Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

14.4 Суды төмендету жүйесі

14.4.1 Астана қаласының жер асты сулары-ның жоғарғы деңгейлігіне қарай ғимаратты салу кезінде де, оны пайдалану кезінде де жер асты суларын төмендету жүйесін қарастыру қажет. Суды төмендету жобасы «Астана қаласын 2030 жылға дейін тұрақты дамытудың стратегиялық жоспары туралы» Республика Президентінің Жарлығына және ҚР ҚНжЕ 1.02-18-2004-тің талаптарына сәйкес іздестіру материалдарының негізінде жобалануы тиіс.

14.4.2 Су бұру құбырлары жүйесінің гидравликалық есебін, құбырлар материалы және қотару, тазалау имараттарын (қажет болған жағдайда) ҚНжЕ 2.06.14-85, ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 және ҚНжЕ 2.04.03-85-ке сәйкес жобалау керек.

14.4.3 Жер асты суларының шығу шарттары мен шығатын орындары ҚР Санитарлық-эпиде­мио­логиялық бақылау жөніндегі Уәкілетті органмен, ҚР Табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және «Жер үсті суларын ағын сулардың ластауынан қорғау ережелерімен» келісілуі керек.

14.5 Жылумен қамтамасыз ету

14.5.1 Жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау және салу ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003-тің талаптарын ескере отырып, ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006, МҚН 4.02-02-2004-тің талаптарына сәйкес орындалуы керек.

14.5.2 Астана қаласы аумақтарындағы тұрғын және қоғамдық құрылыстарды жылумен қамтамасыз етуді экологиялық талаптар сақталған жағдайда ЖЭО-ынан, жергілікті (орталықтандырыл-маған) жылу көздерінен орталықтан­дырылған түрде қарастыру керек.

14.5.3 Жылудың сағаттық есептік шығындары тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттар мен имараттарды жылыту, желдету және ыстық сумен қамтамасыз ету жобалары болмаған жағдайда, жылу жүктемелерін орналастыру тығыздығының іріленген көрсеткіштері бойынша немесе 14.5.1 және 14.5.2-кестелерде келтірілген ғимараттың жалпы ауданының 1 м2-ге шаққандағы жылу шығынының іріленген кешенді көрсеткіштері бойынша анық­талуы тиіс.

14.5.4 Қала аумақтарындағы жылумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған көздерін өндірістік аймақтарға Астана қаласын дамытудың стратегиялық жоспарын ескере отырып орналастыру қажет.

Жергілікті қазандықтарды салуға:

- орталықтандырылған көздерде жылу (ЖЭО немесе топтық қазандықтар) резерві болмаған жағдайда;

- жылумен қамтамасыз ету ұйымдары жылу берудің немесе жылу тасымалдағыш параметрлерінің қажетті режиміне берілетін кепілдіктерді бекітпеген жағдайда;

- 1-санатты объектілер үшін тәуелсіз екі жылу тораптарынан берілетін жылуды сақтау мүмкіндіктері және технологиялық қажеттіліктерге буды пайдалану қажеттігі болмаған жағдайда рұхсат етіледі.

14.5.5 Жергілікті қазандықтардың орналасатын орны Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері Уәкілетті органының қорытындысы негізінде жобалық шешіммен анықталады.

14.5.6 Жеке тұрған жылу қазандықтарына арналған жер учаскелерінің өлшемдерін 14.5.3-кесте бойынша алу керек.

14.5.7 Жылумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жаңа көздерінен алынатын сұлбадағы жылу магистральдары, ереже бойынша, жылуландырудың жалпы қалалық жүйесімен резервтік байланыста қарастырылады.

14.5.8 Жылумен қамтамасыз етуді қалалық тораптарға қосу, ереже бойынша, (ОЖП және ЖЖП) орталық және жеке жылу пункттері арқылы техникалық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

14.5.9 Тұрғын құрылыстарындағы жылумен қамтамасыз етудің көздерін, орталық жылу пункттерін орналастыру шу мен дірілді МҚН 2.04-03-2005, МҚН 4.02-02-2004, ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002*, ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 бойынша нормативтік деңгейге жеткізу шараларын жүргізудегі акустикалық есептерге негізделуі тиіс. Қазандықтардың санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдері өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес анықталады.

14.5.10 Қоғамдық ғимарттарда қосарлы салынған газдық қазандықтарды:

- жарылу және өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз ету жағдайында;

- қазандықтарды нормативтік желдетуді, оның ішінде апаттық желдетуді қамтамасыз ету жағдайында;

- қызметкерлердің қызмет көрсетуінсіз авто­матты режімде жұмыс істейтін жабдықтарды пайда­лану жағдайында орналастыруға жол беріледі.

Қазандықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлерге орналастыруға жол берілмейді.

14.5.11 Қосарлы салынған қазандықтардың түтіндік мұржалары арнайы қарастырылған шахта­лардың ғимараттары ішіне орналастырылуы немесе ойықтардан 1 м-ден кем емес ара қашықтықтағы тұйық аралықтарды бойлай ғима­ратттардың сыртынан өткізілуі тиіс.

14.5.12 Аумақтарды үнемдеу мақсатында вертикалды жазық­тықтағы агрегаттарды (қазандарды) екі және одан да көп қабаттарда орналас­тырып, көпқабатты типтегі қазандықтарды жапсарлас және жеке салуға жол беріледі.

14.5.1-к е с т е

Кешенді көрсеткіш құрылымы

Астана қаласының тұрғын және қоғамдық құрылыстарына арналған жылу шығынының есептік кезеңдегі салыстырмалы кешенді көрсеткіштері, энергияның үнемделуін ескергендегі тұрғын ғимараттың жалпы ауданының 1 м2 -ына шаққандағы ккал/сағ./вт)

1 Тұрғын ғимараттарды жылытуға арналған жылудың максималды-сағаттық шығыны

68,0

79,0

2 Қоғамдық ғимараттарды жылытуға арналған жылудың максималды-сағаттық шығыны

35,4

41,16

3 Қоғамдық ғимараттарды желдетуге арналған жылудың максималды-сағаттық шығыны

47,7

55,46

4 Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған жылыту кезеңіндегі жылудың орташа айлық шығыны

14,0

16,27

5 Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторындағы жылу шығынының кешенді көрсеткіші

165,0

191,86

6 Қоғамдық және тұрғын секторындағы жылыту жүктемелерінің ара қатынасы

0,52

7 Қаланың қоғамдық ғимараттарындағы желдету және жылыту жүктемелерінің ара қатынасы

1,35

БАРЛЫҒЫ

165,0

191,86

14.5.2 к е с т е - Құрылыс тығыздығына байланысты жылу тығыздығы (сағ./га-дағы Гкал), (мың,м2/га)

Салынған аумақтарды

пайдалану қарқындылығының көрсеткіші

Өлш.бірлігі

Қала аумақтары

Қалалық қала құрылыстық түйін

Магистраль маңындағы аумақтар

Квартал өлшемді магистраларалық

Аумақтар

5 га-ға дейін

5-тен 10 га-ға дейін

10 га-дан артық

Жылу тығыздығы

гкал/сағат

га

4,6-дан артық

2-ден 4-ке дейін және одан артық

1,8-ден

4,4-ке дейін

0,8-ден 1,8-ге дейін

2,0-ден 1,2-ге дейін

14.5.3 к е с т е - Жеке тұрған жылу қазандықтарына арналған жер учаскелерінің өлшемдері

Қазандықтардың жылу өнімділігі

Гкал/сағ. (МВт)

Қазандықтардың жер учаскелерінің

өлшемдері, га

Қатты отынмен жұмыс істейтін

Газды-мазутты отынмен жұмыс істейтін

5-ке дейін

0,7

0,7

5-тен 10-ға дейін (6-дан 12-ге дейін)

1,0

1,0

10-нан 50-ге дейін (12-ден 58-ге дейін)

2,0

1,5

50-ден 100-ге дейін (58-ден 116-ға дейін)

3,0

2,5

100-ден 200-ге дейін (116-дан 233-ке дейін)

3,7

3,0

200-ден 400-ге дейін (233-тен 466-ға дейін)

4,3

3,5

Ескертулер

1 Тікелей бас тоғаны бар ыстық сумен тұтынуды қамтамасыз ететін жылу қазандықтарының жер учаскелерінің, сондай-ақ отынды жеткізу темір жолмен көзделетін қазандықтардың өлшемдерін 20%-ке арттыру керек.

2 Күлқожүйінділерін қоныстық аумақтардың сыртында орналастыру қарастырылуы керек. Күлқожүйінділерін орналастыру шарттарын және алаңшалардың өлшемдерін анықтау ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 бойынша қарастырылады.

3 Қазандықтардың санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдері қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес анықталады.

14.5.13 Ғимараттар мен имараттарды ішкі жылумен қамтамасыз ету үшін:

- жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК), жылу сорғыларын, күн және жел знергиясын және т. б. пайдалану;

- жылулық және суықтық аккумуляторларын құру;

- екінші энергия ресурстарының (ЕЭР) жы-луын пайдалану құрылғылары қарастырылады.

Ғимараттар мен имараттарды ішкі жылу­мен қамтамасыз ету үшін ЕЭР және ЖЭК-рін пайдаланудың дұрыстығы, жылу өндіруші құрылғы­ларының сұлбаларын таңдау ЕЭР және ЖЭК-тің бір қалыпсыз түсуін ескере отырып, техникалық-экономикалық есепке негізделуі тиіс.

Жылу тораптары

14.5.14 Жылу тораптарының трассалары мен оларды жүргізу әдістерін ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2007, ҚНжЕ II-89-80*, МҚН 4.02-02-2004, ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002*, ҚР ЕЖ 4.02-04-2003, ҚР ҚН 4.02-09.2002-нің және Жылу тораптары объектілерін қорғау ережелерінің нұсқауларына сәйкес қарастыру керек.

14.5.15 Диаметрі 500 мм-ге дейінгі жылу тораптарын жер астынан жүргізу, ереже бойынша, қазіргі заманғы оқшау­лағыш жабынды қолданып, каналсыз түрде, ал 500 мм және одан артық құбырлар каналдарға салынады

Жылу тораптарын жер үстінен жүргізуге өнеркәсіптік аймақта жол беріледі, ал тұрғын аймақта жер астынан жүргізу мүмкін болмағандықтан жылу тораптарын жүргізу белгіленген тәртіпте берілген тиісті арнайы техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

14.5.16 Халық жиналатын жерлерде (сауда кешендеріне кіретін жердің жанында, вокзалдың маңайындағы алаңша­ларда, ойын-сауық және бос уақытты өткізу орын­дарында), сондай-ақ жолдардың жүру бөліктерінің астынан каналсыз жүргізуге тыйым салынады.

Магистральды көшелерде инженерлік тораптарды өту арналарында орналастыру керек. Кварталішілік аумақтарда инженерлік тораптарды арнасыз жүргізуге рұхсат етіледі.

14.5.17 Диаметрі 300 мм-ге дейінгі кварталішілік жылу тораптарын, ғимараттан шығатын жердің төменгі нүктесіне құрғататын құдық орнатып, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың техникалық еденасты қоймаларында және техникалық дәліздерінде (1,8 м-ден кем емес биіктікте) жүргізуге болады. Балалар және емдеу-профилактикалық мекемелерін жылу тораптарының қиып өтуіне жол берілмейді.

14.5.18 Жеке тұрған ғимараттардағы кварталішілік жылу торап­тарының ұзындығы 30 м-ге дейін және диаметрі 80 мм-ге дейін жететін тармақтарына жапқыш арматураны құруға жол берілмейді; кварталішілік аумақтарда жер астынан жүргізген жағдайда жылыту камераларын қондырмай, өтуге болмайтын каналдарда тармақ-тау жұмыстарын орындауға рұқсат етіледі.

14.5.19 Көше жол торабының шегінде ППУ оқшаулауда жылу торабының құбырларын арнасыз жүргізу үшін арматураны (шар шығырандары және ысырмалар) камерасыз құру ұсынылады. Жер асты сулары жоғарғы деңгейде тоқталған топырақтарда ғы ППУ оқшаулауда жылу торабын құрастыру барысында жүргізу аймағын құрғату жолымен су деңгейін жасанды түрде төмендету керек.

14.5.20 Жылу тораптарын жобалау және салу барысында құбырлардың жылу-су оқшаулағышын және фасондық бұйымдар­дың энергияны үнемдей-тін қазіргі заманға сай аса тиімді құрылымдарын қолдану қажет.

14.5.21 Болат құбырлардың сенімділігін, ұзаққа жарамдылығын арттыру үшін және пайдалану шығындарын төмендету үшін полиэтилен гидрооқшаулағыш қабық­шадағы пенополиуретаннан жасалған индустриал­ды жылу оқшаулағышы бар болат құбырларды қолдануға жол беріледі.