Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

8.2 Қала маңы аймақтары

8.2.1 Астана қаласы маңының аймақтары Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы­мен қабылданған Астана қаласын әлеуметтік-эконо­микалық дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қалыптасады.

Қала маңы аймағын жайғастыру құрылымы­мен ажырамай байланысқан және ортаны қорғауды орындайтын, экологиялық, санитарлық-қорғауды орындаушы, тынысжайлық және шаруашылық қызмет­терді атқаратын түрлі қызметтік қолда­ныстағы аумақ­тар жататын бүтін үздіксіз қала құрылысы жүйесі ретінде қарастырылады.

8.7 кесте - Иттерді қыдыртуға арналған қызмет көрсету объектілерімен және алаңшалар­мен қамтамасыз етілу нормалары.

№№

р/с

Ау­мақ атауы

Құрылыс тығыздығы төмендегідей кезіндегі (кв.м) иттерді қыдыртуға арналған қызмет көрсету объектілерімен және алаңшалармен қамтамасыз ету (га)

20 000 -

30 000

10 000 -

20 000

5 000 -

10 000

Объ­ект

Ауданы

Объект

Ауданы

Объ­ект

Ауданы

1

Тұр­ғын аудан

*

0,1-1,0

*

0,4-

0,6

*

0,03-0,28

2

Ық­шам аудан (квар­тал­дар)

-

0,1-1,0

-

0,4-

0,6

-

0,02-0,2

3

Тұр­ғын топ­тар (квар­талдар)

-

-

-

0,02-0,08

8.2.2 Астана қаласы маңының жасыл аймақ­тары қалақұрылыс қызметін реттеудің ерекше аймақтарына жатады. Қала маңының жасыл аймақтарының шекаралары, сондай-ақ, олардың құрамындағы ерекше қорғалатын аймақтар Астана қаласы маңының жасыл аймақтарын жайғастыру жобасымен анықталады.

8.2.3 Қала маңының жасыл аймақтарында ерекше қалақұрылыстық реттеуге мыналар жатады:

- облысқа бағынатын қалалар мен мекендер;

- қаланың жасыл қорының жерлері (орман саябағы аймағындағы түріндегі жасыл белдеу), сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғаларға, жалға, ақысыз пайдалануға және аз уақытқа пайдалануға, соның ішінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына берілген жасыл қордың учаскелері;

- су қоймалары, батпақтар, елдің ауызсу, сауықтыру, мемлекеттік және қоғамдық табиғатты қорғау қажеттерін өтеуге пайдаланылатын су қоймаларының су бұру жолақтарына (жағажайларда) берілген жерлер алып жатқан су қоры жерлерінің бөлігі, сондай-ақ, қалақұрылыстық маңызы бар аймақтардан тыс жерлердегі барлық су объектілері;

- табиғи-қорықтық, табиғатты қорғау, тыныс­жайлық, сауықтыру мақсатындағы жерлер;

- ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;

- көптеген тарих және мәдениет ескерт­кіштерін қамтитын, тарихи орнығу жүйесін сақтап қалған ауылдық елді мекендер (аудандар);

- қалалық елді мекендерден тыс тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;

- жасыл қорға енетін және енбейтін, жасыл массив учаскелері бар өнеркәсіп, транспорт, байла­ныс, радиохабар, теледидар, информатика, және космостық қамтамасыз ету, қорғаныс кәсіпорын­дары және басқа мақсаттағы жерлер, сондай-ақ, су қойма­лары, ағын сулар, ағаш-көшеттік өсімдіктер учаскелері;

- мемлекеттік қор жерлері.

8.2.4 Қала маңының жасыл аймақтарын пай­далану режімдері Астана қаласының табиғи кешенін қалыптастыратын оның негізгі аймақтары мен аумақтарын қамтитын қалақұрылыстық аймақ­тан­дыруын және жайғастырылуын ұйымдастыруды ескеріп анықталады:

- табиғатты қорғау аймақтары;

- тарихи-сәулет ескерткіштері аумақтары және оларды қорғау аймақтары;

- тынысжайлық аймақтар;

- қорықтар;

- азқабатты құрылысты орналастыру ареалдары;

- бағалы ландшафтарды қорғау аймақтары;

- су қорғау аймақтары және ауызсуды қамта­масыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтары;

- бағалы тарихи ауылдық орнығу жүйелері;

- ауылшаруашылыққа пайдаланылатын жер.

8.2.5 Қала маңының жасыл аймақтары аумақтарындағы шаруашылық, қалақұрылыстық және табиғатты қорғау қызметтері режімдерін анық­тау кезінде қала маңының жасыл аймақтары шекаралары шеңберінде орналаспаған, бірақ олар­дың аумақтарын пайдалануға әсер ететін ерекше және арнайы реттеу объектілерінің аймақтарын ескеру қажет.

8.2.6 Қала маңы аймақтарында ағаш және бұта өсімдіктерінің көшеттігі және гүл-гүлзар шаруа­шылықтарын Астана қаласының екпе материал­дарымен қамтамасыз етуді ескере отырып, ауданы 750 га-дан кем болмайтын қала маңы аймағын қарастыру керек.

Көшеттіктердің ауданын 4,6 м2/адам, гүл-гүлзар шаруашылығы ауданы 0,4 м2/адам есебінен алу керек.

8.2.7 Қала маңы жасыл аймақтары аумақ­тарын пайдаланудың ең қатаң тәртіптері қалаландырылған және жасыл аймақтардың "жанасатын" учаскелерінде қамтамасыз етілуі тиіс.

8.2.8 Жағдайды бағалауға байланысты кейбір қала маңының жасыл аймақтары аумақтарында азқабатты құрылыс пен бақшашылықпен қоса қала инфрақұрылымы объектілерін әрі қарай дамыту және салуға арналған учаскелерді сақтап қалуға жол берілмейді.

8.2.9 Астаналық агломерацияның қалалық елді мекендерін дамыту және резервтік аумақтарды анықтау кезінде қала маңының жасыл аймақтары аумақтарын пайдалануға рұқсат етілмейді.