Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

14.2 Канализация

14.2.1 Тұрғын-азаматтық және өндірістік мақсаттағы барлық объектілер канали­зациялаудың орталықтандырылған жүйе­лерімен қамтамасыз етілуі тиіс және ҚНжЕ 2.04-03-85, ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 мен Астананың қалалық су жеткізу және канализациялау жүйелерін пайдалану ережелерінің осы нормалар мен ережелерге қайшы келмейтін бөлімдерінің талаптарына сәйкес жобаланады.

Жеке құрылыстарды, соның ішінде бірпәтерлі тұрғын үйлерді (азқабатты құрылыстар) жобалау кезінде ҚР ҚНЖЕ 4.01-41-2006, ҚР ЕЖ 4.02-16-2005 және ҚР ҚНжЕ 3.02-27-2004-лерді басшылыққа алу керек.

14.2.2 Сыртқы канализациялау жүйелерін жобалау кезінде ағын сулардың келесі есептік шығындары басшылыққа алынуы тиіс:

- реагенттердегі, техникалық-экономикалық есептеулердегі қажеттілік анықталғанда бір жылға ағынды судың орташа тәуліктік (м3/тәулік) шығыны;

- канализациялау коммуникацияларының гидравликалық есебін шығару және сорғылау жабдықтарын таңдау кезінде максималды су бұрудың (л/сек) бір сағатындағы ағын судың секундтық шығыны.

14.2.3 Су бұрудың салыстырмалы сандық шамасы 14.2.1-кестесінде келтірілген су бұру коэффициентінің нормативтік мәнін пайдаланып анықталуы тиіс.

14.2.4 Су бұрудың бірқалыпсыздығының жалпы коэффициенті ағын судың орташа шығынына (бір жылға) сәйкес анықталады және 14.2.2-кестесі бойынша алынады.

14.2.5 Қолданыстағы және жобаланатын имараттарға арналған есептік шығынның шамасын азайту үшін, ереже бойынша, канализациялық сорғылау стансаларына тікелей жақын қондырылатын апаттық-реттеуші резервуарлардың (АРР) канализация­лық жүйелерін қосу керек.

АРР-ға ағын суларды қабылдау сутартқыштардың сорғылау стансаларынан АРР-ға суды бөліп беретін, эжекторлары мен конустық саптамалары бар құбырлар жүйесі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. АРР құрылымы мөлшерлі босатумен қамтамасыз етілуі тиіс және босатудың соңғы кезеңінде оны сорғылау стансасының каналына әкелетін өздігінен босату кезіндегі өздігінен тазартқыш жылдамдығымен қамтамасыз етіледі.

АРР-ның реттелетін көлемін алдын ала бағалау үшін сорғылау стансаларына құйылатын тәуліктік ағын сулардың максималды құйылуының 15%-тік есебінен алынған АРР-ның көлеміне сүйену керек. АРР салуға қажеттілік нұсқалардың техникалық-экономикалық салыстырмаларына негізделуі тиіс.

АРР-ға бөлінетін жер учаскесінің ауданы еңіс құрылғыларын және оны қамтамасыз етуге арналған ені 4,5 м-ден кем болмайтын жолдарды ескере отырып, реттеуші қабатын (резервуардың биіктігін) негізге ала анықталады. Газ-ауа қоспаларын тазарту үшін 1-3 мың куб.м көлеміндегі АРР-ға 1 қондырғы есебінен сіңіргіш сүзгілер орнату қажет.

резервуардың W = 15% Qmax,

мұндағы Qmax - ағындардың ең көп тәуліктік шығыны;

Qmax = Qср.сут. Кс,

мұндағы Qср.сут. - ағынды сулардың орташа тәуліктік шығыны;

Кс – бірқалыпсыздықтың тәуліктік коэффициенті.

14.2.6 Аудандық жүйелердің канализациялық ағын суларды тазартқыш имараттарына арналған жер учаскелерінің өлшемдерін 14.2.3-кестесі бойынша алу керек.

14.2.7 Санитарлық-қорғаныстық аймақтардың канализациялау имараттарынан алынған өлшемдерін 14.2.4-кестесі бойынша алу керек.

14.2.8 Шамамен алынған ағынды сулардың көлемін анықтауға арналған канализациялау жобасы болмаған жағдайда құрылыстың 4.2.5-кестеде келтірілген тығыздығына байланысты су бұрудың салыстырмалы көрсеткіштерін пайдалану керек.

14.2.9 Жаңа аудандық канализация жүйелерін жобалау кезінде канализация тораптарының және аудандық коллекторлардың ұзақтығын тұрғын құрылыстың 1000 кв.м-іне тораптың 20 ұзына бойлық метр есебінен қабылдау керек.

Канализациялық құбырлардың ең аз диаметрі 200 мм-ден кем болмайтындай етіп алынуы тиіс.

Су бұру нормаларын қаланың құрылымдық бөліктерін пайдалану қарқындылығына байланысты 14.2.5-кестесі бойынша қабылдау керек.

14.2.1 кесте - Су бұру коэффициенттерінің нормативтік мәні

Құрылыс типі

Су бұру коэффициенті

Қала бойынша орташа

0,98

Көпқабатты құрылыс

1,0

Азқабатты қосымша құрылыс

0,95

- жергілікті өнеркәсіптің бар болған жағдайда

0,8 - 0,85 - 0,9

14.2.2 кесте- Бірқалыпсыз су бұрудың жалпы коэффициенті

Ағын сулардың

(жылдық) орташа шығыны, л/сек

5-тен аз

5

10

20

50

100

300

500

1000

5000

және одан артық

Бірқалыпсыздық-тың жалпы

коэффициенті

6

4,6

3,5

2,9

2,3

2,0

1,85

1,81

1,75

1,52

14.2.3 к е с т е - Канализациялық тазарту имараттарына арналған жер учаскелерінің өлшемдері

Канализациялық тазарту имараттарының

өнімділігі,

мың.мЗ/тәул.

Жер учаскелерінің өлшемдері (га)

Тазартқыш имараттардың

Лай алаңшалардың

Ағынды суларды терең тазартатын биологиялық тоғандардың

0,7-ге дейін

0,5

0,2

-

0,7-ден 17-ге дейін

4

3

3

17-ден 40-қа дейін

6

9

6

40-тан 130-ға дейін

12

25

20

130-дан175-ке дейін

14

30

30

175-тен 280-ге дейін

18

55

-

Ескертулер

1 Өнімділігі 280 мың.м3/тәул.-нен жоғары тазартқыш имараттардың жер учаскелерінің өлшемдерін ұқсас имараттарға арналған белгіленген тәртіпте әзірленген жоба бойынша немесе ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі Уәкілетті органымен келісілген арнайы ұйымдардың мәліметтері бойынша қабылдау керек.

2 АРР-ға бөлінген жер учаскелерінің ауданы жоспардағы резервуарлардың пішіндемесін, оның жұмыс көлемін, суды жеткізетін және бұратын құбырлардың өту трассаларын негізге ала отырып, сондай-ақ автокөліктің жүруіне арналған еңістер мен жолдарды ескере отырып анықталуы тиіс.

14.2.4-к ес т е - Канализациялық имараттардан алынатын санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдері

Имараттардың атауы

Имараттардың өнімділігі (мың м3/тәул.) кезіндегі санитарлық-қорғау аймағы (м)

0,2 дейін

0,2-ден 5-ке дейін

5,0-ден 50,0-ге дейін

50,0-ден 100,0-ге дейін

200,0-ден артық

1

2

3

4

5

6

1. Апат-реттеуші резервуарлары бар сорғы стансалары

15

15

20

30

30

2. Механикалық және биоло-гиялық тазартқыш имараттар

200

270

530

670

1400

3. Лай алаңшалары бар механикалық және биология-лық тазартқыш имараттары

300

400

800

1000

2000

4. Тұнбаны механикалық құрғататын механикалық және биологиялық тазарту имараттары

100

200

300

400

-

5. Механикалық құрғатылған тұнбаны сақтау алаңшала-ры бар механика­лық және биологиялық тазарту имараттары

300

400

800

1000

2000

Е с к е р т у. Апат-реттеуші түйіндері бар сорғы стансалары үшін өнімділігі 50-ден 280 мың.м3/тәул. дейін болған жағдайда СҚА-ның көлемі 30 м-ге теңестіріледі; өнімділігі 280 мың.м3/тәул.-тен артық болған жағдайда СҚА көлемі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау органдарының келісімімен анықталады.

Өнімділігі 200 мың.м3/тәул. асатын канализациялық тазартқыш имараттарының, сондай-ақ ағынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің қабылданған технологияларынан ауытқыған жағдайдағы санитарлық-қорғау аймақтарын ҚР санитарлық-эпидемиялық бақылау жөніндегі Уәкілетті органдар қабылдаған нормативті-техникалық құжаттар бойынша белгілеу керек.

Ауданы 0,5 га дейінгі сүзгілеу өрістері үшін, ауданы 1,0 га дейін коммуналды типті суару өрістері үшін, өнімділігі 50 м3/тәул. дейінгі ағынды сулардың механикалық және биологиялық тазарту имараттары үшін СҚА-ны 200 м көлемде алу керек;

Өткізгіштік қабілеті 15 м3/тәул. дейінгі жерасты сүзгілеу өрістері үшін 50 м көлемде алу керек;

СҚА көлемдері есептеу жолымен белгіленеді, бірақ бекітілген нормативтерден аспау керек;

Кестеде көрсетілген СҚА-ны тазарту имараттарына қатысты тұрғын құрылыстың ық жағында орналасқан жағдайда, шынайы аэроклиматикалық жағдайды ескеріп, мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қызмет органдары мен мекемелерінің келісуімен үлкейтуге жол беріледі;

14.2.4-кестеде көрсетілмеген канализация имараттары үшін СҚА-ны қолданыстағы нормалар мен ережелер бойынша алу керек.

14.2.5 кесте - Аумақты пайдалану қарқындылығына қарай су бұру нормалары

Көрсеткіш

Өлшем

бірлігі

Қаланың аумақтары

Қалалық түйін

Магистраль маңындағы аумақ

Магистраларалық аумақтар квартал көлемімен

до 5 га

от 5 до 10 га

более 10

Тұрғын учаскелердің құрылыс тығыздығы

мың..м2

га

6-тараудың 6.1-кестесі­нің 2, 3-ес­кертпелері­не сәйкес

20-30

20-30

10-20

5-10

Тұрғындардың тығыздығы

адам/га

833-1000

666-833

666-1000

333-666

166 - 333

Бір тұрғынға су бұру (әлеуметтік ортаны ескеруімен)

л/тәул.

525

430

255 - 335

255 - 295

310 - 275

Тұрғын ықшамауданы-ның тұрғын­дары үшін су бұру

мың. м3/тәул.

га

130

129

115 - 168

89 - 133

93 - 110

14.2.10 Су объектілеріне құйылған ағын суларды тазалау дәрежесі ҚР Жоғарғы су қорғау ережелерінің, ҚР Су кодексінің және Жер асты суларын қорғау ережелерінің талаптарына жауап беруі тиіс.

Канализация жүйелеріне бұратын ағын суларға лас заттарды тастау шарттарын ҚР ҚБҚ 1.04-11-2002 және Астана қаласының субұру жүйесіне өндірістік ағын суларды қабылдау ережелеріне сәйкес қабылдау керек.