Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

14.9 Байланыс, радиохабар, теледидар

14.9.1 Астана қаласының байланыс жүйелерін дамытуға мыналар жатады:

- көпшілік пайдала­натын телефон байланысы;

- мобильдік (ұялы байланыс), радиотеле-фон байланысы;

- сандық телекоммуникациялық ақпарат-тар желілері және деректерді беру жүйелері;

- сымдық тарату;

- эфирлік радиохабар;

- телевизиялық хабар.

14.9.2 Астана қаласындағы телефон байла­нысы автоматты сандық телефон стансаларының (АТС) негізінде жүзеге асырылады.

14.9.3 АТС-тың сыйымдылығы:

- тұрғын ғимараттарда - пәтер санының 20%-ының резерві есебінен;

- телефон-автоматтардың саны - 1000 тұрғынға 1 телефон-автомат орнату есебінен алынуы керек.

14.9.4 Қаланың телефон тораптарын дамы­ту үшін жаңа құрылыс аудандарында қазіргі заманғы сандық жабдықтау негіздегі сандық технологияны пайдаланып, соның ішінде:

- қолданыстағы АТС-ның сапалық ескірген жабдығын сандыққа толық ауыстырып;

- шығару, соның ішінде «DЕСТ» радиобайла­нысы аппаратурасының негізіндегі шығаруды қолданып, қолданыстағы алынып тасталған сандық абоненттік модульдерді күшейту;

- ВОЛС бойынша жұмыс істейтін SDN көлік тораптарын дамыту;

- деректерді берудің ақпараттық телеком­муникациялық тораптарын жасау және дамыту;

- «Интернетті» қоса алғанда халыққа ұсы­нылатын мультимедия қызметтерін кеңейтіп, АТС-лар мен шығарылатын абоненттік модульдерді ашып, ҚТТ-ның нөмірлік сыйымдылығын арттыруды қарастыру керек.

14.9.5 Қоныстық аумақтардың даму болаша­ғын ескере отырып, техникалық-экономикалық негіздеме болған жағдайда телефон жүктемелерінің орталықтарында, тұрғын аудандарда орналасқан жеке ғимараттарда жаңа АТС-лар салуды қарастыру керек:

- АТС ғимараты тұрғын кварталдың ішкі бос алаңшасында өнеркәсіптік кәсіпорындарынан (0,5-1 км кем емес), магистральдық көшелер мен алаңдардан, теміржол вокзалдары мен жолдарынан, электр беру желілері мен тас жол-дардан барынша үлкен қашықтықта орналасуы тиіс;

- АТС ғимаратына бөлінген учаскенің ауданы және конфигурациясы техникалық ғимаратты та, қосалқы имараттарды да орналастыратындай болуы тиіс;

- 15-20 жылдық болашақты ескере анықталған АТС ғимаратының ауданы оларды соңғы сыйымдылыққа дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

14.9.6 АТС ғимараты ауданын алдын ала есептеу үшін 14.9.1-кестеде көрсетілген стансаның сыйымдылық бірлігіне келетін орта аудандардың есебін негізге алып анықтау керек.

14.9.1-кесте

Сыйымдылық бірлігі

Ауданы, м2

электрондық және квазиэлектрондық АТС-ң

1 Аудандық АТС-ң (ААТС)

бір абоненттік нөмірі

0,05

2 Бір балама нөмір

(түйінді жабдығы бар ААТС)

0,07

14.9.7 Сымдық таратудың күшейткіш стансаларын қажетті санитарлық нормалар сақталған жағдайда жеке тұрған ғимараттардағы және жарақтандырылған тұрғын бөлмелердегі АТС ғимараттарында орна­ластыру керек.

14.9.8 Қалада радио хабарларын таратуды дамыту үшбағдарламалы таратуды енгізу жолымен жүзеге асырылады.

14.9.9 Есептік жүктемелерді жабуға арналған РТ тораптары күшейткіштерінің жұмыс қуаттылығы 64-68 кВт-ты құрауы тиіс. Жаңа құрылыс аудандарында жалпы қуаттылығы 20 кВт болатын жаңа ОУС және ТП ашу қарастырылады.

14.9.10 Радио нүктелерін тұтыну саны ВҚН 60-8ға сәйкес қабылдануы керек.

14.9.11 Телевизиялық тарату торабын теледидарды ұжымдық қабылдаудың ірі жүйелерінің қызмет көрсету аймақтарын анықтап және аудандық телеақпараттық орталықтары бар телевизиялық таратудың жабық тораптарын жасау шараларын әзірлеп жобалау керек. Теледидар кабельдері телефондық канализация каналда­рынан жүргізіледі.

14.9.12 Астана қаласының жаңа тұрғын аудандарын жобалау барысында кабельдік теледи-дар орнату мүмкіндігін ескеру керек. Кабельдік теледидардың бас стансасы аудандар құрылысы-ның орталық­тарында, 10-20 м2 аудандағы қабатты-лық бойынша биік болып тұра­тын ғимараттарда ор-налас­тыруы тиіс.

14.9.13 Аумақтық аймақтардың, орташа аудандардың, кварталдардың жобаларын әзірлеу барысында телевизиялық тарату жүйелерінің кү-шейткіш бас стансалары санының есебі мен олар-ды орналастыру тұрғын үй қорында бір пәтерге - 2-3 радиоқабылдағыш және әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және басқа ұйымдар үшін пәтерлік радиоқабылдағыш­тардың 2 %-ы нормативі бойынша жүргізілуі керек.

14.9.14 Байланыс, радио­тарату және теледидар құрылғыларын орнату, инженерлік жаб-дықтар жүйелерін диспечерлендіру, өрт және қорғау дабылдарын орналастыру ВҚН 60-89-дың талап­тарына сәйкес жүзеге асырылады.

14.9.15 Өрт дабылын және автоматты түрде өрт сөндіру жүйелерін жобалау барысында ҚР ҚНжЕ 2.02-12-2002, ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 және ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003-тің талаптарын орындау қажет.

Астана қаласының жаңа аудандарын жобалау және қолданыстағыларын қайта құрылымдау барысында мемлекеттік қажеттіліктер үшін ВОЛС құрылысының қажеттігін ескеру керек.

14.9.16 АТС ғимаратына кабельдік канализацияны кем дегенде екі жағынан жүргізу керек; қаланың телефон торап­тарына байланыс кабельдерін кабельдік канали­зацияларда және, ерекшелік ретінде, тиісті негіздемелер болған жағ-дайда тікелей топыраққа жүргізілуі керек. Горизонталды жайғасымдауы аяқталмаған, кеуіп кеткен, сазданған учаскелерде, сондай-ақ қайта жайғастыру немесе қайта қалпына келтіру кезінде жабылатын көшелер бойында, қала маңы аймақтарында кабельдерді топырақта жүргізуге жол берілмейді.

14.9.17 Топырақта, кабельді канализациялар мен коллекторларда байланыс және сымдық та-рату кабельдерін жүргізу талаптары мен нормалары ВҚН 116-93-ке сәйкес анықталады.

14.9.18 Байланыс, радиотарату және теледидар объектілерінде технологиялық жабдық-тардың, сызықтық имараттардың және антенна-лық-фидерлік құрылғылардың жаңасын салу және жинақтау және қолданыстағыларын қалпына келтіру ОСТН 600-93-ке сәйкес жүзеге асырылады.

4.9.19 Тұрғын аудан мен ықшамаудан деңге-йіндегі байланыс объектілеріне АТС, тірек-күшейт-кіш стансалары, блок стансалары және сымдық та-ратудың дыбыстық трансформаторлық қосалқы стансалары, пошта байланысы бөлімшесі және ка-бельдік теледидардың техноло­гиялық орталықтары жатады. Байланыс объектіле­рінің есебі 14.9.2-кестесі бойынша жүргізіледі.

14.9.20 Тұрғын аудандар аумақ­тарындағы объектілер және байланыс желілері мен жалпы коллекторлар орналасқан учаскелерді пайдалану 14.9.3-кестесі бойынша қабылданады.

14.9.21 Байланыстың радиорелелік желілері­не және теледидар объектілеріне арналған қорғау аймағы ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002*-нің 9.48* т. сәйкес анықталады. АТС-ның аудандық және түйіндік ғимараттарына арналған қоршау­лардың биіктігін 1,2 м ВҚН 333-93-ке сәйкес қарастырады.

14.9.22 Әр түрлі ақпараттық бағдарла­маларды іске асыру, ҚТС жұмысының сенімділігін арттыру, қаланың барлық департаменттерінің, комитеттері мен кәсіпорын­дары басқару жүйелері­нің корпоративтік міндеттерін телефонияның, деректерді, интернет-телеметрия-ларды, теледи­дар хабарларын берудің қазіргі телекоммуника­циялық құралдарының кешенді жиынтығымен шешу үшін қалада байланыстың талшықты-оптикалық сақинасы құрылуы тиіс, сон-дай-ақ радиотелефон­дық ұялы байланыстың дамуына қол жеткізу керек.