Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

VII апта

қАЗАҚСТАННЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ

1-сабақ

Ойлан, тап.

Бірінші әріп тілде бар, әдебиетте жоқ.

Екінші әріп туда бар, жалауда жоқ.

Үшінші әріп қарда бар, жаңбырда жоқ.

Төртінші әріп дүниеде бар, аспанда жоқ.

Бесінші әріп қобызда бар, домбырада жоқ.

Алтыншы әріп «М» әрпі ақырғысы,

Жұмбақ шешкен студенттің ақылдысы.

Ойталқы

1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

  1. Саяхат деген не?

  2. Саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?

  3. Саяхатқа кімдермен шығасыз?

  4. Саяхаттан саяттың айырмашылығы бар ма?

  5. Қазақстанда саяхатқа байланысты қандай журнал шығарылады?

2.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.

етене,

абыз күндер,

әлемдік, б.э.д.,

орта ғасыр,

ерте заман,

адал ниет,

үлес, елеулі,

ықпал ету,

кеңістік үңілу, ұлғаю, мыңжылдық, ежелгі.

3.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Қазақтар ішкі Қытайға көшіп барып, қытайлармен ______________________араласып кетті.

  2. Құнды қағаздан түсетін жылдық ______________ 11 пайыз.

  3. Бұл айтылғандар __________________________ тарихна-маға кірген.

  4. Салтанаттың үйі бізге _____________________________.

  5. Бүгін қар ________________________________ жауды.

  6. Бүгінгі кештен студенттер жақсы ________________ алды.

Керекті сөздер: қоян-қолтық, жақын, молынан, бұрынғы заман, таза пейіл, дүние жүзі, айтулы, табыс, әсер, қарау, өсу, кіру

2-сабақ

Оқыңыз.

Туризмнің даму тарихы

Туризм - қоғамдық, шаруашылық, кеңістік қатынас. Туризм тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Біз туризмнің даму кезеңін үшке бөлеміз:

І. ХVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм;

а) ерте заманғы туризм;

ә) жаңадан пайда болған туризм және орта ғасырлар уақытындағы туризм;

б) ХVII-ХVIII ғғ. туризм.

II. ХІХ-ХХ ғғ. туризм – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі;

III. Қазіргі туризм.

Туризм – туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды. Алғашқы діни саяхаттар б.э.д. төртінші мыңжылдықта жүргізілді. Ежелгі Египетте басталды. Б.э.д. 1501-1484 жылдары Египет ханшасы Хатшеспуттың ұйымдасты-руымен Пунт деген теңіз аралына саяхат жасалды. Ал б.э.д. VІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.

Туризмнің алғашқы қадамдары ХVII-ХVIII ғасырларда бас-талды. Ең бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.

1882 жылы ең алғашқы әлемдік «Куктың жер шарын айналған» саяхаты болды. Ол темір жол және пароход компанияларымен, қонақ үй және мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік «тур» деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады.

Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVIII ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

  • Тапсырмалар:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып, үсініңіздер.

  2. Мәтінге жоспар құрыңыздар.

  3. Өздеріңіз білетін туризм туралы мәліметтерді айтыңыздар.

  4. Мәтін бойынша сұхбат құрыңыздар.

  5. Мәтіндегі сан есімдердің жазылуына мән беріңіздер.

  1. Төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.

  1. Туризмнің алғашқы қадамдары қай ғасырда басталды?

  2. Ең бірінші туристік саяхат қай жерде пайда болған?

  3. 1841 жылы темір жол саяхатын жасаған кім, қай жерге?

  4. Туризм менеджері атанған кім?

5. Сөйлемді жалғастырыңыз.

1882 жылы ең алғашқы әлемдік … . Біз туризмнің … . Б.э.д. VІ ғасырда египеттік … . ХVIII ғасырдың аяғында … . Туризмнен түсетін … . 1841 жылы Томас Кук … . Туризмнің алғашқы қадамдары … .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]