Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Қала тоғандары

12.6.11 Қалалардың жоспарлануы және қайта құрылуы кезінде жекелеген тоғандар жеке жағдайларда қала аума­ғының жоспарлық элементі болып табылып, қала су қоймаларының жалпы жүйе­сіне қосылады.

12.6.12 Тоғандардың инженерлік жабдықта­луы мен абаттануына мына шаралар жатады:

- су қоймасын пайдалану мақсатына жау­ап беретін қима пішінін беріп тоған шарасын жасау;

- тоғандардың табиғи көздерден немесе қаланың суқұбыры желісінен тұрақты түрде толтырылып тұруын қамтамасыз ету;

- суға қойылатын санитарлық жағдайға жауап беретін тоғандардың ағындылығын немесе тұрақты су алмасуын қамтамасыз ету;

- су қашыртқы және суағар имараттарын тұрғызу;

- судың тоғаннан топыраққа сіңуінен қорғау үшін түбіне қалқан орнату;

- жаға беткейлерінің шайылмауына кепілдік беретін бекіту шаралары.

12.6.13 Тоғандар мен көлдердегі санитарлық жағдайлар олардың ағындылығымен немесе судың тұрақты ауыстырылуымен қамтамасыз етіледі. Су алмасудың ең аз нормасы деп жазғы маусым ішінде болған екі-үш мәрте алмасуды санау қажет. Шомылуға пайдаланылатын тоғандар үшін үш-төрт мәрте су алмасу ұсынылады.

12.6.14 Тоған шарасының негізгі сипаттамасы су мен айна ауданы көлемінің суқой­масындағы су деңгейіне байланыстылығы болып табылады.

Тоғанның қалыпты тежеу деңгейі іргелес аумақты су баспайтын шарттарымен белгіленеді.

Жаз­ мезгілінде тоғандардағы судың тереңдігі айнаның жалпы ауданы бойынша жағалаудағы аймақтарды есептемегенде 1,5-2,0 метрден кем болмауы тиіс.

12.6.15 Қалада су кеңістіктері жеткіліксіз болған жағдайда табиғи су аңғарларында бөгеттер салу арқылы жасанды сарқырамалар жасайды. Кейде су қоймалары белгілерінде көп немесе аз өзгешеліктері бар бірнеше тоғандардан тұратын сарқырамалар жасайды.

12.6.16 Тоған жағасын нығайтудың әртүр­лі құрылымдық шешімдері болуы мүмкін, верти­калды немесе еңісті тіреу қабырғалары және басқа да бірегей құрылымдар қолданылады.

Пайда­лану барысында тоғандардың түбінде тұнатын лайдан, тұнбадан тұрақты тазарту міндетті.

Жағажай аумағын инженерлік қорғау

12.6.17 Жағажайлар қаланың аумағында немесе маңында, арнайы бөлінген демалу аймақ­тарында, лас орындардан алыс, сондай-ақ қатаң режім және сумен қамтамасыз ету көздерін сани­тарлық қорғауды шектеу аймақтарынан тыс­қары орналастырылады.

Бұл міндеттерге сәйкес жағажайлар үшін ластанған орындардан алыс, сондай-ақ су­мен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық қорғауының қатал тәртібі және шектеу аймақтарынан тыс учаске­лер таңдалады.

12.6.18 Жағажай ауданындағы өзендердегі су ағысының жылдамдығы 0,5-1,0 м/сек-тан аспауы тиіс.

12.6.19 Су қоймасының тереңдігі жүзе ала­тындар және жүзе алмайтындар үшін жеткілікті және қауіпсіз болуы тиіс, жағадан жазық еңісі бар суқоймасының түбі 1-1,5 %, 1,5-2 Ом тереңдік­терінің бар болуы осы талаптарды қанағаттан­дырады.

Су қоймасының су беті шомылу үшін тек суының тереңдігі шамамен 1,0-1,5 м болатын кейбір жолақтар шегінде және айтарлықтай кіші деңгейде 2,0 м тереңдікте пайдаланылады.

Су қоймасы түбінің еңісі неғұрлым кіші болса, тереңдігі 1,0-1,5 м болатын су бетінің жолағы соғұрлым кең және су қоймасы мен жағажайды пайдалану анағұрлым тиімді болады.

Түбінің еңісі 1,0-1,5% болған жағдайда шектік тереңдігі 1,5 м болғанда жолақтың ені 100-150 метрге дейін жетеді, бұндай жағдай көптеген теңіз жағалауындағы жағажайларда, ірі өзендер мен су қоймаларында орын алады.

Түбінің еңісі 2-3 % және шектік тереңдігі 1,5 м болған жағдайда жолақтың ені 33-50 метрге дейін кішірейеді, бұл өзен жағалауларындағы жағажайла­рына тән.

12.6.20 Жағажайға келуші бір адамға шаққандағы есептік алаңды және су бетін 8 м2-тан кем емес қабылдау керек.

12.6.21 Қала жағажайлары аумақтарының инже­нерлік дайындығы жағажай жолағының, түп бедерінің және жағажай бетінің толқын әсерінен өзгеріске ұшырамауын инженерлік қорғау жолымен (жағажай бетін нығайту) қамтамасыз ету болып табылады.

12.6.22 Қала маңы аймағындағы, ауылшаруа­шылықтық пайдалануға жарамды жерлердегі орналастырылатын көлдік және өзендік жағажай­лардың өлшемдерін бір келушіге 5 м2 есебінен шыға отырып, қабылдау керек.

Қозғалысы шектеулі емделушілерге арналған арнайы емделу жағажайлардың аумақтарының өлшемдерін бір келушіге 8-12 м2-тан есебінен шыға отырып қабылдау керек.

12.6.23 Жағажайдың жағалау жолақтарының минимальды аралық ұзындығын бір келушіге 0,25 м-ден кем емес қабылдау керек.

12.6.24 Жағажайлардағы бір мезгілде келу­шілердің санын жағажайларда бір уақытта толудың коэффициенттерінің есебін ескере отырып есептеу керек:

- санатрийлер - 0,6-0,8

- дем алу және туристік мекемелер - 0,7-0,9

- жалпы пайдаланудағы балалар лагерьлері - 0,5-1,0

- жергілікті халық үшін -0,2

- жолдамасыз дем алушылар үшін - 0,5.

12.6.25 Жағажайды шайылудан қоршау үшін, сондай-ақ оның ауданын су қоймасына қарай үлкей­ту қажет болған жағдайда арнайы, негізінен толқын тосқындарының және бундардың құрылы­сын салуға бағытталған шаралар жүргізіледі.

Оларды жаға сызығына параллель немесе 2,0-4,0 м тереңдікте жағадан алыс емес қашық­тықта кішкентай бұрышпен орналастырады

12.6.26 Толқын тосқындары, жағаның малта­тасты жабындары үшін 2,5-4,0 метр тереңдікте жағадан 30-40 метрден аспайтын қашықтықта және құмды жағалау үшін 2-3 метр тереңдікте 10-100 метр қашықтықта орналастырылады.

12.6.27 Бун жүйесі жағажайлардың пайда болуына әсер ететін жағаны қорғау шаралары болып табы­лады, алайда ол үйінділердің көбеюіне, яғни жағажайдың үлкеюіне жағдай туғызады, ал толқын тосқын­дары жағажайлардың нығайтылған жағасын шайылудан сақтайды.

12.6.28 Жағажайлардың қиратылуы көшкін­дердің әсерінен де болуы мүмкін. Жағажайды жоба­лауда, құрылыс жағдайларын зерттеп, бағалауда жағажай динамикасы­ның күйі мен процестеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жағажайды қорғауға және сақтауға, оны қираудан қорғауға және, қажет болған жағдайда, оның ауданының үлкейтілуіне арналған инженерлік шараларды іске асыру керек.