Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

10.5 Топырақтарды қорғау

10.5.1 Қала құрылынқ жобалаудың барлық сатыла­рына арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу барысында жобаланатын объектінің әсер ету аймағындағы топырақ жамылғысының қазіргі жағдайының сипаттамасы келтіруі тиіс.

Топырақтардың ластану деңгейін баға­лау химиялық, микробиологиялық және паразито­логия­лық зерттеулер кешені бойынша МСТ 17.4.3.03, МСТ 17.4.2.03, МСТ 17.5.3.06, МСТ 17.4.2.01, МСТ 17.5.3.04, МСТ 17.5.1.02 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар топырақтар жағдайын бағалау кезінде:

- топырақтың радиоактивтілігі (табиғи жағдайы және жасанды радиоактивтілігі);

- топырақ ластануының жерасты және жерүсті суларының сапасына әсері;

- топырақтың шаң жасау қасиеттері;

- топырақтың өздігінен тазартылу қасиеті анықталады.

Топырақтарды қорғау шаралары оларды пайдаланудың, қолдану мақсатын өзгертудің және топырақты қалпына келтірудің арнайы режімін жүргізуді қарастырады және аумақты қызметтік пайдаланудың әр түрлі типтері үшін және объектілердің әр түрлі қызметтік мақсаттары үшін топырақтардың ластану қауіптілі­гінің дәрежесін анықтайтын белгілерде негіз­делуі тиіс.

10.5.2 Топырақ сапасын бағалау жобалау алдындағы құжаттаманың, құрылысқа арналған учаскені таңдау, жобалық құжаттаманы әзірлеу, құрылыс жұмыстарын құрылыс біткен соң да жүргізу кезеңдерінде жүргізіледі.

Бағалау нәтижелері бойынша топырақтардың ластануын болдырмау немесе азайту шаралары (ұсыныстары), сондай-ақ бүлінген немесе ластанған жерлерді қайта өңдеу шаралары әзірленеді.

10.6 Аумақты өнеркәсіптік және

тұрмыстық қоқыстардан тазарту

10.6.1 Қала аумағын жайғастыру және салуды әзірлеу барысында құрамына аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың қауіпті қалдықтарын зарарсыздандыру және пайдаға асыру (қайта пайдалануды ескеріп) жататын өнеркәсіптік және тұтыну қалдықтарды жинау, жою, көму, қайта өңдеу, қауіпсіз жұмыс істеу шаралары ҚР ҚНжЕ 1.04-14-2003 және ҚР ҚН 1.04-15-2002 талаптары негізінде қарастырылуы тиіс.

Тұрғын ғимараттарын, сондай-ақ өнеркәсіп ғимараттарын, жұмыс істеу барысында қалдық жиналатын ғимараттар, құрылымдар, имараттар мен басқа объектілерді жобалау барысында осындай қалдықтарды жинайтын орындардың (алаңшалар) болуын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдар және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласын­дағы мемлекеттік органдар белгілеген қал­дықтарды ұқсату саласының ережелеріне, норма­тивтеріне және талаптарына сәйкес қарастыру керек.

Қалдықтарды орналастыру және жою қорша­ған ортаны қорғау саласының уәкілетті органда­рының және санитарлық-эпидемиологиялық қыз­меттің мемлекеттік органы және басқа да арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойын­ша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен анықталатын орындарда жүргізіледі.

10.6.2 Жобалық құжаттаманы әзілеген кезде келесі шаралар жүргізілуі керек:

- қалдықтар пайда болуының анағұрлым қауіпті көздерін (кәсіпорындар, ұйымдар және ұйым­дастырылмаған қоқыс үйінділері) анықтап, қалдық­тардың барлық түрлерінің пайда болу, заласыз­дандырылу және орналастыру талдамасын жасау;

- қалдықтардың көлемін азайту, оларды зарарсыздандыру және қайта пайда­лануы ескеріл­ген қайта өңдеу саласындағы ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік шамасын бағалау;

- жобаны іске асыру кезеңінде қалдықтардың пайда болуын, зарарсыздандыру және пайдала­нуын жобалау.

10.6.3 Қалдықтарды орналастыру мен қайта өңдеудің экологиялық қауіпсіз шарттарын жасау шаралары кешенді түрде (қалдықтарды жинау жүйесі мен олардың пайда болу көздерінен қайта өндеу, көму орындарына дейін тасымалдау), қалдықтарды қайта өңдейтін (көметін) объекті­лерді орналастыру үшін жер ресурстарының қажеттілігін және осы қалдықтарды орналастыруға арналған аумақтардың геологиялық жағдайларын ескеріп әзірленеді.

Тез бұзылатын қалдықтар бақыланатын ортасы бар аймақтағы ғимараттың ішінде сақталуы тиіс, сондай-ақ прес­скомпакторларды пайдалану ұсынылады.

Сонымен қатар, улы қалдықтарды ҚТҚ полигондарына қалдықтарды бақылаусыз шығары­луын және рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау шараларын әзірлеу керек.

10.6.4 Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдық­тарды жинау, қайта өңдеу, зарарсыздандыру, жою және т. б. бойынша кәсіпорындарды салуға бөлінетін учаскелерді таңдау барысында объектінің эколо­гиялық ерекшеліктерін ескеру керек және оларды елді мекендер аумақтарын күтуге қойы­латын қолда­ныстағы Санитарлық-эпидемиоло­гиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

10.6.5 Жобалау кезінде қалдықтардың нақты орналасқан орындарын анықтап, оларды сұрыптау, жинау, сақтау және қайта өңдеу шараларын қамтамасыз ету.

Мүмкіндігінше қайта өңдеу орындарын орна­ластыру нұсқаларын қоқыс жинау орындарында (мысалы - бақтарда, саябақтардв т. б. қорданы орнату) қарастыру қажет.