Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Велосипед жолдарының негізгі көрсеткіштері

Қ7.1 - к е с т е

Есептік көрсеткіштердің мәндері

Қисықтың дөңгелектеу радиусы, м

Ең үлкен бойлық еңіс, %

(ең азы -0,5 %)

Жиектің ең аз

дөңгелектеу радиусы, м

Еңістің ең аз

дөңгелектеу радиусы, м

Ең аз

габаритті биіктік, м

Жүру бөлігінің бойындағы жүр-гіншілер жолы

6 (ерекше жағдай­ларда 12 )

2,50

Жүру бөлігінің бойындағы

велосипед жолы

10 (қиылыстар-дағы радиусы бойынша 2)

Көше типтеріне қарай

30

10

2,50

Жүргіншілер мен

велосипедтің ортақ жолы

10 (қиылыстар-дағы радиусы бойынша 2)

3 ( ерекше жағдайда

250 м-ден артпаса - 4;

ерекше жағдайда 30 м-ден артпаса - 8)

30

10

2,50

Велосипедтік трек

10 (қиылыстар-дағы радиусы бойынша 2)

3 ( ерекше жағдайда

250 м-ден артпаса - 4;

ерекше жағдайда 30 м-ден артпаса - 8)

30

10

2,50

Жеке жүргіншілер жолы

6 (ерекше жағдайлар­да 12)

2,50

Жеке велосипед жолы

10 (көшенің түйіскен жерін­дегі радиусы бойынша 2)

3 ( ерекше жағдайда

250 м-ден артпаса - 4;

ерекше жағдайда 30 м-ден артпаса - 8)

30

10

2,50

Жолдарды күтуге арналған имараттар

6 (ерекше жағдайлар­да 12)

3,50 (2,50)

8-қосымша

(ұсынылатын)

Қ 8.1 Автомобильдерді қоюға арналған

ғимараттар мен имараттар

Қ8.1.1 Көпқабатты гараждар қабаттарының биіктігі 2 м кем емес, бокстар аймақтарында 1,85 м-ді құрай алады.

Ірі габаритті автомобильдер үшін бірінші қабат биіктігін үлкейту қажет.

Қ8.1.2 Жылжымалы платформалар көмегімен бірінің үстіне бірі орналасқан екі автомобиль сыятын шағын жеке гараж құруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда аралас жолаушы-жүк таситын құрама қорабы бар автомобиль үшін тек төменгі орын бөлінеді.

Көтермелі алаң электрмотормен, ал электр тоғы болмаған кезде қол насосының көмегімен қозғалысқа түседі.

Көтергішпен жарақтандырылған және басқару тетігінен қақпашамен қызмет көрсе­тілетін үш жеңіл автомобильге арналған гараж, тұрғын үй ауласындағы көп қабатты гараж-тұрақ кешенінде орналасқан көп бөлікті гараждың құрамдас бөлігі де болуы мүмкін.

Тұрақтың әрбір орнының пайдалы жүктеме мөлшері 2500 кг. Гаражға кіру және шығу еңісі 14%-тен артық болмауы тиіс.

Қ8.1.3 Жеңіл автомобильдерді қозғалысы басқару тегінен рет­телетін жылжымалы алаңдарға орналастыру жүйе­лерін қолдану ұсынылады, бұл кіру жолдарын босатуға мүмкіндік береді.

Жылжымалы автомобиль алаңшалары жеңіл автомобильдерді ортаңғы жүру жолы бойымен тұрақ орнына қарай немесе көтергішке, немесе шығу жолына қарай тасымалдайды.

Бойлай немесе көлденең бағытта жылжитын табандық-тұрақтарды қолдану гаражды пайдалану нәтижелілігін 50-80%-ке арттырады

Қ8.1.4 Көтергіштермен толық жарақтанды­рылған гараждар бөлме көлемін барынша тиімді қолдануға мүмкіндік туғызады. Басқару гаражға кірер кезде кодты қосу жолымен автомобиль жүргізушісі арқы­лы жүзеге асырылады. Мұндай толық автоматтандырылған гараждар 20 қабатқа дейін болуы мүмкін.

10 қабатқа дейінгі биіктікте гидравликалық жетегі бар көтергіштер орнатылады. Бұл жүйе гараждың пайдалы ауданын барынша тиімді қолдануға мүмкіндік туғызады, пайдалануда сенімді, шуы аз, пайда­ланылған газды шығармайды, қоршаған орта үшін зиянсыз.

Қ8.1.5 Әр көтергіш 40-тан 80-ге дейінгі жеңіл автомобильдерге қызмет көрсетеді. Автомобильді тұраққа орналастыруға немесе одан шығаруға жұмсалған уақыт орташа есеппен 1-2 минутты құрай­ды. Өте тар жер учаскесінде автомобильдерді «бірінің үстіне бірін көлденең орналастыруға» болады, бұл жағдайда автомобильдердің бойлық осьтері гараждың бойлық осімен паралель болады.

Қ8.1.6 Жарыққалқанның (рампаның) көлік жүретін бөлігінің ені 7,5 м болса, автомобильдерді жарыққалқандардың екі жағымен 5-6,5%-ті құрайтын аз ғана еңіспен қою барынша үнемді, алайда екіжолақты қозғалысқа тән кедергілерге байланысты өтуге арналған ұзын жолдардың салынуын талап етеді.

Бокстердің тереңдігі, ереже бойынша, 4,5-5 м-ді құрайды.

Мұнара типті, жоспарда дөңгелек немесе сопақ кескіндердегі гараждарға да осы принцип қолданылады. Мұнда жарыққалқан еңісі 3%-ті құрайды, ал көлік жүретін жолдың ені 7 м-ге жетеді.

Қ8.1.7 Кіру және шығу бөлек (жеке) болған жағдайда кіру қақпасының ені 2,4 м-ден, ортақ бол­ғанда - 4,8-5 м-ден; шығу қақпасының биіктігі 2,7 м-ден кем болмауы тиіс.

Қ8.2 Жолдар мен көшелердің көлденең пішіндері