Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

14.3 Жаңбыр канализациясы

14.3.1 Астана қаласының жаңбыр канализа­циясын жобалау қолданыстағы ҚНжЕ 2.04.03-85, ҚН 496-77 нормативтік құжаттарының, ҚР Су кодексінің талаптары­на және ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі Уәкілетті органының нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

14.3.2 Жаңбыр канализациясының жүйесі аққан суды жер беті белгілерінен төмен тез әкету үшін жердің бетіне мұздың пайда болуын бол­дырмайтын шараларды ескере отырып тағайын­далуы керек.

Жер үсті суларын бұру Астана қ. аумағындағы судың барлық бассейнінен жаңбыр канализациясы желісінен су объектілеріне жиналу арқылы жүзеге асырылуы керек. Жер үсті ағынының ағынсыз су қоймаларына, шайылатын жыраларға, тұйық қолаттарға, батпақ аумақтарға шығарылуына жол берілмейді.

Жер үсті суларының су объектілеріне шығатын орындары ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі Уәкілетті органмен және ҚР өзен флотын басқару огандарымен келісілуі қажет.

Ескерту - Шомылуға арналған су қойма­ларына үстіңгі пайдаланылған сулар тек олардың терең тазартылғанынан кейін ғана құйылуы мүмкін.

14.3.3 Өндірістік кәсіпорындардан шығатын үстіңгі жаңбыр суларын жоғарғы сулардың шайып өтетін қоспаларының құрамына қарай жаңбыр коллекторына құймас бұрын олар жергілікті тазарту имараттарында тазартылуы тиіс. Өндірістік өнеркәсіптерден шығатын жаңбырдың ағынды суларын тазарту дәрежесі су объектілеріне құйылу шарттарына байланысты болады және «Жер үсті суларын ағын сулардың ластауынан қорғау ережелеріне» сәйкес болуы керек.

14.3.4 Астана қ. аумағында су бұрудың жабық жүйесі пайдаланылуы тиіс. Ашық су бұру құрылғыларын пайдалануға көпіршелер немесе жол қиылыстарында құбырлар салынған саяжайлық аумақтарда жол беріледі. Суағарлардың ең кіші диаметрі 400 мм-ге тең шамада алынады.

Жекелеген жағдайларда ашық су бұру құрылғыларының автомагистральдарға жалғасатын астауша науа түрінде және аз қабатты құрылыс салу аудандарында пайдалануы мүмкін.

14.3.5 Жер үсті суларын бұру жүйесі жылыту желілерінің дренаждарынан және жер асты комму­никацияларының ортақ коллекторларынан дренаж­ды суларды қабылдау мүмкіндігін ескеруі тиіс.

Техникалық мүмкіндігі және табиғатты қорғау ұйымдарымен келісім болған жағдайда осы суларды сәндік су қоймаларына бөлек жүргізілетін құбыр арқылы жеткізіп пайдалану мүмкін.

14.3.6 Жаңбыр ағынына суағар желісінің есебін шектік қарқындылықтар әдісі бойынша ҚНжЕ 2.04.03-85, (МҚН 9-63) және ҚН 496-77 сәйкес жүргізу керек.

14.3.7 Қаланың құрылымдық бөлігіне және аумақтың қызметтік-жайғасымдау ұйымдастыры-луына байланысты ағынның орташа коэффициен­ттерін 14.3.1-кесте бойынша алу керек.

14.3.8 Қала аумағын жер үсті суларынан тазартуды әр түрлі жергілікті немесе топтық тазарту имараттарында жүргізу керек. Өндірістік кәсіпо­рындар, қойма шаруашылықтары, автоша­руа­шылықтар мен басқа аумақтардан, сондай-ақ қоныстық аумақтарда орналасқан қатты ластан­ған учаскелерден (органикалық және органикалық емес текті улы заттармен ластанған) жер үсті ағын суларын жеке тазарту имараттарында тазарту керек. Тазартылған суларды өндірістік қажеттілік­терге, екпе ағаштарды суғаруға және асфальт жабындарды суғаруға пайдалануды қарастыру керек.

14.3.9 Су қоймасына өз бетімен шығатын, сужинағыш ауданы 20 га дейінгі қоныстық аумақтан, сондай-ақ қалалық орман саябақтарынан жер үсті суларын экологиялық негіздемесі және барлық бақылаушы ұйымдармен келісімдері болған жағдайда су қоймасына тазартпай құюға жол беріледі. Осы талаптар ауыз сумен қамту көзі болып табылатын су қоймаларына өз бетімен шығу жағдайларында қолданылмайды.

14.3.1 к е с т е - Аумақты қызметтік пайда­ла­нуға қарай ағын коэффициенті

р/с

Қаланың құрылымдық бөліктері

Тұрғын аумақтардың қызметтік-жайғастырылуы ұйымдастырылуының басым түрі

Zmid

1

Орталық аудан

Қоғамдық аймақтағы тұрғын топтар

0,17 - 0,18

2

Қалалық қалақұрылыс түйіні

Көпқызметтік ор-талық құрамындағы тұрғын үй қоры

0,16-0,17

3

Аз қабатты құрылыс аумағы

0,10-0,11

Ескерту - гүлбақтардың, желекжолдардың, бақтардың, саябақтардың және орманбақтардың ауданы ағынның орташа коэффициенттерін анықтау барысында тиісті тұрғын аумақ түрлерінен алынып тасталады.

14.3.10 Үстіңгі ағын суларын тиісті жобалық негіздеме болған жағдайда қалалық жаңбыр канализациясы желісіне аумақтың келесі түрле­рінен тазартпай жіберуге рұхсат етіледі:

- тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, осы уческелерде орналасқан жеңіл автомобильді сақтайтын автожууы және жөндеу аймағы жоқ ашық алаңшаларды қоса алғанда (жаңбыр канализациясы ашық су қоймасына шығатын жері болған жағдайлардан басқасы);

- көпшілік пайдаланатын көгалдандырылған аумақтар (саябақтар, бақтар, желекжолдар, скверлер);

- көше жолы желілері, көше және алаң шеңберінде автомобильдер сақтауға бөлінетін орындарды қоса алғанда (жаңбыр канализациясы ашық су қоймасына шығатын жері болған жағдайлардан басқасы).

14.3.11 Тікелей жаңбыр­ ағынының есептік шығындарын тазартудың немесе оны реттеудің (аккумуляциялау) орындылығын техника-экономи­калық есептермен ҚНжЕ 2.04.03-85, (ҚНжЕ 40-03-99) және ҚН 496-77 сәйкес анықтау қажет.

14.3.12 Шамамен есептеу үшін қаланың қоныстық аймақтарынан тазарту имараттарына жиналатын үстіңгі ағынның тәуліктік көлемі аумақтың құрылымдық бөлігіне байланысты 14.3.2-кесте бойынша алынады.

14.3.13 Су объектілеріне құйылатын жер үсті ағынды суларын тазарту дәрежесі, олардың кезеңдік жетістіктерін ескере отырып, «Жер үсті суларын ластанудан қорғаудың санитарлық ережелері мен нормаларының» талаптарына және су қоймасының суын пайдалану санатына қарай оларды түсіру шарттарына жауап беруі тиіс.

14.3.2 к е с т е - Үстіңгі ағынның тәуліктік көлемінің көрсеткіштері

Қала аумақтары

1 га аумақтан тазартуға түсетін үстіңгі сулардың көлемі, м3/тәул

Орталық аудан

60 - 70

Қалалық қалақұрылыс түйіні

60-тан артық

Магистраль маңындағы аумақтар

60 артық

Магистраль аралық аумақтар, квартал көлемімен:

- 5 га-ға дейін

- 5-тен 10 га-ға дейін

45-50

- 5-тен 10 га дейін

40-45

- 10 га артық

35-40

14.3.14 Үстіңгі ағынды тазарту имарат­тарынан тұрғын үй құрылысына дейінгі санитарлық-қорғау аймағын құрылыс салу шарттарына қарай ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөнін­дегі Уәкілетті органның және табиғатты қорғау органдарының келісімімен қабылдау керек.

14.3.15 Су объектілеріне тазартылған ағынды және үстіңгі ағын суларын жіберудің шарттары мен орындары ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі Уәкілетті органмен, ҚР Табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісілуі керек және «Жер үсті суларын ластанудан қорғаудың санитарлық ережелері мен нормаларының» талаптарына сәйкес келуі қажет.