Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

10.8 Тұрғын аумақтарды электрмагнитті өрістердің әсерінен қорғау

10.8.1 Тұғын аумақтарды электрмагнит өріс­терінің әсерінен қорғау үшін, сондай-ақ электр­магнит сәулелендіргіштердің СҚА өлшемдерін белгілеу кезінде қолданыстағы Радиоэлектронды құралдарды пайдалану және электрмагнит сәуле­лендіргіштерімен жұмыс істеу жағдайларына қойы­латын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды жетекшілікке алу қажет:

Электрмагнитті сәулелену деңгейі шектеулі жеткілікті деңгейлерден асатын тұр­ғын құрылыс аумағында сәулеттік-жайға­стыру және инженерлік-техникалық шараларды қарастыру қажет (радио­бергіш объектілердің қуатын шектеу, антенна қондырғысының биіктігін және сәуленану бұрышы­ның бағытын өзгерту, радиобергіш объектіні тұрғын жерлерден немесе радиобергіш объектінің әсер ету аймағынан шығару, кабель жүргізу).

10.9 Иондайтын сәулеленулерден тұрғын

аумақтарды қорғау

10.9.1 Тұрғын құрылысқа арналған аумақ­тарды бөлу барысында болжанатын учаскеде гамма-фон жағдайы және радиоактивті сәуле­ленудің бары (жоғы) туралы ақпаратты алу керек.

Болжанатын тұрғын құрылыс учаскесіндегі радиоактивті сәулелену болғанда дезактива­циялық жұмыстар, аумақты қайта өндеу қолданыстағы талаптарды сақтап жүргізілуі тиіс.

10.9.2 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеуге арналған объектілердің орналасуы (РҚН-99) ЕЖ 2.6.1. 758 - 99. Радиациялық қауіпсіз­дік нормалары талаптарына сәйкес жүргізіледі.

10.10 Тұрғын аумақтарды дірілден және

инфрадыбыстан сақтау

10.10.1 Тұрғын аумақтарды діріл және инфра­дыбыстардан қорғау және олардың параметрлерін МҚН 2.04-03-2005, тұрғын бөлмелерде инфра­дыбыстың жол берілетін деңгейлері, оларды өлшеу әдістері, дірілдің шектеулі-жол берілетін деңгейлері талаптарына және діріл көздерімен жұмыс істеу шарттарына қойылатын санитарлық-эпидемиоло­гиялық талаптарға сәйкес өлшеу керек.

10.11 Инсоляция және жарықтандыру

10.11.1 Жайғастыру және салуды жобалау кезінде аумақтар мен бөлмелердің инсоляция және жарықтандырылуын ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002*, ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* және ҚР СанЕжН № 3.01.077-00-ге сәйкес қамтамасыз ету керек.

10.12 Қала аумағын абаттандыру

10.12.1 Қаланың абаттандыру экоқаланың қалыптасуын, қоршаған ортаға негативті әсердің төмендеуін, қалалану процесінің табиғатпен бірлесе дамуын қамтамасыз етуді және абаттанды­рылған қалалық ортаны жасауды қарастыратын «Астана қаласын 2030 жылға дейін тұрақты дамытудың стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Респуб­ликасын Президентінің Жарлығының ережесіне сәйкес жүзеге асырылуы керек.

1 адамға шақққандағы жасыл көшеттер аудандарының нормаларын 19 м2-ден кем болмай­тындай етіп қарастыру керек.

10.12.2 Астана қаласының аумағын көгалдан­дыруды өсірілетін ағаш-бұталар жыныстарының үлкен ассортименті бар отырғызу материалдарынан әзірленген көгалдандырылған және басқа ашық кеңістіктердің үзіліссіз жүйесі ретінде қарастыру керек.

Магистраь маңылық және өндірістік аумақ­тарды көгалдандыру ағаштар мен бұталардың газға төзімді және шудан қорғағыш жыныстарын пайда­лану арқылы жүзеге асырылады.

10.12.3 Астана аумағының абаттандырылуын жақсарту үшін:

- жас көшеттері бар тынысжай аумақ­тарын, қала шегінде жасыл ықшамаумақтар санын көбейту керек;

- автомагистраль бойымен ландшафтты екпелерді, жол маңы кафелері мен қонақ үйлері, сондай-ақ келетін көліктік құралдарын жуу және санитарлық тазарту кешендері айналасында жас көшеттерді егу керек;

- көшелерді жарықтандырудың арнайы техни­касы мен автоматтандырылған басқару жүйесіне арналған өндірістік базаны дамыту;

- Астана қаласының күрделі топырақтық-климаттық жағдайларын ескеріп, Қазақстан аста­насын көгалдандыруға қатысты ғылыми-зерттеу­, мәдени-ағарту және тынысжай сипаты бағытындағы мәселелер кешенін шешуді қамтамасыз ететін ботаникалық бақ жасау;

- аумақты көгалдандыру жұмыстарын жүргізу барысында міндетті түрде «Астана қаласының жасыл көшеттерін жасау және күту жөніндегі ұсыныстар» талаптарын сақтау керек.