Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

12.2 Тұрғын аумақтар

12.2.1 Көпқабатты үйлер салы­натын аудан­дарда жабық типті жауын канализа­циясын қарастыру керек.

12.2.2 Тұрғын аумақтарда жер беті суларын бұрып әкету төмендетілген жерлерде және көшелер бойларында орнатылған жауынқабылдағыштарға өтетін науалар арқылы тұрғын кварталдардан және үйге іргелес аумақтардан жүргізілуі тиіс.

Жауынқабылдағыштардағы су көшелер бойымен жүргізілетін су ағарларға жиналуы қажет, ал бас су ағар коллекторын тұрғын аудан шекарасына кіргізу керек.

12.2.3 Ашық субұру құрылғыларын - қарық­тарды, астауларды, науаларды бір-екі қабатты құрылыс салғанда, сондай-ақ көшелермен, жолдар­мен, өту жолдарымен және жаяужолдармен қиы­лысқан жерлерде көпіршелері немесе құбырлары бар саябақтардың аумағында қолдануға рұқсат етіледі.

12.2.4 Эрозияға ұшыраған (еңістер мен топырақтың сипаттамалары бойынша) тұрғын үй құрылысы салынған аумақтардың учаскелерінде субұрудың жалпы жүйесіне қосымша ғимарат­тардан жер беті суларының сол ауданнан бұрып әкетілуін қарастыру керек.

12.2.6 Беріктік қасиеттері төмен табиғи топырақтан құрылған және техно­генді түзілімнен тұратын аумақтарда ықшамаудандар инфрақұры­лымы­ның тұрғын ғимараттары мен имараттарды көбінесе негіздері арнайы дайын­далған қадалы іргетастарға салу керек.

12.2.8 Жер асты суларының деңгейі жоғары тұрғын аудандардың аумақтарындағы құрғату тереңдігі, жер бетінің жобалық белгілерінен 3 м-ге дейін, ал қызметтік немесе шаруашылық пайда­ланудағы жер асты бөлмелері болған жағдайда 3-4 м болып белгіленеді. Жер асты суларының деңгей­лерін құрғатудың қажетті тереңдігіне төмендету үшін су басатын ықшам аудандардың аумақтары жабық типті дренаж желілерімен жабдықталуы тиіс. Жеке ғимараттар мен имараттардың жергілікті қорғалуы мүмкін, бұл жағдайда да, іргелес аудан­дағы құрғату тереңдігі жер бетінің жобалық белгі­лерінен 2 м-ге дайін; стадиондардан, саябақтардан, гүлбақтардан және басқа жасыл екпе ағаштардан 1 м-ден кем болмайтындай етіп белгіленеді.

12.2.9 Жоспардағы құғату тораптарының өлшемдері кварталдардың жоспарлық құрылыс модульдерімен келісілуі, ал олардың жоспардағы орналасуы сутұтқыш қабаттарының сүзгіштік сипаттамалары және қалақұрылысы параметрлері туралы деректердің негізінде есептеу арқылы анықталуы тиіс. Есептеу нәтижелеріне байланысты дренаж желісі жалпы немесе жергілікті қорғаудың пішіндерін қабылдауы тиіс.

Алаңшаның құрғату торабын Астана қаласы­ның құрғату торабының Бас сұлбасына сәйкес әзірлеу қажет.

12.3 Қоғамдық аудандар

12.3.1 Қоғамдық орталықтарда жер беті суларын өту жолдарының науалары арқылы көше жауынқабылдағыштарына және олар арқылы - жауын канализациясының жалпы жүйесіне бұрып әкету керек.

12.3.2 Күрделі инженерлік-құрылыс жағдайын­дағы аудандарда сауда-тұрмыстық, мәдени, қоғамдық, өндірістік және басқа қызметтерге арнал­ған қоғамдық қала аймақтарында жер асты кеңіс­тігінің тереңдетіліп (2, 3 және көпқабатты) пайдала­нылуы имараттар мен құрылымдардың орнықты­лығын қамтамасыз ететін шаралармен қоса жүргізілуі тиіс.

Бұл үшін тиянақтаудың, негіз топырақтарын бекітудің, дренаждаудың, фильтрлеуге қарсы бүркеудің, күшейтілген гидрооқшаулаудың, жел­детулер мен қабырғалардың электроосматикалық кептірілуінің арнайы тәсілдерін қолдану қажет.

12.3.3 Астана қаласының тарихи орталық­тарында сәулет кешендері мен жеке ескерткіш­тердің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жер асты қорғау аймақтарының шекаралары орнатылуы тиіс, оларға арналып жер асты кеңістігіне енуге шектеулер және құрылыс­тың, барлау бұрғылауы өндірісінің, суды төмен­детудің, имараттар мен инженерлік тораптарды пайдаланудың режімдері белгіленуі тиіс.

12.3.4 Астана қаласының қоғамдық аумақта­рын жобалаған кезде Астана қаласы дамуының Бас жоспарының барлық негізгі тұжырымдарын ескеру қажет.