Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

4.3 Денсаулық сақтау мекемелері

Қ4.3.1 Денсаулық сақтау мекемелеріне жатып емделушілерге арналған мекемелер (ауруханалар), амбулаторлық-емханалық мекемелер (дәрігерлер­дің жалпы тәжірибелік амбулаториялары, кеңес беруші-диагностикалық орталықтар), диспансерлер, перзентханалар, медициналық жедел жәрдем қосалқы станса­лары, сүт тарату орындары, дәріха­налар, Мемсанэпи­демиология бақылау орталықта­ры, дезстансалар кіреді.

Қ4.3.2 Денсаулық сақтау мекемелері жер учас­келерінің өлшемдерін келесідегідей етіп алу керек:

- аурухана мен құрылыстың типіне байланыс­ты ересектерге арналған (хосписер мен қалпына келтіру емханаларынан басқасы) ауруханалар - 1 кереуетке - 80 м2, хоспистер - 1 кереуетке - 600 м2, қалпына келтіру емханалары - 1 кереуетке - 144 м2;

- аурухана мен құрылыстың типіне байланыс­ты балаларға арналған (балалардың қалпына келтіру ауруханаларынан басқасы) ауруханалар - 1 кереуетке - 150 м2, балалардың қалпына келтіру ауруханалары - 180 м2, перзентханалар - бір кереуетке - 100 м2;

- емханалар, кеңес беру-диагностикалық орта­лықтары және диспансерлер (жатып емделуші­лерсіз) көлемдік-құрылымдық шешімге байланысты және ғимараттардың құрылыс алаңдарын­дағы кіреберіс пен жаяу жолдарды ескере отырып, бірақ объектіге 0.6 га-дан кем емес;

- медициналық жедел жәрдем қосалқы стан­салары, 1 объектіге - 0.4-0.6 га;

- дәріханалар - 1 объектіге - 0.3-0.5 га.

Қ4.3.3 Жасыл екпелер мен көгалдардың ау­даны аурухана учаскесінің жалпы ауданының 50 %-інен кем болмауы тиіс.

Қ4.3.4 Тұрғын аумақтардағы емханаларды қоғам­дық көлік аялдамаларынан - 100-150 м қашық­тықта жаяу жүретін жолдарды ескере оты­рып, ереже бойынша, жекеленген жер учаскелеріне санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып орналастыру қажет. Сыйымдылық 11.1-кесте бойын­ша қабылданады.

Қ4.3.5 Дәріханалар мен сүт тарату орында­рын, дәрігерлердің жалпы тәжірибелік амбу­латорияларын тұрғын құрылыстарда жүргіншілер жолдарына жетуі 400 м-ге дейінгі радиуста қосарлы және қосарлы-жапсарлас салып орналастырады.

Қалыптасқан және қайта қалпына келтірілетін ау­дандарда осы мекемелердің бар жүйелері сақталады.

Қ4.3.6 Жалпықалалық деңгейге ересектер мен балаларға арналған клиникалық көпсалалық ауру­ханалар (мамандандырылған және тар арнайы бөлімдер), ересектер мен балаларға арналған арнайы бағыттағы ауруханалар, арнайы аурухана­лар мен қалалық диспансерлер жанындағы ғылыми-кеңес беру орталықтары, ведомство қарамағындағы ҒЗИ-лар мен емханалар жатады.

Қаланың әкімшілік аудандарында ересектер мен балаларға арналған клиникалық көпсалалы ауру­ханаларды (жалпы салалар бөлімшелерін), ере­сектерге арналған арнайы ауруханаларды (психиат­риялық, психоневрологиялық, наркология­лық, туберкулездік), клиникалық көпсалалы ауруханалар жанындағы кеңес беру-диагностикалық орталық­тар мен емханаларды орналастыру керек. Әкімшілік аудандардың қалақұрылыстық даму жоспарының негізінде перзентха­наларды, ересектер мен балаларға арналған стома­тологиялық емханаларды, әйелдерге кеңес беру кабинеттерін, диспансерлерді (туберкулезге қарсы, дәрігерлік-дене тәрбиесі, психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венеро­логиялық), тар мамандықтар бойынша емханалардың (кабинеттердің) ор­талықтан­дырылған бөлімшелерін орналастыру керек.

Сондай-ақ, қала аудандарында хоспистерді, медбикелік күтім үйлерін орналастыру керек.

Тұрғын үйлер тобы үшін дәрігерлердің жалпы тәжірибелік амбулаторияла­рын қарастыру керек. Жалпы тәжірибелік амбула­торияларды, әйелдерге кеңес беру және стомато­логиялық емханаларды тиісті гигиеналық, өртке қарсы және санитарлық талаптарды сақтай отырып, тұрғын үйлерге қосар­лы орналастыруға жол беріледі.

Қ4.3.7 СЕМ-дегі халықтың қажеттілік көрсет­кіштерін ҚР ҚБҚ 3.02-23-2006 бойынша қабылдау керек.