Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

6.4 Тұрғын аудан аумағының

қызметтік- жайғастырылуын ұйымдастыру

6.4.1 Тұрғын аудан - көлемі, ереже бойынша, 100 га-дан артық ықшамаудандарды, кварталдарды және тұрғын ауданның ортақ пайдалану объекті­ле­рін орналастыруға арналған қоныстық аумақтың бөлігі.

6.4.2 Тұрғын ауданның есептік аумағын ықшамаудандар, кварталдар және тұрғын ауданның ортақ қолданыстағы объектілері (кезеңдік қызмет көрсету объектілері, спорттық және коммуналдық имараттар, гараж-тұрақтардың учаскелері, жас көшеттер, соның ішінде саябақтар, жол­желектер және басқалары, көше­лер, алаңдар, автотұрақтар және басқалары).

Аумақ балансының нысаны және тұрғын аудан аумағының элементтері 3-қосымшаның Қ3.1.7-кестесінде келтірілген. 3.1.8 т-нда тұрғын аудан объектілері аумағының қамтамасыз етілуінің меншікті нормалары келтіріледі.

6.4.3 Тұрғын ауданды қалалық ауданның ше­ка­ралары шегінде көлемі 100 га дейін магистраль аралық аумақтардың тұрғын мақсаттағы аумақ­тар­да қалыптастыру керек.

Тұрғын аудан аумақтарының шекаралары, ереже бойынша, жалпықалалық мақсаттағы магистральдардың қызыл сызықтары, ал түйісу жағдайында - аудандық мақсаттағы магистральдар, басқа қызметтік мақсаттағы бекітілген аумақтардың шекаралары, табиғи және жасанды шекаралар болып табылады.

6.4.4 Тұрғын аудан аумағының балансы:

- инженерлік коммуникациялардың техни­ка­лық аймақтары мен ЭБЖ және жоғары қысымды газөткізгіш техикалық дәліздерін;

- тұрғын ауданның коммуналды объектілерін орналастыруға пайдаланбайтын өндірістік кәсіпо­рындарының, теміржолдар мен жылдам жолдары­ның санитарлық-гигиеналық аймақтарын;

- ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, өнді­рістік аймақтарды қамтиды.

6.4.5 Тұрғын ауданның аумағында өлшемі 2 га-дан асатын тұрғын емес объектілерді орналастыруға жол берілмейді.

Қоғамдық, өндірістік, қалалық деңгейдегі табиғат-рекреациялық мақстаттағы учаскелерді орналастыруға жол беріледі, бұл кезде тұрғын аудан құрылысының жалпы қорында тұрғын емес қордың үлесі 35%-дан аспауы тиіс.

Өндірістік қызметтегі объектілерді орна­лас­тырған кезде 7-тараудың талаптарын басшылыққа алу қажет.

6.4.6 Қызмет көрсету объектілерінің міндетті кешенін орналастыру (6.4.1. т) және қоғамдық және өндірістік мақсаттағы объектілерін орналастыруға қарастырылатын (6.4.5 т) нормативтік талаптары­ның орындау тұрғын аудан аумағында еңбекке қабілетті халықтың 40 %-ынан кем емесі еңбек ету орындарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

6.4.7 Тұрғын ауданның қоғамдық орталығын қалалық көлік аялдамаларымен қатар, оның тұрғындар үшін нормативтік уақыттың қолайлығын 15 минуттан артық емес етіп орналастыру керек.

Тұрғын ауданның қоғамдық орталығын, ереже бойынша, қоғамдық құрылыс салу учаскелерінде, аралас тұрғын құрылыс салу учаскелері мен топта­рында орналастырылатын, мезгілдік қызмет көрсе­ту объектілерімен қалыптастыру керек.

Орталық құрамына, сауда, мәдениет, өнер мекемелерінен басқа, саябақты және спорттық кешенді қосу керек.

6.4.8 Тұрғын аудандардың жайғастыру құры­лымын қалыптастыру кезінде қоғамдық орталық­тардың әсері аймақтарында және магистарль кө­ше­лерінің бойында, қаланың осы аумағы үшін 6.1-кес­теде нормативті келтірілгеннен едәуір жоғары пай­далану қарқындылығымен тұрғын және қоғамдық құрылыс салу типтерін қолдануға жол беріледі.

6.4.9 Тұрғын аудан жалпықалалық жасыл сілем­дерімен жанасатын жағдайда халықтың тұр­ғын аудан жас көшеттер аумақтарымен қамтама­сыздық нормасын 25 %-ға дейін қысқарту мүмкін.

Тұрғын құрылыс салудың жобаланатың сызық пен орман саябақ сілемі арасындағы қашықтықты 30 м-ден кем емсе қабылдау керек.

6.4.10 Жалпықалалық мақсаттағы магис­тральды көшелерінің жүру бөлігінің шетінен тұрғын құрылыс салу сызығына дейін арақашықтық шу деңгейін есептеу негізінде белгіленеді (МҚН 2.04-03-2005).

Шу жайсыздығы аумағында жас көшет­терді (оқшаулағыш типті екпелерменаймақ аума­ғының енінен 70 %-тен кем емес), гараж-тұрақтарды, ашық тұрақтарды, басқа коммуналды имараттарды орналастыру керек.

6.4.11 Тұрғын құрылыс салу жемір жолымен жанасатын жағдайда тұрғын үйлерден жақын рельске дейін арақашықтық шу деңгейлерінің есебімен норма­тивтерге (МҚН 2.04-03-2005) сәйкес белгіленеді. Жай­ғастыру үзіліспен нормативтік шу деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігі болмағанда көрсетілген нормативтерге сәйкес шүдан қорғау басқа шараларын қолдану керек.

6.4.12 Аудандық көшелердің негізгі жүру бөліктерінің шетінен құрылыс салу сызығына дейін арақашықтықты 25 м-ден кем емес қабылдау керек, басқа жағдайларда өрт машиналары өту үшін ені 6 м, бірақ құрылыс салу сызығынан 5 м-ден жақын емес жолақты қарастыру керек.

6.4.13 Аудандық мақсаттағы көшелерден тұрғын кварталдардың аумақтарына кіру жолдарын 200 м-ден артық емес қадаммен жобалау керек.

6.4.14 Тұрғын аудан аумағындағы гараж-тұрақтарды және объект маңайындағы тұрақтарды 13-тараудың 13.24, 13.25 және 13.27 кестелеріне сәйкес орналастыру керек.

6.4.15 Инженерлік жүйелерін орналастыру және аумақты инженерлік дайындау кезінде 12 және 14-тарауларының талаптарын жетекшілікке алу керек.

6.4.16 Әкімшілік ауданның аумағында тұрғын­коммуналдық шаруашылық кеңселерін, сондай-ақ суғару, қар жинау, жинау машиналарын сақтауға арналған өндірістік аумақтар мен алаңшаларды қарастыру керек.