Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Терминдер мен анықтамалар

әкімшіліктік-жайғастыру ауданы: Астана қаласының әкімшіліктік-аумақтық бөліктері - қызмет­тік байланысы тығыз және ортақ жайғасымдық құры­лымы бар бірнеше тұрғын аудандардан құралатын қала аумағының бөлігі.

антропогендік әсерлер: Табиғатқа, қоршаған ортаға, елді мекендерге адам тіршілігінің түрлі формалары әсерлерінің нәтижесінде пайда болған оң және теріс әсерлер. Теріс әсер болған жағдайда табиғатты қорғау шараларын қолдану қажеттігі туындайды.

қосарлы салынған, жапсарлай салынған және қосарлы-жапсарлай салынған гараждар мен гараж-тұрақтар: қоғамдық-транспорттық кешендерге кіре­тін түрлі (тұрғын, әкімшіліктік-қоғамдық, мәдени-тұрмыс­тық, спорттық және т. б.) мақсаттағы ғимараттарға қосылған

газонды торлар: Ереже бойынша, газон шөптерін өсіруге арналған топырақ толтырылған ұяшықтар түріндегі берік материалдардан арнайы технологиялар бойынша орындалған автомобиль тұрақтары

гараждық кешендер: Сақтауға, тұрақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және автосервиспен, автомобиль мен оның қосалқы бөлшектерін сату­ға байланысты қызмет көрсетудің басқа түрлеріне арналған ғимараттар мен ғимараттар тобы. Гараж кешендерінің құрамында автомобильге май құю шағын стансалары орналастырылуы мүмкін. Га­раж кешендері түрлі қызметтік мақсаттардағы объек­тілермен (оқуға, емдеуге және балаларға ар­налған мекемелерден басқа) толықтырылуы мүмкін.

қала құрылысы қызметі (қала құрылысы): Қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың шығарма­шылық процесін, қала құрылысы жобасын жасауды, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес бөлімдерін үйлестіруді, жер учаскелерін пайдалану түрлерін анықтауды, азаматтардың, қоғамдық және мемлекеттік, сондай-ақ көрсетілген аумақтар мен елді мекендердің ұлттық, тарихи-мәдени, эколо­гиялық және табиғи мүдделерінің ескерілуімен іске асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, қала аумағын дамытудағы, қала ау­дандарын кешенді жобалаудағы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару орган­дарының, жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

қала құрылысы құжаттамасы: Аумақтар мен елді мекендерді дамыту және олардың құрылысын қалақұрылыстық жобалау жөніндегі құжаттама.

мемлекеттік қалақұрылыстық кадастр: Қалақұрылыстық тәртіптерді, қалақұрылыс, сәулет және құрылыс қызметтері аумағын пайдаланудың әлеуметтік-құқықтық тәртібі, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету дәрежесі, онда орналасқан объек­тілердің параметрлері мен жағдайы, сондай-ақ, та­биғи-климаттық және экологиялық жағдайы бойын­ша сипаттама беретін картографиялық, статисти­калық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік жүйесі.

қалақұрылыстық жобалар: Аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін кешенді қалақұрылыстық жобалаудың, ұйымдастырудың, дамы­тудың және салудың түпкі ойын қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастыру­дың бас сұлбасы, аумақтық дамудың аймақаралық сұлбалары, аумақтарды қалақұрылыстық жобалау­дың кешендік сұлбалары, елді мекендердің бас жобалары, бөлшектеп жоспарлау жобалары, өнер­кәсіптік аймақты жоспарлаудың жобалары, объек­тілер мен кешендердің бас жоспарлары, көркейту және көгалдандыру жобалары және де басқа жоспарлау жобалары);

қалақұрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы: Аумақты ұйымдастыруға, қалақұры­лыстық жоспарлауды дамытуға және қала аумақ­тары құрылысына, құрылысқа, соның ішінде объек­тілерді кеңейтуге, жаңартуға, техни­калық қайта жабдықтауға, қайта құрылымдауға, қалпына келті­руге, күрделі жөндеуге, сондай-ақ, аумақтардың инженердік дайындауын ұйымдасты­руға, көркей­туге, көгалдандыруға, сыртқы безен­діруге қажетті жобаалды және жобалық құжаттаманы қамтитын мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың өзара байланыстырылған құжаттар жүйесі.

қалақұрылыстық регламенттер: Аумақтар­ды (жер учаскелерін) және басқа жылжымайтын мүлік нысандарын, сондай-ақ, олардың жағдайы­ның кез-келген заңды түрде белгіленген рұқсат етілген өзгертулерін (ауыртпалықтарды, тиым салу­лар мен сервитуттарды қоса) пайдалану тәртіптері, пайдалануға рұқсат беру, шектеу.

қалақұрылыстық аймақтандыру: Қаланың жекелеген бөліктерін қызметтік пайдалануға (қыз­мет­тік аймақтандыруға), құрылысқа (құрылыстық аймақтандыруға) және ландшафтты ұйымдастыруға (ландшафттық аймақтандыруға) қойылатын мін­детті талаптар мен шектеулерді белгілеу.

қалақұрылыстық кеңістік: Адамның (ел тұрғындарының, аймақтың, елді мекен, елді мекен бөлігі тұрғындарының) өмір сүретін және тіршілік ететін материалдық ортасы қалыптасатын қалақұ­рылыстық реттеу аумағы.

аумақтың қалақұрылыстық сыйымдылы­ғы: Белгіленген аумақты аймақтандыру және жоспарлау талаптарына сәйкес құрылыс көлемі. Құрылыстың нормативтік тығыздығы мен белгілен­ген аумақтағы жоспарланған қалақұрылыстық нор­малау объектісінің түріне сәйкес құрылыс аумағы­ның көлемімен анықталады.

қонақжай тұрақтары: Тұрғын құрылыстары­на келуші жеңіл автомобильді тұрғызуға арналған ашық алаңдар.

тұрғын ауданы: Ықшамаудандар, квартал­дар аумақтарына және тұрғын аудандарының жалпы пайдалану аумақтарына арналған, әдетте, өлшемі 100 га-дан көп қоныстық аумақтың бөлігі: мер­зімдік қызмет көрсету объектілері, спорттық және коммуналдық имараттардың, гараж-тұрақтар­дың, көшет егістер аумақтарының (саябақтар, желекжол­дар және т. б.), учаскелері, көшелер, алаңдар, автотұрақтар. Тұрғын ауданы аумағының шекарасы ретінде, ереже бойынша, жалпықалалық және аудандық маңызы бар магистралдардың қызыл сызықта­ры, басқа қызметтік мақсаттағы аумақтардың шекаралары, табиғи шекара алынады.

І класты тұрғын үй - жоғарғы жайлылық деңгейлі тұрғын ұяшықтары.

ІІ класты тұрғын үй - стандартты жайлылық деңгейлі тұрғын ұяшықтары

ІІІ класты тұрғын үй - жайлылықтың мини­малды жеткілікті деңгейіндегі тұрғын ұяшықтары

аумақтарды аймақтандыру: Қалақұрылыс­тық жоспарлау кезінде жеке аймақтарды қалақұры­лыстық пайдалану түрлерін және оларды пайдала­нудың ықтимал шектеулерін белгілеп, аумақтарды қызметтік аймақтарға бөлу.

инженерлік инфрақұрылым: Адамдар тіршілігіне қолайлы жағдай, сондай-ақ, өндірістің тұрақты қызметіне немесе тауарлар мен қызмет айналымына жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұжымдар), объектілердің (ғимараттар мен имарат­тар), коммуникациялар мен инженерлік және ком­муналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы.

аумақты пайдалану қарқыны (құрылыс қарқыны): Қалақұрылыстық мақсатқа лайықты­лығы жөнінен қызметтік бағытына сәйкес қаланың бас жоспарымен белгіленген құрылыс тығыздығы көрсеткіштерімен, аумақ құрылысы коэффициен­тімен, көшелік-жолдық желі тығыздығымен және аумақтардың нормативтік өлшемдерімен анықтала­тын ғимараттар мен имараттардың, сондай-ақ, аумақтың табиғи ландшафтының жалпы пара­метрлері.

жеке құрылыс: Осы санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін белгілі бір типологиялық сипат­тамаларымен сипатталатын объектілер (жеке азаматтар немесе жеке құрылысшылар қаржысына салынатын жеке, коммерциялық, коммерциялық емес пайдалануға арналған ғимараттар, имараттар, жеке инженерлік қамтамасыз ету жүйелері):

- жеке бөлек тұрған немесе блокталған тұрғын үйлер;

- қоғамдық немесе иелерінің жеке еңбек қызметіне байланысты басқа мақсаттағы қосарлы-жапсарлай салынған бөлмелері бар жеке тұрғын үйлер*;

- қажетті инженерлік қамтамасыз ету эле­менттерін қамтитын жеке еңбек қызметін атқаруға арналған өндірістік объектілер.

*Қоғамдық немесе жеке тұрғын үй иесінің жеке еңбек қызметіне байланысты басқа мақсат­тағы бөлмелерде дүкендерді, кафелерді, бейнезалдарын, би барларын, мұражайлық немесе көрмелік бөлмелерді, жеке меншік кітапханаларды, ақпараттық орталықтарды, шығармашылық студиялар немесе шеберханаларды, жергілікті қолөнер шеберханаларын, тренажер залдарын, шағын спортзалдарды, шағын хәуіздерді, моншаларды, массаждық, косметикалық, дәрігерлік кабинеттерді, шаштараздарды орналастыруға және заңмен немесе оларды тұрғын нысандарында немесе қоныстық аумақтарда орналастыруға тыйым салатын өртке қарсы, санитарлық, экологиялық және де басқа талаптармен шектелмеген мақсаттар мен қызмет түрлерін орналас­тыруға арналуы мүмкін.

квартал: Көшелік-жолдық желінің қызыл сызықтарымен шектелген көшеаралық аумақ.

кластер: Құн жасаудың бірегей тізбегі шең­берінде өзара қарым-қатынастағы тәуелсіз өнеркә­сіптік және/немесе қызмет көрсету фирмалардың, технологиялар мен ноу-хау жасаушылардың, бай­ланыстырушы нарықтық институттар мен тұтыну­шылардың желісі.

қызыл сызықтар: Қалалардың жоспарлау құрылымындағы кварталдарды, ықшамаудандарды, басқа элементтерді көшелерден (жүретін жолдар­дан, алаңдардан) бөліп тұратын шекаралар.

құрылыс коэффициенті: Құрылыс салынған аумақтың сыртқы қабырғалардағы габаритінің осы учаске аумағы ауданына қатынасы.

құрылысты реттеу сызықтары (құрылыс сызықтары): Ғимараттарды (имараттарды, құры­лымдарды) қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесі шекарасынан шегініспен орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс шекарасы.

азқабатты пәтер-үй: Жер учаскесі, қасын­да шаруашылық және қосалқы құрылыстары, басқа да нысандары бар азқабатты тұрғын ғимарат, азқабатты тұрғын үй немесе олардың топтары. Бір отбасы тұратын пәтер-үй үй-жай деп аталады.

азқабатты тұрғын үй: Жобамен алдын ала ескерілген және/немесе құрылысы тамамдалған биіктігі шығыңқы іргелі қабат пен мансарданы қосқанда үш қабаттан жоғары емес ғимарат. Азқа­батты тұрғын ғимарат бірпәтерлі немесе көппәтерлі болуы мүмкін.

азқабатты үй: Жайғастырылған және пайда­ланудағы азқабатты тұрғын ғимарат.

нысандарды бақылау: Сәулет, қала құры­лысы және құрылыс нысандарының жағдайы мен өзгерістерін бақылау жүйесі.

морфотиптер: Қаланың түрлі эволюциялық даму кезеңдерінде қалыптасқан құрылыс типтері.

ерекше реттеу және қалақұрылыстық регламент нысандары: Арнайы ережелерді (тәр­тіптерді) енгізусіз, аумақтарды, елді мекен жеке жылжымайтын мүлік аумақтарын пайдаланудың жалпы қабылданған ережелеріне (тәртіпке) ерек­шеліктер белгілеу немесе оларға толықты­рулар енгізусіз іске асырылуы қиын немесе мүмкін емес сәулет, қала құрылысы және құрылыс нысандары.

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: Бұл - заң бойынша ерекше қорғау тәртібі белгіленген табиғатты қорғауда, ғылыми, мәдени, эстетикалық, тынысжайлық және сауықтыруда ерекше маңызы бар табиғи объектілер: ұлттық саябақ, табиғи, табиғи-тарихи саябақ, кіші табиғи қорық, табиғат ескерткіші, қалалық орман немесе орман-саябақ, суды қорғау аймағы және ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың басқа санаттары орналасқан қала аумақтары.

аумақты көгалдандыру: Жасанды бақша-саябақтық кешендер мен объектілер - саябақ, бақ, гүлбақ, желекжол орналасқан табиғи кешен аумағының бөлігі; үстінің 70 %-тен кем емес бөлігін өсімдік жабыны алып жатқан тұрғын, қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өнеркәсіптік мақ­саттағы құрылысы аз аумақтар.

құрылыс тығыздығы: Аумақ бірлігіне (мың кв. м/га) шаққандағы ғимараттар мен имараттардың жер үсті бөліктерінің құрылыс қабаттарының сыртқы қабырғалар габариттеріндегі жиынтық ауданы және аумақ бірлігіне (мың кв. м/га) шаққандағы көшелік-жолдық желінің ұзындығы.

тұрғын құрылысының тығыздығы: Тұрғын, аралас тұрғын құрылыс аумағы бірлігіне (мың кв. м/га) шаққандағы тұрғын үйдің жер үсті бөліктерінің және қосарлы-жапсарлай салынған тұрғын емес бөлмелерінің жиынтық ауданы.

магистраль маңы аумағы: магис­тралды көшелермен жанасатын қаланың орталық ауданын қалалық түйіндермен немесе қалалық түйіндерді өзара біріктіретін бөліктерінде магис­траль жанын­дағы объектілер учаскелерінің еніне сәйкес келетін, бірақ қызыл сызықтан 50 м-ден аспайтын тереңдік­тегі жалпықалалық маңызы бар аумақ.

рампалық жүру жолы: көпқабатты тұрақ­тағы автомобильдердің жүруі үшін арнайы еңкіш құрылым.

сервитут: Жер учаскесі немесе басқа жыл­жымайтын мүлікті жеке меншіктенушінің, иемде­нушінің, пайдаланушының басқа адамның мен­шігіндегі (иемденуіндегі, пайдалануындағы) жер учаскесін (басқа жылжымайтын мүліін) шектеулі пайдалануына екіжақты келісім шарт, сот шешімі негізінде немесе басқа заңды негізде белгіленген құқығы.

қалақұрылыстық жобалау сатылары: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республи­касындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына сәйкес қалақұрылыстық жобалаудың келесі сатылары белгіленген: Қаланың бас жобасы (М 1:10000), әкімшілік ауданын немесе жоспарлық ауданды (М 1:5000) дамытудың қалақұрылыстық жобасы, жоспарлау жобасы (М 1:2000), құрылыс жобасы (М 1:500).

қоныстық аумақ: Орналасуы мен қызметі арнайы санитарлық-қорғау аймақтарын талап етпейтін тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және тынысжайлық аймақтарды, сондай-ақ, инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдардың жеке бөліктерін, басқа объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі.

түйістіру аумағы: Өнеркәсіптік аймақ пен басқа қызметтік мақсаттағы (тұрғын, қоғамдық, тынысжайлық) аумақты бөлетін көшенің алғышебі құрылысы нәтижесінде қалыптасатын аумақ.

әрқабаттық аудандардың жиынтығы: Қабаттардағы барлық бөлмелер енетін ғимараттың барлық жер үсті қабаттарының жиынтық ауданы.

адамның өмір сүру ортасы: Адам уақытын өткізетін орта, келесіні қамтиды:

1) қоршаған орта - биохимиялық айналым барысында жеке адаммен немесе қоғаммен байланысты болатын және бірге әрекет ететін табиғи және жасанды жағдайлар мен объектілер, басқа сыртқы факторлар кешені.

2) сәулеттік-ландшафтық орта - адамның шаруашылық және де басқа қызметтерін атқаратын табиғи жағдайлар мен сәулеттік пішіндердің сабақ­тасатын кеңістігі. Әдетте, бұл - адамның өмір жағдайы мен психофизикалық жағадайын анықтай­тын қалалық орта.

3) ішкі орта - тұрғын бөлмелердегі өмір сүру жағдайлары мен жұмыс бөлмелеріндегі (әлеуметтік, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық, соның ішінде табиғи радиа­ция, сыртқы шу, кірлену, ылғалдық, ауаның құрамы мен қозға­луы, иістер, жану өнімдері, табиғи және

жасанды жарық, су тазалығы және басқа акторларды қамтитын жұмыс (өнеркәсіптік) бөлмелерін­дегі) еңбек ету жағдайларының жиынтығы.

әлеуметтік кепілдендірілген тіршілік әрекеті: Аумақты жобалау (қайта құрылымдау) кезінде қалақұрылыстық нормалау объектілерін қызметтік-жоспарлық ұйымдастыруда нормативтік параметрлерді сақтай отырып қол жеткізілетін қазіргі әлеуметтік, гигиеналық және қалақұрылыс­тық талаптарға сәйкес қалалық ортаның жағдайы.

қалақұрылыстық реттеу аумағы: Шеңбе­рінде қандай да бір сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі атқарылатын аумақ.

қаланың табиғи кешендерінің (ТК) аумақ­тары: Ортаны қорғау, табиғатты қорғау, тынысжай­лық, сауықтыру және ландшафт құру қызмет­терін орындайтын өсімдіктері және (немесе) су объек­тілері басым аумақтар.

транспорттық инфрақұрылым: Көпір, тоннель және басқа көліктік имараттар, жол айырымдары мен жолөткелдері, реттегіш сигналды құрылғылары, байланыс, көлік жұмысын инженерлік қамтамасыз ететін объектілер, көлік құралдарына қызмет көрсету, қозғалатын жүктері, жолаушылар, өнеркәсіптік және қызметкерлердің қызмет әрекетін қамтамасыз ету, қоймалық бөлмелер мен аумақтар, санитарлық-қорғау және қорғау аймақтары, сондай-ақ, көрсетілген қатынас жолдары мен объектілеріне заңды түрде бекітілген ондағы жылжымайтын мүлік термен қоса жер кешендері бар жерүсті (автомобиль және (немесе) темір) жолдарының, су (теңіздік және (немесе) өзендік) қатынасы жолда­рының жиынтығы.

техногендік әсер: Ереже бойынша, тұрғындарға, елді мекендерге немесе қонысаралық аймақтарға адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде болған төтенше жағдайдың туу қаупі жоқ немесе қаупі бар табиғи және техногендік сипаттағы жағымсыз немесе зиянды (қатерлі) әсер.

сәулет, қала құрылысы, және құрылыс жұмыстары жөніндегі уәкілетті орган: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік басқаруды, сондай-ақ, заңмен алдын ала ескерілген салааралық реттеу және басқа арнайы орындау қызметтерін атқаратын мемлекет­тік орган.

қызметтік және жайғасымдық аймақтар: Белгілі бір шекарасы, қалақұрылыстық тәртіптері, әлеуметтік кепілдендірілген қызметтік мақсатына сәйкес тіршілік жағдайлары кешенін қамтамасыз ететін нормалары мен ережелері бар бүтін қалақұ­рылыстық аймақты құрайтын қала аймағының бөлігі.

3-қосымша

(міндетті)