Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

6.2 Аралас тұрғын топтың

тұрғын тобы аумағының қызметтік- жайғастырылуын ұйымдастыру

6.2.1 Тұрғын топ, аралас тұрғын топ - ереже бойынша, ауданы 10 га-ға дейінгі тұрғын бірліктерге, аралас тұрғын бірліктерге және өз аумағының шегінде жақындатылған қызмет көрсету объекті­лерімен, ал 11.1 және 11.2 кестелері бойынша нормативтік рұқсат етілгендердің шегінде күнделікті және мерзімдік қызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз етілген топтың көпшілік қолданыстағы аумағына арналған тұрғын аумақ,. Ереже бойынша, 10 га-ға дейін - коттедждік құрылыс.

6.2.2 Тұрғын топтың, аралас тұрғын топтың аумағы тұрғын, аралас тұрғын құрылыс учаскелерін және топтың ортақ қолданыстағы аумағын қамтиды: көгалдандырылған аумақ­тар (гүл бағы, желекжол), балабақшалар, жақын­да­тыл­ған қызмет көрсету объектілерінің, гараж-тұрақ­тардың учаскелері, өту жолдары мен автотұрақтар. Аумақ балансының нысаны және топ аумағының элемент­тері 3-қосымшаның Қ3.1.3-кестесінде келтірілген. 3.1.4 кестесінде тұрғын, аралас тұрғын құрылыс топтары объектілерінің аумақтарын қамтамасыз етудің меншікті нормалары келтіріледі.

6.2.3 Тұрғын, аралас тұрғын құрылыс тобының қала аумағында орналасуына байланысты ықшамаудан аумағының немесе қоғамдық аймақ­тың бөлігі ретінде, 500 м қолжетерлік шегінде және 500 га кем емес магистарль аралық аумақ­тар­да дербес тұрғын құрылым ретінде қала түйіндерінің бөлігі ретінде қалыптастыру керек, сонда төмендегілерге жол беріледі:

- үй маңы аумақтарында қалалық қызмет көрсету объектілерін орналастыру;

- топ аумағы арқылы аудандық және қалалық мақсаттағы объектілерге кіру жолдары мен жақындау жолдарын трассирлеу.

Тұрғын топ аумағының шекарасын бекіту, тұйықталған немесе жартылай тұйықталған аула кеңістіктерін ұйымдастыру үшін жас көшеттерді пайдалану ұсынылады.

6.2.4 Тұрғын, аралас тұрғын құрылыс тобы аумағында, топ халқына қызмет көрсетумен байланысты емес, 0,05 га артық учаскелерімен бөлек тұрған тұрғын емес объектілердің орнала­суына тыйым салынады. Тұрғын тобының құрылыс қорының көлеміндегі тұрғын емес қордың үлесі 25%-дан, аралас тұрғын құрылыс топтың - 65%-дан аспауы тиіс.

6.2.5 Тұрғын, аралас тұрғын құрылыс салу топтары квартал немесе квартал бөлігі ретінде қалыптасады. Топ шекаралары жол-көшелік желісінің қызыл сызықтары бойына және (немесе) өту жолдың жақын шеті бойынша, сондай-ақ - жанасу жағдайында - жер пайдалану шекаралары бойынша белгіленеді.

6.2.6 Мектепке дейінгі мекемелер қажеттілігін шынайы демографиялық жағдайлара сәйкес, жобалау алдындағы зерттеулердің көрсеткіштері бойынша анықтау керек, бақылау және шамалау демографиялық көрсеткіштері 4-қосымшаның Қ4.1, Қ4.3-кестелерінде келтірілген. Мектепке дейінгі мекемелердің жобалануы ҚР ҚНжЕ 3.02-24-2004 сәйкес жүргізіледі. Учаскелер өлшемін 6.4-кестесі бойынша қабылдау керек.

6.2.7 20 мың м2/га артық тұрғын учаскелерінің құрылыс салудың нормативтік тығыздығымен қала аумақтарында балалардың қысқа уақытқа келу топтарын 6 топтан артық емес сыйымдылығымен, ерекше жағдайларда 4 топқа дейін сыйымдылығымен - тұрғын үйлерге жапсар­ланған жеке шығу жолдары мен серуендеу алаңшаларын ұйымдастырумен жобалау керек.

6.2.8 15-20 мың м2/га артық тұрғын учаскеле­рінің құрылыс салудың нормативтік тығыздығымен қала аумақтарында сыйымдылығы 10-12 топ, ерек­ше жағдайларда тұрғын үйлер шет жағына қосарлы салынған, бөлмелер бөлігін тұрғын үйдің габарит­терінен тыс шығарылған 6 топқа дейін балалардың қысқа мерзімге келу топтарын және ұзартылған күн топтарын орналастыруға жол бері­леді. Балалар серуендеуге және ойнауға арналған алаңшалар балабақша ғимаратына кіру жолынан 30 м-ден артық емес, ал тұрғын үй терезелерінен -15 м-ден кем емес алыстатылған болуы тиіс

6.2.9 Тұрғын, аралас тұрғын құрылыс топтарының аумағына кіру жолдарын 300 м-ден артық емес қадаммен, ал қайтақұрылымданатын аудандарда периметрлі құрылыс салу кезінде 180 м-ден артық емес орналастыру керек.

Топтың аумағына өту жолдарын жобалау кезінде өрт қауіп­сіздігінің және үй маңы аумақтарын оқшаулау талаптарын және 13.1-тараушаның талаптарын ес­керу керек.

6.2.10 Тұрғын, аралас тұрғын құрылыс топтарының аумағында жерасты, жерүсті және құрама (жерасты мен жерүсті үлесуі) гараж-тұрақ­тар­ды 13.24 және 13.27 кестелерінің талап­та­рын ес­керіп, объект маңы тұрақтарын 13.25-кес­тесіне сәйкес жобалау керек.

6.2.11 Шектес кіре берістер қасында орнала­сатын қоқыс алаңшаларынан, соның ішінде 11 қоқыс контейнері бар алаңшалардан тұрғын үйлердің терезелеріне, балалар, емдеу мекемелерінің, дема­лыс орындары учаскелерінің шекараларына дейін арақашықтықты 20 м-ден кем емес, бірақ 100 м-ден артық емес болуы тиіс.

Тұрғын аумақтарда инженерлік желілер мен имараттардың орналасуын 14-тарауға сәйкес жүргізу керек.