Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

6 Тұрғын аймақтар

6.0 Жалпы ережелер

6.0.1 Астана қаласының тұрғын аймақ­тары, қазіргі заманға сай әлеуметтік, гигиеналық және қала құрылыс талаптарына жауап беретін, тұрғын ортасын ұйымдастыруға арналған, келесі қала құрылыс нормалау объектілерімен қалыптасады:

- тұрғын бірлігі, аралас тұрғын бірлігі;

- тұрғын топ, аралас тұрғын топ (квартал);

- тұрғын ықшам­аудан (кварталдар);

- тұрғын аудан.

6.02 Нормалау объектісінің көрінісі және оның шекаралары Астана қаласының әкімшілік, жайға­с­тыру және тұрғын аудандарының қалақұры­лыс­тық дамуы жоспарының құрамында белгіленеді. Қала құрылыстық сипаттамалар 6.1-кестесіне сәйкес қала аумағында орналасу жерімен анықталады. Жобалық халық құрылыс салынатын (қата құры­лымданатын) аумақта орналасатын тұрған үйлер класына қарай, жобалауға берілген қала құрылыс­тық тапсырмада анықталады. Есептік көрсеткішті, құры­лысты бір адамға жалпы ауданнан I-класс тұрғын үйлермен 30 м2 артық, II -класс тұрғын үй­лермен - 21 м2-тан 30 м2 дейін, III-класс тұрғын үйлермен - 15 м2-тан 20 м2 дейін толтыру кезінде қабылдау керек.

Тұрғын аймақтарды жайғастыру және салу мүгедектер мен халықтың аз әрекетті топтарының қажеттілігін ескеріп МҚН 3.02-05-2003, ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001 талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

6.0.3 Тұрғын аймақтарды жайғастыру және салуды әзір­леу кезінде келесілер нормаланады:

- тұратын ортаның жағдайлары норма­ла­на­тын санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талап­тар бойынша 10,15-тарауларына сәйкес;

- тұрғын аймақтардың қала құрылыстық сипаттамалары 6.1-кестесіне сәйкес;

- топтың, ықшамауданның, тұрғын ауданның аумағындағы тұрғын құрылыстың тығыздығы 6.1-кестесіне сәйкес;

- жерасты кеңістікті пайыздық пайдалану 6.1-кестесі бойынша;

- тұрғын және аралас құрылыстың орташа қабаттылығы 6.2-кестеде келтірілген;

- топта, ықшамауданда, тұрғын ауданда ортақ қолданыстағы аумақтармен қамтамасыздығы 6.3-кес­тесі бойынша;

- тұрғын құрылыстың әр түрлі тығыздығы кезінде қызмет көрсету объектілері аумақтарымен қамтамасыздығы 6.4-кестесі бойынша;

- топта, ықшамауданда, тұрғын ауданда көгал­дан­дырылған аумақтармен минималды үлесті қамтамасыздығы 6.5-кестесі бойынша;

- жақындатылған, күнделікті және мерзімдік қызмет көрсету объектілерінің қол жетерлігі тиісінше 300, 500 және 1200 м-ден артық емес;

- жерүсті көпшілік көлігінің аялдама бекет­теріне дейінгі жаяу жету жолдарының ұзындығы - 400 м-ден артық емес;

- жерүсті көпшілік көлігінің аялдама бекет­те­рі­нен сауда орталықтарына, әмбебап дүкендерге жә­не емханаларға дейін жаяу жету жолдарының ұзын­ды­ғы - 150 м-ден артық емес, қызмет көр­се­ту­дің басқа объектілеріне дейін - 200 м-ден артық емес;

- автомобильдерді гараж-тұрақтарда сақтау орындарымен қамтамасыздығы 6.4-кестесі бойын­ша олардың қолжетерлік орналасуымен: сақта­латын құрылыс кварталдарының тұрғындары үшін - 1500 м-ден артық емес, коттедж құрылыстарымен аумақтары үшін - 200 м-ден артық емес, басқа тұр­ғын аймақтары үшін - 600 м-ден артық емес;

- гараж-тұрақтарын орналастыру шарттары 13.25 және 13.28 кестелері бойынша;

- ортақ пайдаланатың көгалдандырылған аумақтардың (гүл бағы, жолжелек, бақ) жаяу жүру қол жетерлігі - 400 м-ден артық емес.