Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

13.4 Сыртқы көлік

Теміржол көлігі

13.4.1 Темір жолдарды жобалауды Астана қаласын дамытудың бас жоспары және Астана темір жолы торабын дамытудың кешенді сұлбасы негізінде жасау қажет.

13.4.2 Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қойма­лық аумақтарға кіретін қала аумағын­дағы теміржол жолдарының жаңасын салуға және қазіргі барын сақтауға, ереже бойынша, тасымалдауды көліктің басқа түрлерімен жүргізу тиімсіз болғанда, жүк айналымы тәулігіне 5 және одан көп вагонды құрайтын жағдайда жол беріледі.

Одан аз жүк айналымында кіру жолдарын салуға тиісті техникалық-экономикалық және санитарлық-экологиялық негіз­деме болған жағдайда жүк тасымалдауға арнайы талаптармен шартталған ерекше жағдайда жол беріледі.

13.4.3 Қолданыстағы және жаңа теміржол желісі мен қосымша жолдар құрылыс салынған аумақтардан өткен жағдайда жаңа құрылысты және қазіргі барын қайта құрылымдауды жобалау кезінде МҚН 2.04-03-2005 нормаларына сәйкес шу деңгейі есебін жүргізу және шудан қорғау шараларын қарастыру, сондай-ақ, пайдаланудың қалыпты режіміндегі және ықтимал апаттар кезінде қоршаған орта құрауыштарының (әуе бассейнінің, топырақ жабынының, беттік және топырақ суларының) ластану деңгейі мен аймақтарын есептеуді жүргізу қажет.

Іргелес тұрғын құрылысына жайлы жағдай жасауға бағытталған табиғатты қорғау шараларын қарастыру қажет.

13.4.4 Теміржол көлігінің жанасатын құрылыс аумақтарына зиянды әсер әрекетін тоқтату, бәсеңдету және теміржол жолдары орналасқан қала жерлерін тиімді пайдалану мақсатында ҚР ҚНжЕ 3.03-01-2001 талаптарын ескере отырып, жолүсті кеңістігінде түрлі қызметтік мақсаттағы қала құрылысы объектілерін орналастыру үшін олардың кейбір учаскелерін жабуға жол беріледі.

13.4.5 Жоғарыжылдамдықты және жүрдек теміржол магистральдары учаскелерін салуды элек­трленген теміржолдар желілеріне қойылатын талаптарға сәйкес, ереже бойынша, қазіргі теміржолдарға кесіп берілген жолақ­тар аумақтарын пайдаланып жобалау қажет.

13.4.6 Қала ішінде теміржол көлігіне кесіп берілген жолақтар шеңберіндегі жерлер Астана қаласының қалақұрылыстық реттеу сызықтарын белгілеу тәртібі талаптарына сәйкес келісілген және бекітілген қалақұрылыстық реттеу сызықтарының бөлу сызу-актісімен бекітіледі.

13.4.7 Жолаушылар станциялары мүмкіндігін­ше транзитті болуы керек; оларды қала аумағының жерасты және жерүсті жолдарында орналастыру қажет.

13.4.8 Қаланың бірнеше соңғы вокзалда­рын бір-бірімен өзара айналма жолмен, ең жақсысы қала ішіндегі ауысып мінетін тарамдармен біріктіру ұсынылады.

Тауар станцияларын жолаушылар станцияла­рынан бөлек орналастыру қажет.

Вокзалдарға теміржол жолдарын:

- шлагбаумы бар өтпелер құру арқылы қауіпсіздігі қамтамасыз етілген қала көшелері деңгейінде;

- астында қала көшелері өтетін үйінділер үстімен;

- рельс жолдары үстінен көшелерді өткізуге арналған жолөткелдері бар терең шұңқырларда төсеу қажет.

Терең шұңқырларды жасау жер асты сулары деңгейін төмендету шараларын өткізіп жасалуы тиіс.

Әуе көлігі

13.4.9 Әуежайлар мен тікұшақ станцияла­рын орналастыруды және дамытуды Астана авиация торабын дамытудың бас жоспары және кешендік сұлбасы негізінде ҚР ҚНжЕ 3.03-03-2001 және МемСТ 22283 талаптарына сәйкес жүргізу қажет.

13.4.10 Әуежайлар көпшілік жолау­шылар көлігінің жүрдек түрлерімен, ішкі көліктің басқа объектілерімен және басқа қалалық қызметтік аймақтармен өзара байланысты болуы тиіс.

Бұл жағдайда жолаушыларды көшеден тыс жүрдек көлік станцияларынан әуежайларға тікелей жеткізуді қамтамасыз ету қажет, ауысып міну кезінде жүргіншілар жолының ұзындығы 100 м-ден аспауы тиіс.

13.4.11 Әуежайларды қала маңы аймақта­рында қала шекарасынан 30-35 км-ден кем емес қашықтықта және әуежайға әуеден жақын­дау қала аумағынан жеткілікті алыстықта өтетіндей етіп орналастыру қажет. Бұл жағдайда ұшып жатқан ұшақтар шуының рұқсат етілген дәрежесінің белгіленген санитар­лық нормалары орындалуы тиіс.

13.4.12 Жолаушыларды, жүктерді жедел тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және жедел дәрігерлік көмек көрсету, сондай-ақ төтенше сипатты шараларды жүзеге асыру мақсатында қалалық аумақ және қала маңы аймақтары шектерінде тікұшақтық көлікті пайдалану ұсынылады.

Тікұшақтар, сондай-ақ қаланың қала маңы аймағымен және әуежайлармен қатынасында пайдаланылуы мүмкін. Тікұшақ алаңшасын қалада орналастырған кезде, іргелес тұрғын аудан­дардың шу және вибрация режімінде де, тікұшақтар ұшатын әуе трассаларына да қатысты алғанда, санитар­лық-гигиеналық талаптарды орындалу қажет.

Тікұшақтардың өлшемдері мен орналасуын 15-тарауға сәйкес қабылдау керек.

Автомобильдік көлік

13.4.13 Жолаушылар автовокзалдары мен ірі автостанцияларды қаланың көшелік-жолдық магис­тральдары желісінің қала сырты автомобиль жол­дарына шығатын жерлерінде, көшеден тыс жүрдек көлік станциялары, басқа қалалардан келушілердің жаппай ағыны келетін объектілер жанында орна­ластыру қажет.

Автовокзал және автостанция аумағындағы көлік қозғалысының сұлбасы автобус (қалааралық және қала ішіндегі) және автомобиль қозғалысының ағымдылығын қамта­масыз етуі қажет. Сонымен қатар, аумақта автобустар мен автомобильдерге арналған тұрақтар, ал жеке жағдайларда жанар май құю стансалары қарастырылады.

13.4.15 Жаңа жүк автостанциялары мен контейнер алаңшаларын, ереже бойынша, өнеркәсіптік ау­мақтарда қаланың негізгі магистраль желісімен байланыста орналастыру қажет.

13.4.16 Басқа қалалардан келген көліктерге қызмет көрсету үшін қалаға жақын республи­калық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында техникалық қызмет көрсету стансала­рын және қонақ үйлер болуын қарастыру қажет.