Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

2 Нормативтік сілтемелер

2.1 Осы нормалар мен ережелер, тізімі 1-қо­сымшада келтірілген, нормативтік құқықтық актіле­ріне және нормативтік-техникалық құжаттамалары­на сәйкес келеді.

2.2 Осы нормалар мен ережелерде ескерілетін нормативтік құқықтық актілер, нормативтік-тех­никалық құжаттамалар және стандарттар әрбір сілтеген нормативтің белгіленген шегінде талаптар бө­лігі ретінде қарастырылуы тиіс. Осы нормалар мен ережелердің және сілтемелік нормативтердің айыр­машылығы болған жағдайда, осы нормалар мен ере­же­лердің қағидалары ұтымды болып саналады.

2.3 Осы нормалар мен ережелерде сілтеме берілетін нормативтік-техникалық құжаттар қолда­ныстағы санынан шығарылып тасталған кезде, шығарылғандардың орнына енгізілген мемлекеттік нормативтер талаптарын жетекшілікке алу керек.

3 Терминдер және анықтамалар

Осы нормативтік-техникалық құжатта анық­тамалары «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс» туралы Заңында, ҚР ҚНжЕ 1.01-32-2005, ҚР ҚНжЕ 1.01-35-2005 келтірілген терминдер пайдаланады, ал қабыл­данған қосымша терминдер және олардың анық­тамалары 2-қосымшада келтірілген.

4 Астана қаласы аумағының

негізгі қызметтік аймақтары

және олардың жайғастырылуын

ұйымдастыруға қойылатын

талаптар

4.1 Астана қаласының аумағы қызметтік мақ­саты бойынша келесі аймақтарға бөлінеді:

- қоғамдық (қоғамдық қызмет көрсету объек­тілер желілерімен);

- тұрғын; - өндірістік; - тынысжай;

- қорғалатын;

- инже­нерлік және көліктік инфрақұрылым (көше­лік-жол және инженерлік желілерімен);

- Астана қаласының қала құрылыс жобала­рын­да қарастырылатын басқа аймақ­тар.

4.2 Қаланың қызметтік аймақтарының ау­ма­ғын жайғастыруын ұйымдастыру үшін келесі ша­ра­лар қарастырылады:

- аумақтың инженерлік дайын­дығы;

- қоршаған ортаны қорғау;

- инженерлік қам­та­масыз ету;

- өртке қарсы талаптар және басқалары.

4.3 Қала аумағындағы қызметтік аймақтары­ның және жоспарлау мен құрылыс салу объектіле­рі­нің орналасуын Астана қаласы дамуының Бас жос­пары, қалалық жайғастыру аудандарының аумақта­рын дамыту қала құрылыс жобалары (сұлбалары), жайғастыру жобалары, құрылыс салу жобалары және басқа да қаланың жобалау-жайғастыру құжат­тамасы құрамында және негізінде анықталады. Қызметтік аймақтардағы объектілер шекаралары қала құрылыс құжаттамасында белгіленеді.

4.4 Қала құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жоспарлау мен құрылыс салу объектілерін төмен­дегілерді сақтау ескеруімен жобалау керек:

- қызметтік аймақтарын пайдалану қарқынды­лығын және олардың әр түрлі аумақтар үшін деф­ференциациясы;

- қызметтік-жайғасымдау құрылуына сәйкес келетін аумақтардың немесе әр түрлі қызметтік мақсатындағы қордың есептік қатынасы;

- тарихи және мәдениет ескерткіштерін қор­ғау, тарихи жайғастыруын және құрылысын сақ­тау талаптары;

- қоршаған ортаны және табиғат кешені (ТК) аумақтарын қорғау талаптары;

- санитарлық-гигиеналық нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары және басқа Астана қаласына арналған арнайы талаптары.

4.5 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың типтік жобаларын осы жерлерде пайдалануына жол берілмейді:

- тарихи-мәдениет қызметіндегі, табиғат ке­шеніндегі аумақтар, қорғалатын аумақтар шекара­ларында;

- жалпықалалық орталығы жүйесінің, орталық «Астаналық» ауданының, қала құрылыс түйінде­рінің, магистраль маңайындағы қоғамдық аймақта­рының, көпқызметтік аймақтарының, ерекшелен­дірілген қоғамдық аймақтарының ау­мақтарында.

4.6 Бар құрылыс салудың аудандарының қайтақұрылымдауы арнайы қалалық бағдарлама бойынша өткізілуі тиіс.

Қайта құрылымдау кезінде дамудың сабақтастығын және қала ортасын әр алуандылығын қамтамасыз ету мақсатында қайта құрылымдалатын ортаның жағымды сапасын - көшелерге қатысты ғимараттардың орналасуын, ашық және құрылыс салынған кеңістіктерінің масш­табты қатынасын, көгалдандыру, абаттандыруын - сақтау (қайта құру) керек.

4.7 5,0 га-дан асатын аумақтың құрылыс са­луын, ереже бойынша,кешенді күнделікті пайдалану объекті­лерінің құрылысын ескеруімен қарастыру керек.

Е с к е р т у - Қала құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде азаматтық қорғаныс және қауіпті табиғат және аумақтарды техногендік процесстерден қорғау шараларын қарастыру керек.