Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

12.4 Өндірістік аумақтар

12.4.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың верти­калды жоспарлануының ерекшеліктері мыналар:

- биіктікте өзара орналасуын алын-ала анық­тайтын жеке корпустар мен өндірістік құрылғылар арасындағы технологиялық байланыстар;

- аумақта корпустармен, қоймалармен, тиеп-түсіру алаңдарымен байланысқан және рельс жолдарының бойлық еңісі шектелген темір жол тармақтары өнеркәсіптерінің болуы;

- темір жол жолдары мен автомобиль жолда­рының қиылысындағы қиындықтар, дәлірек айт­қанда, бұл қиылысулардағы су бұру мәселесін шешудегі қиындықтар.

12.4.2 Әрбір кәсіпорын аумағының вертикал­ды жоспарының бүтіндей бір ауданның көшелері және өтетін жолдарындағы жобалық белгілер мен еңістерді анықтайтын, сондай-ақ жекелеген кәсіпо­рындар аумақта­рының шекаралары (қызыл сызық­тар) бойынша белгілерді тағайындайтын өнеркә­сіптік ауданның (аймақтың) вертикалды жоспарла­нуының өзіндік негізгі сұлбасы немесе жобасы бар.

12.4.3 Өнеркәсіптік кәсіпорын аудандары жос­парлануының вертикалды жобасына зауыттың ішкі жолдары бойынша бойлық пішіндердің құрылуы мен жобалануы және жалпы аумақтың жобалық (қызыл) горизонталі жатады.

12.4.4 Өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағының вертикалды жайғастыруын Астана қаласы дамуы­ның Бас жоспарына, Астана қаласының өнеркәсіптік аймағының Бас жоспарына және ҚНжЕ II-89-80*-ге сәйкес әзірлеу қажет.

12.4.6 Күрделі инженерлік-құрылыс жағдайындағы аудандардағы өндірістік аймақтарда жер асты кеңістігінің тереңдетіліп (2, 3 және көпқабатты) пайдаланылуы имараттар мен құрылымдардың орнықтылығын қамтамасыз ететін шаралармен қоса жүргізілуі тиіс.

Бұл үшін тиянақтаудың, негіз топырақтарын бекітудің, дренаждаудың, фильтрлеуге қарсы бүркеудің, күшейтілген гидрооқшаулаудың, жел­детулер мен қабырғалардың элктроосматикалық кептірілуінің арнайы тәсілдерін қолдану қажет.

12.5 Тынысжай аумақтары

12.5.1 Тынысжай аумақтарында жер беті және ыза суларының, жауын канализациясының желілері және ашық типті дренаждар түрінде су бұру жүйесін іске асыруға рұқсат етіледі.

12.5.2 Саябақтар, орманбақтар, гүлбақтар және басқа да көгалдандырылған аумақтар мен спорт алаңшаларының су басатын аумақтарында жер бетінен 1 м-ден кем болмайтын құрғату тереңдігінде жер асты сулары деңгейінің төмендетілуін қарастыру керек.

12.5.3 Эрозиялық процестердің ықпалындағы жыра түзетін учаскелерде жер беті сулары ағыны­ның ретке келтірілуін, жыралар арнасының бекітілуін, беткейлерді ағаш-бұтасын өсімдіктерді отырғызып бастырмалауды қарастыру керек.

12.5.4 Қала аумағында қазбалармен және өндіріс қалдықтарының үйінділерімен бүлінген аумақтар, негізінен, тынысжайлық мақсаттарда пай­даланылуы үшін қайта өнделуі керек.

Бұл аумақ­тарда жоспарлау және топырақпен үйінділеу жолы­мен ерекше ландшафт, сондай-ақ құрылыстың басқа учаскелерінен алынған және қатталған құнарлы қа­батты пайдаланып, топырақ жабыны жасалуы тиіс.

12.5.5 Тынысжай аймақтарын ұйымдас­тыру үшін ландшафтар мен кішкентай өзендерді көшіру барысында агротехникалық және агромелиора­тивтік әдістермен эрозияға қарсы, сондай-ақ жағаларды бекіту және жағажайларды тұрғызу (жа­ғаларды бекіту бойынша жаңа технологияларды пайдалану: гибиондар, Рено матрастары, терамин, макволл, макмат, биомат және т.б.) шараларын жүргізу керек.

12.5.6 Астана қаласының жағалаудағы учаскелерінде орналас­тырылған аумақтары су тасқынынан, суды желдің айдап әкелуінен және ыза суларының тасуынан, шайылудан (жуылуынан) немесе үйме жалдаудан қорғалуы тиіс.

Жел соққан кездегі толқынның биіктігін еске­ріп, шайылған аумақ жиегінің белгісін көтерілген судың есептік деңгейінен 0,5 метр биіктіктен кем емес шамада қабылдау керек.

Үйінді бөгеті қырқасының есептік деңгейден асып кетуін ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002 және ҚНжЕ 2.06.01-86-ға сәйкес имараттың класына қарай белгілеу керек.

Көтерілген судың есептік деңгейі ретінде судың ең биік деңгейінің белгісін алу керек, олардың жиілігі: 100 жылда бір рет - құрылыс салынған немесе тұрғын және қоғамдық ғимараттар құрылысы салынатын аумақтар үшін; 10 жылда бір рет - саябақтар және жазықтықтық спорт имаратта­рының аумақтары үшін.

12.5.7 Жағалауды бекіту және Астана қала­сын су тасқынынан қорғау жөніндегі аумақтардың жобасын жасау ҚР үкіметінің Қаулысымен 27.12.2002 жылы қабылданған № 1387 «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларының басып қалуынан қорғау» жобасына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Эрозиялық процестердің ықпалындағы жыра түзетін учаскелерде жер беті сулары ағыны­ның ретке келтірілуін, жыралар арнасының бекі­тілуін, беткейлерді ағаш-бұтасын өсімдіктерді отырғызып бастырмалауды қарастыру керек.

Жекелеген жағдайларда жыраларды үстінен суағар және дренаж коллекторларын жүргізіп, үйінді­леу жолымен толық немесе жартылай жоюға жол беріледі.

Жыралардың аумақтары көлік имараттары­ның, гараждардың, қоймалардың және коммунал­дық объектілердің, сондай-ақ саябақтарды және көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына ыңғай­лы еңіспен ұйымдастырылған саябақтардың, жол­дар мен аллеялардың салынуы үшін пай­даланылуы мүмкін.