Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

10.2 Атмосфералық ауаны қорғау

10.2.1 Қала құрылысы құжатта­масын әзірлеу барысында, аэрациялық режімді қоса алғанда, жер бедерін, аумақтың жайғастырылуын ұйымдастыру және микроклиматтық жағдайларды ескеріп, атмос­фералық ауаның жағдайын бағалау және сапасы­ның өзгеру болжамы (РНҚ 211.2.01.01-97) жүргізілуі тиіс.

Атмосфералық ауаның ластануын бағалау қала құрылысы органдары мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың қолданыстағы нұсқаулық құжаттарына сәйкес бекітілген бағдар­ламалар бойынша орындалатын автоматтанды­рылған есептер нәтижелері бойынша жүргізіледі.

10.2.2 Өндірістік аймақтар үшін, сондай-ақ атмосфералық ауаға лас заттарды тастайтын көздері бар жеке орналасқан объектілер үшін өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын сани­тарлық-эпидемиологиялық талаптарға және басқа нормативтік актілерге сәйкес санитарлық-қорғау аймақтарын (СҚА) қарастыру керек.

10.2.3 Осы нормалардың 7-тарауының санитарлық-гигиеналық, экологиялық және қала құрылыстық талаптарын қамтамасыз ету мақсатын­да өндірістік кәсіпорындарды жобалау кезінде едәуір жетілдірілген технологиялар мен жабдық­тарды енгізуді, аса тиімді шаң және газ ұстағыш құрылғылардың қолданылуын қарастыру керек.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындауға мүмкіндік болмаса, ауа бассейнінің жағдайына теріс әсер келтіретін объектілер үшін өндірістер салаларын өзгертіп, олар­дың қайта негізделуі немесе жойылуы қарасты­рылуы тиіс.

10.2.4 Магистраль бойында газдану аймақ­тарының қалыптасуын болдырмау мақсатында және оларды жою үшін магистраль арасын­дағы аумақтардың, соның ішінде аула ішілік кеңісті­ктердің аэрация жағдайларын ескеретін және қаланың әр түрлі аумақтары, емдеу-профилакти­калық мекемелері және демалыс объектілері үшін атмосфералық ауа сапасының санитарлық-гигиена­лық нормативтерін қамтамасыз ететін жайғастыру шаралары әзірленеді.

10.2.5 Санитарлық-қорғау аймақтар атмос­фералық ауаны ластау көздері болып табылатын және оларға белгіленген ШЖҚ нормаларын қамта­масыз етпейтін объектілердің барлығына қарас­тырылуы тиіс.

Осы аймақтардың өлшемдері қоршаған ортаны шудан, дірілден, электрмагниттік толқын­дардан және басқа зиянды факторлардан қорғау та­лаптарын ескеріп, атмосфералық ауа ластануының болжанатын деңгейлерінің есебімен дәлелденуі тиіс.

Өнеркәсіптік объектілердің алаңшалары тұрғын құрылыс пен тынысжай аумақтарына қатысты ық жағынан орна­ласуы тиіс.

10.2.6 Тұрғын аумақтардың шегінде зиянды заттарды бөліп шығармайтын, өрт қаупі және жарылыс қаупі жоқ процесстер жүретін, белгіленген нормалардан аспайтын шу тудырмайтын, темір­жол кіріс жолдарын салуды талап етпейтін өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыруға жол беріледі.

10.2.7 Қоршаған ортаға зиянды немесе иісі жағымсыз заттарды шығару көздері, сондай-ақ шу­дың, дірілдің, ультрадыбыстың, радиожиілігі электр­магниттік толқындарының, статикалық электрдің және иондай­тын сәулендіру көзі болып табылатын техно­логиялық процесстер жүретін кәсіпорындарды немесе олардың жеке тұратын ғимараттары мен имараттарын тұрғын құрылыс тан санитарлық-қорғау аймақтарымен қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес айырып бөлу керек.