Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

7.2 Өнеркәсіптік кластер

7.2.1 Өнеркәсіптік кластерде өнеркәсіп кәсіпорындары және олармен байланысты қосымша және қызмет көрсететін объектілер, сондай-ақ энергетика объектілері, тамақ, ет-сүт өнеркәсібі, кондитер фабрикалар, балық және теңіз өнімдерін өңдеу кәсіпорындары, гараж­дар, автобаздар, қоймалар, теміржол кіру жолдары, жүк станциялары және басқа да көлік және инженерлік имараттар орналас­тырылады.

7.2.2 Өнеркәсіп аймақтары қосалқы аймақтар­ға өнеркәсіп кәсіпорындарының зияндылық класы бойынша санитарлық нормаларға сәйкес, жайғас­тыру және қызметтік ерекшеліктері (теміржол кө­лі­гінде қажеттілік, жүк алмасу сипаты т.б.) бойынша бө­лінуі мүмкін.

Өнеркәсіп аймақтары (қосалқы аймақтар) құра­мында кәсіпорындарды және басқа объектілер­ді орналастыру кезінде төмендегілерді шығарып, едәу­ір бөлшектенген аймақтандыру белгіленуі мүмкін:

- санитарлық сипаттамаларды, жұмыс істеушілер санын, жүк алмасу мөлшерінен, ұйымдастырудын сәулеттік-кеңістік ерекшеліктерін және құрылыс салу кезегін ескеріп жүргізілетін негізгі өндірістер аумақтары;

- жөндеу, құрылыс-пайдалану, энергетика объектілерін және басқа инженерлік имараттарды ор­наластыруға арналған қосалқы өндірістердің ау­мақ­тары;

- біріктірілген қоймалық шаруашылықтарды, тауар аулаларын, контейнерлік алаңшаларды, ішкі және зауыт ішіндегі көлік объектілерін орналастыруға арналған қоймалар және көлік аумақтары.

7.2.3 Өнеркәсіп аумақтарын жайғастыру жобаларында және аймақтандыру сұлбаларында уақытша құрылымдармен толтырылған резервті аумақтарды шығару керек.

7.2.4 Өндірістік объектінің аумағына кіру жолы көше жағынан қарастырылуы тиіс. Кіру жолының минималды ені 6,0 м-ден кем емес, толық ені бойынша қатты жабыннан болуы тиіс.

7.2.5 Жүк көтеру-жүк түсіру алаңшаларын ғимарат ішінде немесе биіктігі 1,8 м дуалмен қор­шалған өндірістік объектінің аумақта орналастыру керек.

7.3 Ғылыми-өндірістік кластер

7.3.1 Ғылыми-өндірістік кластердің құрамына ғылымы тереңдетілген және жоғары технологиялық өндірістері бар кешенді кәсіпорындарды енгізу ұсынылады: технопарктер, салалық өндіріс негізін­дегі конструкторлық және тәжірбиелік өндірістері бар жобалау бюроларымен, кадрларды дайындау бойынша оқу орталықтарымен қолданбалы сала­ның жаңа мекемелері және санитарлық, экология­лық және өртке қарсы талаптарды сақтап орналастырылған кәсіпорындарға ғылыми-техника­лық (технологиялық) қызмет көрсетумен байла­нысты қызмет көрсетудің басқа да объекті­лері.

7.3.2 Технопарктің құрамында, ереже бойын­ша, мына секторлар (орталықтар) белгіленеді:

- ғылыми - инновациялық жобаларды жасау жөніндегі ғылыми мекемелердің аумақтарын, зерттеу орталықтары мен конструкторлық бюро­ларды орналастыруға арналған, олардың құрылыс тығыздығының нормативтері 7.3-кестесінде берілген;

- оқу - инновациялық жобаларды әзірлеу және іс жүзіне асыру үшін мамандарды дайындаумен байланысты оқу орталықтарын орналастыру үшін;

- инновациялар инкубаторы - инновациялық жобалардың басымды бағыттарын іздестіруді (зерттеулерін) жүргізетін және олардың бастапқы дамуын қамтамасыз ететін кіші кәсіпорындар мен фирмалардың аймағы;

- бизнес - зерттеулер мен әзірлемелердің жемісті дамуына және олардың қысқа мерзімде іс жүзіне асуына мумкіндік ту­ғы­за­тын іскерлік, қаржылық, ақпараттық, ком­мер­циялық және басқа кәсіпорындарды орналастыру үшін.

- тұрғын - технопарк жұмысшы­ла­ры мен олардың отбасыларының тұруына арналған.

Технопарк осы элементтердің толық жиын­ты­ғын немесе қызметтік қажеттіліктеріне қарай олар­дың бөліктерін қамтуы мүмкін.

7.3.3 Қаланың қоныстық аумағында, ірі интегралданған ғылыми-өндірістік кластерлерден (білім беру) басқа, ауданы бойынша 5 га-дан аспайтын, санитарлық қорғау аймақтарының ауда­ны 50 м-ден артық емес болуын талап ететін жергілікті ғылыми-өндірістік аймақтар болуы мүмкін.