің жемісі. Қазақ халқы – тәуелсіздік үшін күрескен, азаттыққа лайықты халық. Оны нығайту жолында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Біздің міндетіміз – сол тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосу. Еліміздің басты байлығы – кеңпейіл халқы және шексіз даласы. Ал, ең басты құндылығы – тәуелсіздігі.

Грамматикалық нұсқа

Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады.

Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар

Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады.

Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер.

Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді.

Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау,

-мыс, түгіл, ғана, тек,

-ды, ді, ты, ті

Мектепке(неге?)дейін бірге бардық.

Мен әкеммен(кіммен?) бірге кешке(неге?) шейін жұмыс істедім.

Көпір (не?) арқылы өттік.

Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.

Мен солдатпын ғой!

Ол мектепке барды ма?

Дәмін татық-ау. Берілген тапсырманы орындапты-мыс.

Есіңде сақта!

    1. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады.

    2. Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады.

    3. Ауыл(да) (қай жерде?) бірге оқығанбыз.

    4. Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр.

    5. Телехабарда ән(де), жыр(да), кино(да) кезектесіп жүріп жатады

    6. Ма, ме, ба, бе, па, пе – етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.

    7. Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.

    8. -ау, -ай,-ақ, -ды, -ді шылаулары дефис арқылы жазылады7

    9. Ол көргенін айтқан-ды. (сондай-ақ, көрген-ау, берген-ақ)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

2-тапсырма. «Отан» сөзін айтқанда ойыңызға оралатын ұғымдарды атаңы

Group 3

3-тапсырма. Төмендегі тәуелсіздік шежіресін жаттап алыңыздар.

  • 1991 жылғы 25 қазанда Қазақстан егемендік жөнінде декларация қабылдады.

  • 1991 жылғы 16 желтоқсанды Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.

  • 1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Осы айда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін бекітті

  • 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілі.

  • 1994 жылы Қазақстанның мемлекеттік марапаттары бекітілді.

  • 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

  • 1997 жылғы 11 шілдеде Тілдер туралы заң қабылданды.

  • 1998 жылғы қарашада мемлекет астанасы Ақмола қаласына көшті.

  • 2010 жылғы желтоқсанда Астанада Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымының саммиті өткізілді.

  • 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларында VII қысқы Азия ойындары Астана, Алматы қалаларында өткізілді.

4-тапсырма. «Дыбыстар сөйлейді» ойыны. Берілген әріптерге Қазақстанға, тәуелсіздікке байланысты сөздер айтқызу.

А– тамекен

З –

А –

Т –

Т –

Ы –

Қ –

5-тапсырма. Төмендегі сөздерді бір-бірімен сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрастырыңыз.

өте Азияда

қамын президент

мемелекеттің жаумен ұрпақтың шайқасты

болашақ халқы

тұңғыш ойлаған

біздің өкілдері

кеңпейіл тәуелсіздігі

ұлт міндетіміз

ғарышқа ежелден

қысқы самғады

6-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

1. Қазақ / басталады/ өте /тарихы /ежелден/ жерінің.

2. Қазақ / арқасында /тәуелсіздігіне / осындай / халқы / жанын /үшін/ елі ұлдарының/ қиятын/ жетті.

3. БҰҰ-на/ айында/ жылы/ Қазақстан/ болды/ маусым/ мүше/1992.

4. 1998/ Ақмола/ мемелекет /жылы / көшті /қаласына/ астанасы.

5. Қазақстан Республикасының / сіңірді / тәуелсіздікті / үшін /нығайту / Н.Назарбаев / тұңғыш президенті / үлкен еңбек.

6. Тәуелсіздік / сондықтан / қымбат / әрбір азаматқа / болуы тиіс.

7. Ең басты байлығы / – кеңпейіл /халқы / еліміздің / және / шексіз/ даласы.

8. Конституциясы, / Елтаңбасы, /Туы және Гимні / Тәуелсіз /еліміздің / бар.

9. Отанын қорғау, / рәміздерін / мемлекеттік / білу, / құрметтеу – азаматтың / парызы /әрбір.

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңыз.

  • Сабақта Қазақстан ...... оның тәуелсіздігі ....... әңгіме болды.

  • Тәуелсіздік желтоқсан көтерілісінен ...... келді

  • Сенің отаның Қазақстан .....?

  • Студент сен ...., мен ....?

  • Шіркін-..., керемет деген осындай болады екен!

  • Тәуелсіздікке елі .... жанын қиятын ұлдарының арқасында жетті.

  • Соңғы көтеріліс 1986 жылға .... тәуелсіздік жолында қаншама көтерілістер болған.

  • Мен Ресейде туылғанмын, ..... Қазақстанда тұрамын.

  • Тәуелсіздікке оңай қол жеткізген жоқпыз, ..... оны берік қолда ұстап тұру парызымыз.

  • «Абай жолын» оқыған .... оқи бергің келеді.

8-тапсырма. Септеулік шылауларды семантикалық картаға толтырыңыз.

Мысалдар

Атау септік

Барыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

1

арқылы

+

2

таман

3

әрі

4

кейін

5

бірге

6

жөнінде

7

қатар

8

кейін

9

сайын

10

гөрі

11

үшін

12

қабат

9-тапсырма. Сызбаны толықтырыңыз .

ШПрямая соединительная линия 5Прямая соединительная линия 7Прямая соединительная линия 6ылаудың түрлері

Прямоугольник 2Прямоугольник 3Прямоугольник 4

10–тапсырма. Берілген шылаулармен «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбына сай сөйлемдер құраңыз.

арқылы, үшін, дейін, немесе, ма, бе, қабат, дегенмен, алайда, сияқты, бірақ, себебі, ғана, соң.

11–тапсырма. Сызбаны толықтырыңыз

Септеулік шылау

Демеулік шылау

Жалғаулық шылау

Сабақты пысықтау сұрақтары:
  1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

  2. Қазақ хандығы қай уақытта құрылды?

  3. Қазақ хандығын құрған хандар туралы не білесің?

  4. Қазақ хандығының өркендеуіне үлес қосқан қандай хандарды білесің?

  5. ХХ ғасыр басында отаршылдыққа қарсы ұйымдастырылған қандай қозғалыс?

  6. Алаш қозғалысына қатысқан қандай қайраткерлерді білесің?

  7. 1986 жылы жастардың отаршылдыққа қарсы шыққан көтерілісі қалай аталды?

  8. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

  9. Қазақстанды нығайту жолында үлкен еңбек сіңірген, тұңғыш Елбасы кім?

  10. Қазақ халқының ең басты құндылығы не деп ойлайсың?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]