Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

14 Инженерлік қамтамасыз ету

Астана қаласы құрылыстарын инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін қаланы дамытудың бас жоспары және қала шаруашылығының инженерлік инфрақұрылымын дамытудың бас сұлбалары негізінде әзірлеу керек.

Сумен қамтамасыз етудің, канализациялар-дың, жаңбыр канализациясының, суды төмен­детудің, жылумен қамтамасыз етудің, газбен қамтамасыз етудің, электрмен қамтамасыз етудің және байланыстың жаңа және қайта қалпына келтірілген жүйелерін қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып жобалау керек.

Есептік көрсеткіштер мен ережелер тұтастай қалаға да, оның әр түрлі аудандары үшін де келітірілген. Жеке көрсеткіштер салынатын құрылыстардың аумақта­рына байланысты дәлденуі мүмкін.

14.1 Сумен қамтамасыз ету

14.1.1 Астана қаласының аумақтарындағы тұрғын үй-азаматтық және өндірістік мақсаттағы барлық объектілер сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйелерімен қамтама­сыз етілуі тиіс және ауыз суларын ұтымды пайдалану және су шығыны мен судың нәтижесіз шығынын барынша қысқарту шараларын ескере отырып, ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001, ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006-ның талаптарына сәйкес жобалануы керек.

Кәсіпорын­дардың техникалық қажеттілігіне ауыз суды қала­лық су құбырларынан беруге тек техникалық-эконо­микалық негіздеменің негізінде ғана жол беріледі.

Жеке құрылыстарды, соның ішінде бір пәтерлі тұрғын үйлерді (аз қабатты құрылыстарды) жобалау­да ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006, ҚР ЕЖ 4.02-16-2005 және ҚР ҚНжЕ 3.02-27-2004-ті басшылыққа алу керек.

14.1.2 Қаланың есептік орташа тәуліктік су тұтынуын шаруашылықтық-тұрмыстық қажеттілік­терге және кәсіпорындардың қажеттіліктеріне кеткен су шығындарының жиынтығы ретінде анық­тау керек. Шаруашылықтық-тұрмыстық қа­жеттіліктерге кеткен су шығыны тәуліктегі (Астана бойынша орташа алынған) 428,0 л/адамға тең болатын 2030 жылға дейінгі су тұтынудың салыстырмалы шамасына сәйкес анықталуы керек.

Салыстырмалы су тұтыну 14.1.1-кестеде келтірілген шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге және кәсіпорындардың қажеттіліктеріне жұмсалған судың барлық шығындарын есепке алады.

Әртүрлі санатты тұтынушылардың жеке объектілері бойынша судың шығыны ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006-ның 3-қосымшасы бойынша анықталуы керек.

14.1.3 Қаланың жеке құрылымдық-жайғасым­дау бөліктері бойынша сумен қамту жүйелерін жобалау кезінде 14.1.2-кестеде келтірілген көр­сеткіштерді басшылыққа алу керек.

14.1.4 Өрт сөндіру шарттарына қатысты сақиналық суөткізгіш тораптардың минималды диаметрі ғимараттардағы өртті сөндіруге жұмсалған судың есептік шығындарына сүйене отырып алынған есебі бойынша ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 және ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006-ға сәйкес қабылданады.

Өрт сөндіргіш гидранттар өрт сөндіргіш өткелдер бойындағы су құбырлары тораптарына нормативтік есептерге сәйкес орналастырылуы тиіс.

Су құбырлары тораптарына өрт сөндіргіш гидрант­тарды орналастыру осы желі қызмет кеөрсететін кез келген ғимаратта, имаратта немесе оның бір бөлігінде болатын өртті сыртқы өрт сөндіруге кеткен судың шығыны 15 л/с және астам болған кезінде кем дегенде екі гидранттан және су шығыны 15 л/с кем болғанда қатты жабыны бар жолдар бойына жеңдік желілердің ұзындығын ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-дің 9.30-тармақшасында белгіленгеннен аспайтындай етіп жүргізілуін ескеріп бір гидранттан сөндіруді қамтамасыз етуі керек.

Өртке қарсы мақсатттарға арналған сумен қамтамасыз етудің көздері ретінде тораптан өрт сөндіруді қаматамасыз ету мүмкіндігі болмағанда, ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 және ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006-ға сәйкес судың өртке қарсы көлемін сақтауға есептелген ыдыстарды пайдалану керек.

14.1.5 Ғимараттардың әрқайсысына ҚР ҚНжЕ4.01-41-2006-ға сәйкес су шығынын есептейтін жеке түйіндерді орналастыруды қарастыру қажет.

14.1.6 Суды жеткізу және суөткізгіш торап­тарына арналған құбыр­лардың материалын және беріктік класын таңдауды статикалық есептеу топырақтың және жеткізілетін судың жегілігі, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-ге сәйкес құбыр жүргізу жұмыстарының шарттары мен судың сапасына қойылатын талаптары негізінде қабылдану керек.

14.1.7 Су құбырлары тораптарында көбінесе ысырмалары бар арматураның құдықтық құрылғысын қарастыру керек.

14.1.8 Су құбырларының сыртқы тораптарын, ереже бойынша, жер астынан жүргізу керек, негіздемелері болған жағдайда жеңілтұтанантын және жанғыш сұйықтар мен жанғыш газдарды тасымалдайтын құбырлардан басқаларын басқа коммуникациялармен бірге туннельдерде жүргізуге жол беріледі.

Арнайы өтпелі каналдарда су құбырларын транзитті түрде жүргізуге жол беріледі.

Жаңа және қайта қалпына келтірілетін су құбырлары тораптарын жүргізу кезінде құбыр­лардың ажыратылатын учаскелері бөлшектеледі немесе барлық ұзындығы бойына тығындалады.

14.1.1 к е с т е - Тұтынушылардың санаттары бойынша судың шығыны

Тұтынушылардың санаттары

Астана қаласының 1 тұрғынына арналған

салыстырмалы сутұтынудың тәуліктегі адамға шаққандағы

литр есептік шамасы

1 Тұрғын ғимараттар, соның ішінде мейрамханалар және жатақханалар

225,0

2 Мекемелер және ұйымдар ғимараттары

44,0

3 Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары

55,0

4 Тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары

40,0

5 Денсаулық сақтау мекемелері

10,0

6 Білім беру мекемелері

22,0

7 Спорттық мекемелер

23,0

8 Мәдениет мекемелері

7,0

9 Басқа есептелмеген шығындар (Мемлекетаралық орталықтар, уақытша тұрғындар және т. б.)

24,0

СУДЫҢ ЖАЛПЫ ШЫҒЫНЫ

428,0

Ескерту - Көшелерге және көшеттерге су құюға жұмсалатын шығындарды ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-ге сәйкес алу керек.

14.1.2 кесте - Жайғастыру элементтерінің сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Қала аумақтары

Қалалық түйін

Магистраль айналасындағы аумақ

Квартал өлшемімен магистраль­аралық аумақтар

5 га

5-тен 10га дейін

10-нан артық

Тұрғын учаскелері құрылысының тығыздығы

мың.м2

га

6.1-кестесінің

6-тарау­ының 2, 3-ескерту­леріне сәйкес

20-дан 30-ға дейін

20-дан 30-ға дейін

10-нан

20-ға дейін

5-10

Тұрғындардың тығыздығы

адам/га

833-1000

666-833

666-1000

333-666

166-333

Шаруаш.-тұрмыс. қажеттіліктерге

1 тұрғынға жұмсалатын су шығынын қайта есептеу (әлеуметтік ортаны ескере отырып)

л/тәуліктегі адам

530

435

260 - 340

260 - 300

315 - 280

Тұрғын ықшам­аудан­дағы халыққа арнал­ған сутұтыну

тәулігіне м3/га

133

131

120 - 170

90 - 135

95 - 112

Ескертулер

1 Әрбір нақты жағдайда сумен қамту жүйелерін жобалау кезінде екпе ағаштарды суару үшін техникалық сападағы суды пайдалану мүмкіндігін ескеру қажет.

2 Басқа тұтынушыларды шамамен есептеу үшін салыстырмалы көрсеткіш есебіне «ескерілмеген шығындар» енгізілеі.

3 Есептік көрсеткіштер толық тұтынылмаған су көлемін алдын ала есептеу үшін қолданылады.

4 Толық тұтынылмау өнеркәсіпті ескерусіз берілген.

5 Әрбір нақты жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың мұқтаждықтарына жұмсалған судың шығыны суды ұтымды пайдалануды ескеріп, оның технологиялық деректеріне, РК ҚНжЕ 4.01-02-2001-дің талап­тарына сәйкес жеке анықталады.

14.1.9 Тоған құрылғыларының түрлері және олардың орналасатын орындары ауыз суларына қойылатын талаптармен анықталады және оларды нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес және ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі Уәкілетті органдары жобалайды.

Тоғандардың сыртында орналасқан су жүргізетін имараттардың санитарлық қорғау аймағы (СҚА) ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-ге сәйкес сутарт­қыштардың бірінші (қатаң режимде) белдеуі - санитарлық-қорғаныс жолағымен көрсетілген.

Су имараттардың СҚА-ының бірінші белдеуінің шекарасы:

- запастағы және реттеуші ыдыстардың, сүзгілерідің, түйіскен тұндырғыштардың қабырғаларынан - 30 м-ден кем емес;

- басқа имараттардың қабырғаларынан және су айдайтын мұнаралардың ұңғымаларынан – 15 м-ден кем емес ара қашықтықта алынады..

14.1.10 Сутартықштардың санитарлық-қор­ғаныс жолақтарының ені ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-ге сәйкес топырақтардың және сутартқыштардың диаметрлеріне байланысты, бірақ екі жағындағы сутартқыштардың осінен 1000 мм-ге дейінгі диаметрде 10 м-ден кем емес және диамет­рлер үлкен болған жағдайда 20 м-ден кем болмайтын шамада белгіленеді.

Құрылыс салынған аумақтарда су құбырла­рын жүргізген жағдайда санитралық-эпидемиоло­гиялық қызмет органдарының келісімімен жолақ енін азайтуға жол беріледі.

14.1.11 Суды тазарту стансаларына арналған жер учаскелерінің көлемдерін олардың өнімділігіне қарай, мың.м3/тәу., жоба бойынша, бірақ төменгі көрсеткіштерден кем болмайтындай етіп алу керек, га:

0,8-ге дейін 1

0,8-ден 12-ге дейін 2

12-ден 32-ге дейін 3

32-ден 80-ге дейін 4

80-нен 125-ке дейін 6

125-тен 250-ге дейін 12

250-ден 400-ге дейін 18

400-ден 800-ге дейін 24

Ескерту

Тәулігіне өнімділігі 8000 мың.куб-тен жоғары ауыз су тазарту стансаларына, қалалық су жіберуді реттеуші түйіндеріне, су айдау сорғылау стансаларына арналған жер учаскелерінің өлшемдері ұқсас имараттар үшін белгіленген тәртіпте әзірленген жобамен немесе ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі уәкілеттік органмен келісілген жағдайда маманданды­рылған ұйымдардың мәліметтері бойынша анықталады.