Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

10.7 Су ресурстарын қорғау

10.7.1 Кәсіпорындарды, ғимараттарды, има­раттарды және басқа объектілерді салу (қайта­құрылымдау) орындарын анықтау барысында және су ағындарында, су қоймаларында, су қорғау алқа­птарында (аймақтарында), су объектілерінің жаға­ларындағы ормандардың тыйым салынған алқапта­рында жұмыстың барлық түрлерін жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасының су және таби­ғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтау керек.

10.7.2 Қала құрылысын жобалаудың барлық кезеңдеріне арналған жобалау құжаттамаларын әзірлеу барысында табиғи сулардың қазіргі жағдай­ын бағалау және ластану көздерінің толық жиынтығынан су объектілерінің ластану дәрежесін есептеу және талдау жолымен жобалық шешім­дерді жүзеге асыру нәтижесінде олардың сапасы­ның өзгеру болжамы Қазақсан Республикасының қол­даныстағы табиғатты қорғау заңнамасы мен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізі­луі тиіс.

10.7.3 Су қорғау шараларының кешені су қоймаларының қазіргі және болжанатын жағдайы негі­зінде су құрамына және қасиеттеріне қойылатын талаптарға және қолданыстағы жерүсті суларын ластанудан қорғау жөніндегі Санитарлық-эпидемио­логиялық талаптарға сай су объектілері суындағы зиянды заттар құрамының шектеулі-рұқсаттық шоғыр­лануының (ШРШ) нормативтік көрсеткіште­ріне, кіші өзендерді гигиеналық тұрғыдан бағалау және су пайдаланатын орындарда санитарлық бақылау жөніндегі Әдістемелік нұсқаулар, жер үсті су қоймаларының суларын санитарлық-микробиоло­гиялық талдау жөніндегі Әдістемелік нұсқаулар және ҚН 496-77, ҚНжЕ 3.01-01- 2002*- ге сәйкес әзірленуі керек.

10.7.4 Қолайлы гидрогеологиялық режімді сақтау, санитарлық жағдайды жақсарту, өзендер мен су қоймаларының су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында табиғи ресурстарды пайда­лану мен қорғаудың арнайы режімі белгіленетін, сондай-ақ басқа шаруашылық қызметін жүргізілетін жаға­лаудағы су қорғау аймақтарын қалыптастыру керек.

Жаға үстінен шегініс шамасын 7,6 м етіп алу ұсынылады.

Барлық автотұрақтар, кіретін жолдар және жасыл көшеттер жолақтары су қоймасы сағасының шекарасынан 7,6 м-ден жақын болмауы керек.

Астана қаласын ауыз сумен қамту көзі болып табылатын су объек­тілерінің су қорғау аймақтары ерекше қорға­латын аумақтар болып табылады.

10.7.5 Тоған құрылғыларының түрлерін және оларды орналастыру орындарын анықтау бары­сында ҚР СТ МСТ Р 51232 және Ауыз суды фторлауды мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ауыз судың сапасына қойылатын талаптарды ескеру керек.

Кәсіпорындар, қоймалық шаруашылықтар, автоша­руашылық және т. б. кәсіпорындар аумақта­рындағы жерүсті сулары жергілікті немесе топтық тазарту имараттарында көбінесе өндірістік мұқтаж­дықтар үшін тазартылған суларды пайдаланып тазарту керек.

10.7.6 Қайту (ағынды) суларын ағызу кезінде немесе шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұр­мыстық мақсаттарда пайдаланылатын су объекті­лерінің жағдайларына әсер ететін шаруашылық қызметінің басқа түрлерінде (оның ішінде жобалау, құрылыс салу) су қоймаларының және су ағындарының су сапасының нормалары немесе оның есептік табиғи құрамы мен қасиеті (осы нормалардан асқан жағдайларда) ағыс бойынша су пайдаланатын ең жақын пункттен (шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған тоған, шомылу, ұйымдастырылған демалыс орындары, елді мекен аумақтары және т. б.) бір километр жоғары учаскедегі су ағындарында, су қоймала­рында - су пайдаланатын пункттен бір километр радиустағы акваторияларда сақталуы тиіс.

10.7.7 Балық шаруашылығы су пайдалану су объектілері ШЖШ (мг/л) нормативтері белгіленген тиісті балық шаруашылығы санатының объектілері үшін су құрамына және қасиетіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс.

10.7.8 Қайту (ағын) суларын ағызу барысында немесе балық шаруашылығы су ағындарының және су қоймаларының жағдайларына әсер ететін шаруашылық қызметінің басқа түрлерінде (оның ішінде жобалау, құрылыс салу) су объектілеріндегі су сапасының нормалары немесе оның есептік табиғи құрамы мен қасиеті (осы нормалардан асқан жағдайларда) балық шаруа­шылығының барлық учаскесінің шегінде, Қоршаған ортаны қорғау уәкілетті орган әрбір жағдайға белгілейтін бақылау створынан бастап сақталуы тиіс, бірақ табиғи сулардың ластану көздерінен (ағынды суларды шығару, пайдалы қазбаларды шығару орындары, су объектісіндегі жұмыстарды істеу т. б.) 500 м-ден аспауы керек.

10.7.9 Қайту (ағын) суларын су объектілеріне түсіру арнайы су пайдалану түрлерінің бірі болып табылады және тиісті қадағалау және бақылау ведомстволары белгілеген тәртіпте берілетін рұқсат қағаздары негізінде жүзеге асырылады.

10.7.10 Жер үсті су объектілеріне тазартыл­маған су объектілерін және ШЖШ белгіленбеген заттарды тастауға жол берілмейді.

Қалада, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін қорғайтын санитарлық аймақ шегінде ағын суларды ағызуға жол берілмейді.

10.7.11 Су объектілеріне ағызылатын өндірістік сулар саны шектеулі жол берілетін ағызу (ШЖА) нормативтерімен белгіленеді.

10.7.12 Жерасты сулары көздерінің аумақта­рында келесілерге тыйым салынады:

- қатты қалдықтарды жерастына жинау;

- жанар-жағариай материалдарының, улы химикаттардың, минералды тыңайтқыштардың, , өнеркәсіптік ағындардың жинақтауыш­тардың қой­маларын және жерасты суларының сапасына теріс әсер ететін басқа обектілерді орналастыру.

10.7.13 Ағын суларын тазартуға қажетті көлем үшін жинақтауыштардың (ыдыстардың) мөлшерлі санын қамтамасыз ету қажет.

10.7.14 Астана қаласының әкімшілік шекара­ларының шегінде әрбір жағалауға, өзен жайылы­мын, топырақ үсті терассаларын, байырғы жағалау­дың тік беткейлерін, жыралар мен өзектерді қосқанда, судың орташакөпжылдық деңгейінің кесіндісінен су қорғау аймағының минималды ені орнатылады:

1) Астана қаласының шегіндегі Есіл өзені үшін:

- су жинау алабында шаруашылық пайдалану мен қолайлы экологиялық ахуалдың қарапайым жағдайында - 500 метр;

- су жинау алабында шаруашылық пайда­ланудың күрделі жағдайында және экологиялық ахуалдың қолайсыз жағдайында - 1000 метр.

2) Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері үшін -500 метр

Су қорғау жолағының минималды ені Астана қаласының шегіндегі Есіл өзені үшін - 35 метр, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері үшін - 20 метр.

Су қорғау аймақтары мен жолақтары шегінде шаруашылық жұмыстарын пайдаланудың ерекше шарттары мен шектеу режімі енгізіледі. Көрсетілген өзендердің су қорғау аймақтарында жер бөлу және жаңа объектілерді салу мүдделі мемлекеттік ұйымдардың келісімімен жүргізілуі керек.

Су қорғау аймақтарында:

- табиғат қорғау және сәулет-қала құрылысы органдарының келісімімен тұрғын ғимараттар мен демалыс базаларын салуға, инженерлік қатынас жолдарын жүргізуге рұхсат етіледі.

- минералды және органикалық тыңайтқыш­тарды, пестицидтерді және басқа улы химикаттар­ды, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды орналастыруға және салуға; автокөлікке техникалық қызмет көрсету мен автожуу бекеттерін, ауылша­руашылық техникасын және табиғи ортаны лас­тайтын басқа объектілерді салуға тыйым салынады.