Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Қызмет көрсету мекемелері және кәсіпорындары

4.1 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi

және мектептер

Қ4.1.1 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн және жалпы типті мектептерді ҚР ҚНжЕ 3.02-24-2004 және ҚР ҚНжЕ 3.02-24-2004-тің талаптарына сәйкес жобалау керек.

Қ4.1.2 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнің және мектептердің қажеттілігі әрбір тұрғын ауданға арналған оның аумақтарындағы халықтың демо­графиялық құрылымына сәйкес, сондай-ақ жүргін­шілер жолдарына қолайлылығы 300 және 500 м-ге дейінгі сәйкестікте анықталады. Астана қаласы бойынша шамамен алынған деморгафиялық көр­сеткіштер Қ4.3-кестеде келтірілген. Балалар мекеме­леріндегі қажеттілікті есептеу кезінде Қ4.1-кестені пайдалану ұсынылады. Мектептердегі қажеттілікті есептеу кезінде Қ4.2-кестені пайдалану ұсынылады.

Қ4.1.3 Мектепке дейінгі мамандандырылған мекемелер және әлсіз балаларға арналған мектеп­тер орташа көрсеткіштерді негізге ала отырып есеп­теледі: мектепке дейінгі мекемелер бойынша 1000 тұрғынға - 2 орын және мектептер (мектеп-интернаттарды қоса алғанда) бойынша 1000 тұр­ғынға - 3 орын.

Қ4.1.4 Қала мақсатындағы музыкалық, спорт­тық, көркемөнер мектептерін қаланың тұрғын аудан­дарында 15 минутта жететіндей орналастыру керек. Мамандандырылған мектеп учаскелерін: спорттық және мектеп-интернаттардың объектіле­ріне - 2.0-2.5 га, музыкалық, көркемөнер - бір орынға 18 м2, мектепке дейінгі мамандандырылған мекемелер - топқа - 700-800 м2.

4.2 Жоғары және орта оқу орындары

Қ4.2.1 Жоғары және орта оқу орындарын жобалау ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004-ке сәйкес жүзеге асырылады. Қоғамдық тамақтану, спорт, қызмет көрсету мекемелерінің құрамы тапсырмаға сәйкес анықталады. Жоғары оқу орындарын орналастыру барысында қызмет көрсетудің жалпы ме­кемелерін қалыптастыра отырып, оларды: спорттық, мәдени, ғылыми және т.с. кешендерге біріктіру керек.

Оқушылардың (студенттердің) саны, жоғары, орта арнайы оқу орындары мен кәсіби-техника­лық училищелерді мамандандыру жобалауға ар­налған тапсырмамен анықталады.

Қ4.2.2 Техникалық училищелерге, колледж­дерге деген қажеттіліктерді есептеу қала ауданында 15-тен 17-ге дейінгі балаларды 50-60 % қамти оты­рып қабылдау ескеріледі.

Қ4.2.3 Орта арнайы оқу орындарын және кәсіби-техникалық училищелерді санитарлық нор­маларды сақтай отырып халық шаруашылығы сала­ларының сәйкес кәсіпорындарына жақын орналас-тыру керек.

I-III зияндылық класындағы кәсіпорын­дардың санитарлық-қорғаныстық шекараларында оқу орын­дарын өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын Санитарлық-эпидемиологиялық талап-тарға сәй­кес орналастыруға жол беріледі.

Оқу кешендерін бірыңғай қосалқы шаруа­шылықпен, жатақханалармен, спорттық және мәдени-тұрмыстық бөлмелермен, сондай-ақ тиісті негіздеме болғанда жалпы оқу және өндірістік-оқу бөлмелері­мен қалыптастыру ұсынылады.

Қ4.2.4 Студенттік жатақханаларды кешендік қызмет көрсетумен, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесіне қосылған студенттік қалашықтарда біріктіру керек.