Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

Қазақстан – әлемдік кеңістікте

1-тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Тәуелсіздігі,бақыты, мемлекетіміздің, халқымыздың. Және, бағытта, еліміз, қалыптасып, баянды, келе жатыр, дұрыс. Сүрінбей, өткелінен, тарих, халқымыз, өтті, талай, пен, тағдырдың. Мақтан, қазақ, желбіреген, көк, елін, етеді, байрағы, халқы, тәуелсіз. Елбасының, биік, саясатын, әлем, бүгінде, табанды, парасатын, мойындайды, беделін, дара. Кемелді, уақытта, айналды, Қазақстан, тәуелсіз, қазіргі, мемлекетке. Барлық, дені сау, үшін, міндеттерді, біз, орындау, мықты, керек, білімді, және, блуымыз, ел.

2-тапсырма. Мәтін бойынша шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер арқылы сұхбат құрастырыңыздар.

Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз. Сонымен қатар әрбір адамның жеке басының қадір – қасиеті мен әл – ауқатын арттыра алмаймыз. Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтынымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, біздің еліміздің мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл – ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын. (Елбасы Жолдауынан)

Бөж тапсырмалары

1. Мына мақал – мәтелдегі ойды ашып жазыңыздар.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. Қазақстан және әлемдік ұйымдар жайлы әңгімелеңіз.

Сабақ бойынша алған ақпараттарды пайдалана отырып, «Қазақстан - әлемдік кеңістікте» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

XII АПТА

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

1-сабақ

Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас –құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.(Т.Абдрахманова) Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, сөйлем түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас) Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Тәуелсіздік - ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен, өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

2-тапсырма. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

Қазақ халқы бостандыққа ұмтылып қана қоймай өзінің асқақ армандарына жетті. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмесе де бұл күн - біз үшін ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Халқымыз өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығын пайдалана отырып қилы кезеңді бастан кешу арқылы тәуелсіздікке қол жеткізді.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша төмендегі сұхбатты толықтырыңыздар.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның өз жарқын бейнелері пайда болды.

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар.

Әділ: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қандай істер атқарылды?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Біздің дербес мемлекет екендігімізді білдіретін қандай рәміздерімізді білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ата заңымыз туралы не білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ал ұлттық валютамыз туралы не айта аласың?

Айша: ---------------------------------------------------------------------------- .

Әділ: Астана Алматыдан қашан көшірілді? Астананы ресми түрде таныстыру рәсімі қашан болды?

Айша:------------------------------------------------------------------------------ .

5-тапсырма. Сөйлемнің басыңқы сыңарларын тауып, сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізе отырып, өз шекарасын халықаралық шарттарға сай бекітті.

2-САБАҚ

Мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем (Сложноподчиненные предложения с придаточными времени)

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас. Сұрақтары: қашан? қашаннан бері? қашанға шейін? а) –ған/ген + сайын, соң, шақта, кезде; шейін, дейін; кейін бері, былай. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзінің Негізг Заңын қабылдады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, оның ұлттық валютасы болған емес. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.

ә) –ған/ген; -ар/ер + жатыс септігі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда, мен он жаста едім.

Сөздік жұмысын жүргізіңіздер

Биліктің бүкіл тармақтары –

Мемлекеттіліктің қалыптасуы –

Сөз бен баспасөз бостандығы -

Сайлау және сайлану құқығы -

Мызғымас құндылықтар –

Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе –

Бірегей халықшаруашылық кешені –

Күйреу – разрушаться

Алапат дағдарыс – угрожающий кризис

Ауқымды шаралар –большие (масштабные) меры

Жандану –оживать

Зейнетақы жинақтау жүйесі – пенсионно –накопительная система

Бәсекеге қабілетті –конкурентноспособный

Қолайлы ахуал –удобная (благоприятная) обстановка

Қарқынды экономикалық ынтымақтасу –интенсивное экономическое сближение

Игі ықпал етті – лучше повлиял, воздействовал

1-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтіндегі сөйлемдерді түріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас)

Тәуелсіз Қазақстанның дамуы

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды.

1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленді. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. (интернеттен)

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ...... . Конституциялық құрылыс процесі ...... . Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары конституциялық нормаларға ...... . Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе ...... . Бірегей халық шаруашылық кешені ...... . Қазақстан экономикасы алапат дағдарысқа ...... . Аса ауқымды шаралар ...... . Елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдары ...... . Елде микроэкономикалық тұрақтылық ...... . Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы ...... . Экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі ...... . Қолайлы инвестициялық ахуал ...... .

Қажетті етістіктер : белгіленді, айқындалды, қалыптасты, құрылды, тап болды, бұзылды, ықпал етті, жүзеге асты, күйреді, айналды, іске асырылды, орын алды,.

3 – тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Қазақстан Республикасының дамуында мына мәселелер Н.Ә. Назарбаев есімімен тығыз байланысты: ------------------------------------------------------------- Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асырылып, ------------------------------------------------------------------------------------Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары мыналар:-------------------------- Кеңестік өкімшіл - жоспарлы әкімшілік жүйе мен бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін Қазақстан экономикасы ----------------------------- Қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған -------------------------------- . 1992 жылдың басында Н.Ә.Назарбаев елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындауға арналған --------------------------------------------- . Елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға --------------------------------------------------------- .

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

3-cабақ

1-тапсырма. Өлеңді оқып, мазмұнын өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.

Есте сақтаңыздар : Кенен - кең, дархан; өте бай, мол, түрлену –құлпыру, қарыштау – ілгері басу, көсем- белгілі бір әлеуметтік таптың идеялық, саяси жетекшісі, дем берушісі, өркенін өсіру –мәртебесін өсіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]