Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

7.4 Коммуналды-қоймалық кластерлер

7.4.1 Қалалық шаруашылықтың және халық­тың қоймаларда, коммуналды және тұрмыстық қыз­мет­терде және олармен байланысты қызмет көр­се­тетін және қосалқы мекемелерінде қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кәсіпорындар топтарын және жеке объектілерді орналастыру үшін арналған.

Коммуналды-қоймалық аймақтың аума­ғын­да тағам өнеркәсібінің кәсіпорындарын, жалпы­тауар­лық және арнайы қоймаларды, коммуналды, көліктік және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын, сондай-ақ көтерме және ұсақ сауда кәсіпорындарын орналастыру керек. Халыққа тікелей қызмет көрсетумен байланысты емес қойма кешендерінің жүйесін қаланың сыртында, олардың сыртқы, теміржол көлігінің басым түйіндеріне жақындатып орналастыру керек.

Қаланың сыртында, қала маңындағы жасыл аймақтардың ерекше қорғалатын аумақтар­ында санитарлық, өртке қарсы және арнайы нормала­рды сақтап, мемлекеттік резервтер қоймала­рын, мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын, сұйытылған газдар, жарылғыш материалдар қой­масын және қатты әсер ететін улы заттардың базис­тік қоймаларын, азық-түлік, фураж және өнеркәсіп шикізат, базистік қоймаларын, ағаш тасымалдау базаларын, ағаш және құрылыс материалдар базис­тік қоймаларын бөліп жайғастыруын қарастыру керек.

7.4.2 Коммуналды-қоймалық кластердің құра­мы­на кіретін кәсіпорындар мен объектілердің топ­тарының технологиялық және санитарлық-гигиена­лық талаптарын, ортақ объектілерді қосылып пайдала­нуды, қуаттарды бірте-бірте қосуды қамта­масыз етуін ескеріп орналастыру керек.

7.4.3 Кәсіпорындар топтарының алаңшалары:

- әкімшілік-техникалық және тұрмыстық объекті­лерін (қосалқы ғимараттар, қоғамдық және жеке көлік тұрақтары, зауыт алдындағы алаңшалар, демалыс және спортпен шұғылдану алаңшалары, мотовело­тұрақтар және басқалары);

- негізгі өндірістердің ғимараттар мен имараттарын;

- көмекші мақсаттағы объектілерді (тоңазытқыш компрессорлы, үйлестіргіш құрылғылар, материалдық қоймалар, қаптауларды қоймалауға арналған алаңшалар, тазарту имараттары т. б.);

- ерекше санитарлық режімдегі объектілерді (артезиандық ұңымалар және су тарқыш, өндіріс қалдықтарын жинау) орналастыруға арналған учаскелерге бөлінеді.

7.4.4 Қасалған учаскелерде қоймаларды қай­та­құрылымдау және кеңету кезінде жалпытауарлық қоймалардың көп қабатты ғимараттар салған жөн.

Бір қабатты сауда-қоймалық ғимараттарды қызметтік жағынан ұқсас кәсіпорындармен (жеміс пен жидектерді сақтайтын, үйлестіргіш тоңызатқыш­тармен) блоктау ұсынылады, ол құрылыс салудың жоғары тығыздығын және коммуналды-қоймалы кластер аумағының үлесті шығынын қамтамасыз етуі мүмкін.

7.4.5 Әр түрлі қызметтегі қоймалардың жер үчаскелерінің аданы мен көлемдерін бір адамға 2 м2 есебімен көп қабатты қоймалардың құрылысын ескеріп қабылдауға жол беріледі.

Жер учаскелерінің көлемдерін, аудандарын, жемістер мен жидектерді, отын мен құрылыс материалдарын сақтауға арналған жалпытауарлық және арнайы қоймалардың сыйымдылығын ұсы­нылған 7.4, 7.5, 7.6-кестелеріне сәйкес қабыл­дауға ұсынылады.

Ескерту - Картоп, жеміс және жидек сақ­тағыштарға арналған санитарлық-қорғау аймақтарының көлемдерін 50 м етіп алу керек.

7.3 к е с т е - Ғылыми мекемелер аумақтарының құрылыс тығыздығының нормативтері

Ғылыми мекемелердің бағыты

Қызметкерлер саны, адам

Учаскелердің құрылыс тығыздығының коэффициенті

Жаратылыстану және техникалық ғылымдар

300 адамға дейін

0,6 - 0,7

300-ден 1000 адамға дейін

0,7 - 0,8

1000-нан 2000 адамға дейін

2000 адамнан артық

0,8 - 0,9

1,2

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар

600 адамға дейін

1,0

600 адамнан артық

1,2

Ескертулер

1 Кестенің көрсеткіштері жұмыстың арнайы жағдайларын және тәртібін талап етпейтін (ботаникалық бақтар, обсерваториялар, элементарды бөлшектерді жылдамдатқыштар т. б.) объектілерге қолданылмайды.

2 Полигон, тәжірибелік өрістердің, арнайы қорғау аймақтарының жер учаскелері, кестеде көрсетілген құрылыс салу тығыздығының көрсеткіштері бойынша есептелінетін, ғылыми мекемелердің жер учаскелерінің жалпы нормаларына кірмейді.

Зерттеудің табиғи объектілері негізінде қалыптасатын ғылыми және ғылыми-зерттеу аймақтары, технологиялық және санитарлық-гигиеналық шектеулері болмағанда ландшафты-тынысжай аумақтары жүйесіне кіруі мүмкін.

7.4 к е с т е - 1 мың адамға шаққандағы жалпытау­арлар қоймалары жер учаскелерінің ауданы және өлшемдері

Жалпытауарлар қоймалары

Қоймалар ауданы, м2

Жер учаске­лерінің өл­шемдері, м2

Азық-түлік тауарлардың

Азық-түлік емес тауарлардың

77

217

* Алымында бір қабатты қомалар үшін, алымында көп қабатты қоймалар үшін нормалар келтірілген

Ескертулер

1 Арнайы топтар құрамындағы жалпы тауарар қоймаларын орналастыру кезінде жер учаскелерінің өлшемдерін 30%-ға дейін қысқарту ұсынылады.

2 Мерзімінен бұрын тауарлар жеткізетін аймақтарда жер учаскелерінің өлшемдерін 40%-ға дейін үлкейту керек.

7.5 к е с т е - 1 мың адамға шаққандағы арнайы қоймалардың жер учаскелерінің сыйымдылығы мен өлшемдері.

Арнайы қоймалар

Қоймалардың сыйымдылығы, т

Жер учаскелері­нің аудандары, м2

Үйлестіргіш тоңазытқыштар (ет және ет тағамдарын, балық және балық тағамдарын, май, жануар майын, сүт тағамдарын және жұмырқаларды сақтау үшін)

27

Жидек сақтағыштар

17

Жеміс сақтағыштар

54

Картоп сақтағыштар

57

* Алымында бір қабатты қоймалар үшін, бөлімінде көп қабатты қоймалар үшін нормалар келтірілген

Е с к е р т у - Картоп, жеміс және жидек өсіретін және дайындайтын аудандардағы қоймалардың сыйым­ды­лы­ғы және тиісінше жер учаскелері аудандарының өл­шем­дері 0,8 коэффициентімен қабылданады.

7.4.6 Уақытша ғимараттар мен имараттар (құ­ры­лыс материалдарын және жабдықты сақтау, құрылыс мақсатындағы уақытша имараттар, салы­нып жатқан жылжымайтын мүлікті сату кеңселері) белсенді құрылыс ұзақтығынан және 1 жылдан аспайтын кезеңінен аспайтын кезен­дер­де пайдаланады.

7.4.7 Өндірістік объектілер қоршауларының биіктігі бас қабеттен және көшелер жағынан - 1,0 м, бүйірлі және артқы қасбеттерден -1,8 м.