Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

6.5 Қаланың құрылыс салудағы тұрғын

үйлерінің типтері

Осы тарауда Астана құрылыс салуында пайдалануы мүмкін тұрғын үйлердің негізгі сипатта­малары келтірілген.

6.5.1 Тұрғын құрылыста тұрғын имараттарды қабаттардың саны бойынша топтастыру қабыл­данған:

- аз қабатты (1-3 қабат);

- қабаттылығы орташа (5 қабатқа дейін);

- көп қабатты (6 және одан көп қабат);

- қабаттылығы жоғарылатылған (10-25 қабат);

- зәулім (25 қабаттан артық).

6.5.2 Аз қабатты тұрғын құрылыс - бұл, ереже бойынша, пәтерлердің жер учаскелерімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жердің жайғастыру белгісінен есептегенде 112 м-ге дейінгі биіктігі­мен тұрғын ғимараттар салынған тұрғын құрылыс.

Қалақұрылыстық сипаты бойынша ол жоғары тығызды, төмен тығызды, сызықты және мекенді құрылысты болжайды.

6.5.3 Көп қабатты құрылыс салу - бұл қала және қала типіндегі кендерін құрылыс салу кезіндегі ғимараттардың негізгі типі. әкімшілік мақсатына және қалалық қоныстанғандығына байланысты тұрғын ғимараттардың шекті қабаттылығы әртүрлі. Ірі респуб­ликалық орталықтарда, жекелеп алғанда ол тұрғын ғимараттары үшін 25...30 қабатқа дейін құрау мүмкін.

Қала құрылыстық сипаты бойынша көп қа­бат­ты құрылыс салу жоғары тығызды, төмен тығызды, сызықты, нүктелі және негізінде қабаттылығы жоға­ры­латылған ғимараттардан қалыптастыры­ла­тын, акцентті болуы мүмкін

6.5.4 Тұрғын ғимараттар үйлердің келесі типтері бойынша жіктеледі:

- үй-жайлық типті бір пәтерлі тұрғын үй, оның жайғастыру пішіні құрылыс салуға бөлінген учас­кенің өлшеміне және композициялық түпкі ойына байланысты сыртқы қабырғалары кішігірім тікбұрыш­тыдан күрделі қисықсызықты пішіндерге дейін әртүрлі және учаскенің бөлінбейтін минималды ауданы 1000 м2 бір отбасының тұруына арналған болуы мүмкін.

- блокталған тұрғын үйдің оны блоктаудың әр түрлі мүмкіндігімен, осы үйдің әрбір пәтерінен үй маңы (пәтер) учаскесіне тікелей шығатын жолы болуымен ерекшеленеді;

- бірсекциялы тұрғын үй - бір баспалдақты не­месе баспалдақты-лифтті түйінді және конфигурация­сы әр түрлі жинақы жоспарлы ғимарат түрі.

- көпсекциялы тұрғын үй - блок-сек­ция­ла­рынан (қатарлы, шет жақты, бұрышты, бұрылысты) қалып­тасқан және пәтерлердің әр түрлі номен­кла­ту­расын қарастыратын ғимарат түрі.

7 Өндірістік аймақтар

7.1 Жалпы ережелер

7.1.1 Өндірістік аймақтар өндірістік имараттарды және олармен байланысқан қосалқы және қызмет көрсету объектілерін, ғылыми-өндірістік, коммерция­лық-іскерлік, кәсіптік, коммуналды-қоймалы, сондай-ақ энергетика объектілерін, ірі автокөліктік, теміржол және инженерлік кешендерін орналастыруға арналған және өндірістік құрылыс учаскелері және өндірістік кластерлері түрінде қалыптасады.

7.1.2 Өндірістік аймақтың қайта құрылымдауы және дамуы Астана қаласы аумақтарының эко­ло­гиялық қауіпсіздігі бойынша, аумақтардың көлемі және пайдалану қарқындылығы қала құрылыстық шарт­тарына, еңбек, инженерлік, көліктік ре­сур­ста­ры­ның баршылығына және басқа факторлаға сәй­кес жұргізіледі. Өндірістік объектілердің жобалауы ҚНжЕ II 89-80* сәйкес жүргізілуі тиіс.

Өндірістік аймақтың дамуы қолданыстағы өндірістік аумақтарды пайдалану тиімділігін келесі жолмен қарастырады:

- жаңа құрылыс салу;

- қайтақұрылымдау;

- қоршаған ортаға зиянды әсер тигізетін қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарын бөлшектеп немесе толық қайта салаландыру;

- қызметтік мақсаттары бойынша аумақты аймақтандыру;

- табиғаттф қорғау шараларын ұйымдастыру;

- қызметтік кластерлердің технологиялық өзара байланысын қамтамасыз ету;

- қаланың және қала маңайындағы қоныстану аумағының негізгі қызметтік аймақтарымен тиімді көліктік байланысын ұйымдастыру.

7.1.3 Өндірістік аймақтың құрамында зиян­ды­лық класы I, II және одан төмен кәсіпорындары бар келесі өндірістік кластерлерді қарастырады:

- өндірістік кластер (тамақ және жеңіл өнеркәсібі, құрал жасау, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру т.б.);

- ғылыми-өндірістік кластер (Ғылыми-зерттеулік институттар, тәжірибе-эксперименталды және техноло­гия­лық қызметкөрсету цехтарымен технопарктар, басы­лым-типографиялық бөлімі бар ақпараттық орталықтар т. б.);

- коммуналды-қоймалық кластер (ЖЭО, станция­лар, аэрациялар, қосалқы электр станциялары, газтаратқыш түйіндер және қалалық инженерлік инфрақұрылымының басқа имараттары, қойма има­раттары, аумақты механикалық жинау машинала­ры­ның тұрақтары, зираттар) және басқа қажетті аумақтар.

7.1.4 Қала халқын тіршілік қаматамасыздығы­мен, тікелей ғылыми сферасымен қызмет көрсеті­летін, қазіргі жоғары технологиялық ғылымы ма­ңыз­ды өндірістерін енгізумен, сондай-ақ кіші кәсіпкерлік өнімінің өндірісін де қарастыратын сервис сфера­сымен байланысты өнеркәсіп салалары басымды дамуды алу тиіс.

7.1.5 Өндірістік аумақтардың шекараларын қала құрыылыс құжаттамасы негізінде кәсіпорында­ры және басқа объектілері үшін талап етілетін сани­тарлық-қорғау аймақтарын ескеруімен, аумақты максималды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп белгілеу керек.

7.1.6 Өндірістік аймақтары және кәсіпорын­дар­дың санитарлық-гигиеналық аймақтары шегінде тұр­ғын ғимараттарды, мектеп алды және жалпы білім беру мекемелерді, денсаулық сақтау және демалыс меке­мелерді, спорттық имараттарды, өндіріске қызмет көрсетумен байланысты емес басқа тұрғын ғимарат­тарды, сондай-ақ саябақ-саяжай құрылысты орналас­ты­руға жол беріледі.Санитарлық-қорғау аймақтардың аумағы рекреациялық мақсатта және ауылшаруа­шылық өнімін өндіру үшін пайдаланбау тиіс.

7.1.7 Қоғамдық және тұрғын аймақтардың аумақта­рында төменде көрсетілгендей өндірістік объектілердің орналасуына жол берілмейді:

- оларда орналасқан зияндылық класы бойынша өзінің қызме­тімен тұрғын және қоғамдық аймақтардың эколо­гиялық қауіпсіздігін бұзатын немесе бұзуы мүмкін өндірістерді;

- жұмыс істейтін жұмысшылардың саны бойынша көпқызметтік және арнайы қоғамдық орталықтардың тұрғын аумақтарының қызметіне қайшы келетін;

- аумақтардың көлемі бойынша тұрғын және қоғамдық аймақтардың қызметтік-жайғасымдық ұйымдастырылуын бұзатын;

Өндірістік қызметтегі объектілердің өндірістік кластерлер бойынша орналасуы технологиялық және қызметтік өзара әрекеттесулерді, олардың қоршаған ортаға кері әсер ету деңгейін және өндірістік аймақтың шектелуіне әсер ететін басқа да факторлар немесе шартты таза және шартты лас өндірістерді орналастыруға арналған аумаққа өндірістік аймақшаны шектеуді ескереді.

Таза өндірістер (фармацептикалық, ет-сүт өнеркәсібі кәсіпорындары, электронды техниканы өндіру және жинау эәне басқалары), шартты лас өнідірістер (жылу энергетикасы және құрылыс индустриясы кәсіпорындары, гальваникалық және құю цехтары).

7.1.8 Тұрғын, аралас тұрғын құрылыс учаскелерінде экологиялық қауіпсіз, ауданы 200 м2-тан артық, жапсарлас немесе өндірістік аумақсыз үйдің бөлігінде орналасатын, өндірістік кәсіп­орындар орналасуы мүмкін.

Қаладағы өндірістік аумақтардың орналасуы­ның шектеулері 7.1-кестеде келтірілген.

Өндірістік аумақтарды орналастыру шарттары 7.2-кестеде келтірілген.

7.1.9 Тұрғын және қоғамдық аймақтар құра­мын­да орналастыруға жол берілмейтін, зиян­ды­лы­ғы III және IV класты өндірістері бар өндірістік аумақ­тар­дың учаскелерін өндірістік аймақтар құрамында орналастыру керек.

7.1.10 Санитарлық-қорғау аймақтарының (әрі қарай СҚА) ұйымдастырылуы санитарлық норма­ларға сәйкес іске асырылады.

СҚА шегінде, өніміне шығарындылармен және жағымсыс физикалық фак­тор­лармен негативті әсеті тию мүмкін кәсіпорындар учаскелерін орналас­тыруға жол берілмейді.

Өндірістік аумағының аймағында орналасқан СҚА объетілерін (өнеркәсіп кәсіпорындары) санитарлық эпидемиологиялық бақылау (СЭБ) органдарының келісуімен анықталады, бірақ өндірістік аймақтың шекараларынан 50 м-ден артық емес шықпауы тиіс. СҚА әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі қолданыстағы санитарлық нормалармен белгіленеді.

7.1.11 Өндірістік аумақтарды басқа қызметтік мақсаттағы аумақтарға жанасуын ескерумен түрлендіру керек:

- өндірістік аймақтардың қоғамдық аумақтарға жанасу жерінде өндірістік аумақтардың қоғамдық-әкімшілік («зауыт алдындағы» ҚНжЕ II-89-80* терми­но­логиясы бойынша) бөліктерін, оларды қоғамдық орталықтардың және аймақтардың қалыптасуына қосып орналастыру керек;

- тұрғын аумақтармен жанасу жолағында өндірістік учаскенің шекараларын тұйық дуалмен қоршау керек емес, СҚА құрамына кіретін жанасу жолақтарын тұрғын ауданның коммуналдық объек­тілерін, әр түрлі типті көпқабатты гараж-тұрақтарын, жасыл екпелерді орналастыру үшін пайдалану ұсынылады.

- өндірістік аумақтардың магистраль ма­ңы алқабында қалалық ортамен, үлкен қой­малық аудандар талап ететін, ірігабаритті кірістерді, бұ­рылыс алаңшаларын талап ететін сауда және қызметкөрсету кәсіпорындары бар аралас өн­ді­ріс­тік-қоғамдық құрылыс салумен қамтылған жинақы құрылыс салу учаскелерін орналастыру керек.

Магистраль маңы алқабында өндірістік құрылыстың 20%-ына дейінгі көлемінен жерүсті бөлігін жер асты деңгейде орналастыру керек: (су құбырын, канализация апат қызмет­терін, аумақты механикалық жинау кіші габаритті машиналары үшін жөндеу учаскелері мен тұрақтар).

7.1.12 Қалалық аумақтардың көліктік ұйымдастыру шарттары олардың қайта ұйымдастырылуы және келешекте кеңеюі кезінде өндірістік аумақтардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс.

7.1.13 Жүк көлігі саласында қа­жетті және жеткілікті шарттар: болып табылады:

- аз жүк алмасуы бар өндірістік аумақтың учаскесі үшін - тәулігіне 2 автомашина немесе жылына 40 тоннаға дейін - аудандық мақсаттағы көшеге жанасу және шығу;

- жүк алмасуы тәулігіне 40 машина немесе жыл ішінде 100 мың тоннаға дейінгі учаскелер үшін - қалалық магистральға жанасу және шығу;

- жүк алмасуы тәулігіне 40 машинадан немесе жыл ішінде 100 мың тоннадан артық учаскелер үшін - теміржол магистраліне жанасу және шығу және қалалық магистральға шығу (өнеркәсіптік аймақтың арнайы ішкі көшелерімен).

7.1.14 Жұмыс істеушілер саны 50 адамнан ас­пай­тын өндірістік аумақтар, қоғамдық көлікпен қыз­мет көрсетілетін кезкелген аумақтарда санитарлық нормаларды сақтаумен орналастырылуы мүмкін.

Жолаушылар көлігі саласында қажетті және жеткілікті шарттар:

- жұмыс істеушілер саны 50-ден 500 адамға дейінгі өндірістік аумақтар үшін - аудандық мақсаттағы көшеге жанасу;

- жұмыс істеушілер саны 500 адамнан асатын өн­дірістік аумақтар үшін - қалалық магистральға жанасу болып табылады.

7.1 к е с т е - Өндірістік учаскелер мен аймақтардың орналасуына шектеулер

Қала аумақтары

Орталық аудан

Қалалық түйін

Магистраль маңайындағы аумақтар

Магистраль аралық аумақтар

500 га дейін

500 -1000 га

>1000 га

Аумақ өлшемі, га.

барлық аумақтарда 0,5-ке дейін

-

-

-

0,5-5,0

-

-

-

-

5,0-25,0

-

-

-

-

-

25,0-50,0

Құрылыс салу тығыздығы

мың м2/га

20-30

-

-

-

-

10-20

-

-

-

-

-

10

7.2 к е с т е - Қала құрылыстық нормалау объектілерінде өндірістік аумақтарды орналастыру шарттары

Қала құрылыстық нормалау объектілері

Ықшамаудан

Көпқызметтік орталық

Арнайы бағыт­тағы орталық

Қоғамдық аймақ

Тұрғын аудан

Өндірістік

аймақ

Аумақ өлшемі,

га.

0,5-ке дейін

-

-

-

0,5-5.0

-

-

-

-

-

5,0-200,0

Кәсіпорындардың зияндылық класы

V

-

-

-

-

-

IV

-

-

-

-

-

III

Іскерлер саны,

мың адам

0,05-ке дейін

-

0,05-0,5

-

-

-

0,5-5,0

-

-

-

-

-

5-тен артық

7.1.15 Жұмыс істеушілерге арналған объект ма­ңы тұрақтары, максималды ауысымда 1000 жұмыс істеушіге 170 автомашина есебінде қарастырылуы тиіс.

Жұмыс істеушілер саны 500 адамнан асатын жағдайда жерүсті деңгейде 25 %-дан аспайтын есептік машина орындарын орналастыруға жол беріледі.

Өндірістік имараттар үшін объект маңы тұрақ­тары зауыт алдындағы аумақта орналасуы тиіс.

7.1.16 Инженерлік қамтамасыз етудің басты көзде­рінен өндірістік аумақтардың алыстығы инженерлік коммуникациялардың (су құбырлары, газ-, мұнай-, су-, өнімөткізгіштері) ұзындығына тұтынылатын ресурстардың мөлшеріне қарай есебі бойынша қабылданады.

Төменде келтірілген жылутұтынушылығымен өндірістік аумақтарына дейінгі ЖЭО немесе қуаттылығы 1000 гкал/сағ артық жылу магистраль­дан арақашықықты қабылдау керек:

- 5-тен 20 гкал/сағ -10 км-ден артық емес,

- 20 гкал/сағ артық - 5 км-ден артық емес.

Сумен жабдықтау көздерінен: су құбыры түйінінен немесе қуаты 200 мың.м3/тәулік станция­ларынан немесе қуаты 100 мың.м3/тәулік кәсіп­орындық су құбырынан төменде келтірілген сутұты­нушылығымен өндірістік аумақтарына дейін ара­қашықтықты қабылдау керек:

- 5-тен 20 мың.м3/тәулік дейін -10 км-ден артық емес,

- 20 мың.м3/тәулік артық - 5 км-ден артық емес.

7.1.17 Жұмыс істеушілер саны 2,5 мың адамға дейінгі, өлшемі 5 га дейінгі өндірістік аумақтарды көгал­дан­дыру үчаскелерінің ауданы 1 жұмысшыға 3 м2 есебімен анықталады.

Магистраль маңы аумақтарында және қалалық түйіндерде осы көрсеткіш 1 м2 дейін қысқартылуы және ғимарат ішінде «қысқы» бақтарды құру есебінен толтырылуы мүмкін.

Жұмыс істеушілер саны 2,5 мың адамнан артық және (немесе) өлшемі 5 га артық аумақ үшін көгалдан­дырылатын үчаскелер ауданы өндірістік аумақтың 10 %-ынан кем емесін құрауы керек.

Санитарлық-қорғау орман екпелерін орнату кезінде жекелеген өндірістік объектілерінің арасында ағаштарды ғимараттар мен имарат­тардан 5 м жақын орналастыру керек.

7.1.18 Зираттарды жобалау және олардың Санитарлық-эпидемиологиялық аймақтарын ұйым­дастыру ҚР ҚБҚ 1.04-05-2003 талаптарына сәйкес және зираттарды жобалау және күтуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескеріп орындау керек.

Жасыл көшеттер көлемі (ағаштар мен бұталар) зират көлемінің 20 %-ынан кем болмауы тиіс.