Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

12 Аумақты инженерлік

дайындау

12.1 Жалпы ережелер

12.1.1 Инженерлік дайындық және инженер­лік-құрылыс қорғау құрылыстың, инженерлік инфра­құрылым жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, тарихи-мәдени, сәулеттік-ландшафтық және су объекті­лерінің, сондай-ақ жасыл сілем­дердің сақталуы үшін жағымды жағдай­лар жасау мақсатында аумақ­тардың сапасын жақ­сарту және құрылыс салынатын (жаңғыртылатын) аумақтарға теріс әсерлерді болдырмау үшін жүргізіледі. Аумақтарды инже­нерлік дайындықтан өткізу және қорғау мәселелері қалақұрылысы құжаттамасын жасаудың барлық кезеңдерінде шешіледі.

12.1.2 Қаланың аумағындағы инженерлік қорғау құрамында жергілікті объект жанындағы қорғау имараттары болуы ықтимал кешенді аумақтық жүйе болуы тиіс.

Кешенді жүйе қала аумағының маусымды тербелістер және ғимараттарды, имараттар мен тораптарды пайдалану процестері барысында жер асты суларының деңгейінің көтерілу есебінен су тасқыны, су басудан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

12.1.3 Астана қаласын тасқын суларынан қор­ғау барысында жобалық толтырылуын және су қоймасы гидроторабының сақталуын қамтамасыз ететін шара­ларды ескеріп, тасқын толқынының трансфор­мациясы үшін Вячеславский су қоймасы­ның реттеу қызметін максималды пайдалану қажет.

12.1.4 Аумақты инженерлік дайындықтан өткізу жөніндегі жобалық шешімдер инженерлік-құрылыстық, эпидемиологиялық, химиялық және радиациялық қауіпсіздігі бойынша тиісті инстан­циялардың қоры­тындыларына негізделуі тиіс.

Аумақтарды инженерлік дайындау бойынша жүргізілетін шаралардың ішінде геологиялық ортаның, топырақтар мен өсімдіктердің азуының біркелкіленуіне бағыт­талған техникалық құралдар­ды қолдану қажет.

Аумақтың вертикалды жоспарлануы, себілуі және жуылуы топырақ­пен және гигиеналық серти­фикаты бар басқа материалдармен іске асырылуы тиіс.

12.1.5 Жердің үстіңгі қабатының артып отырған антропогендік өзгерістеріне (механикалық бүліну, су басу, қайта сортаңдану және басқа да химиялық заттармен ластану) алып келетін Астана қаласының қарқынды дамуы жағдайында қаланың күрделі геологиялық және гидрологиялық жағдайын

- құрылысты тиімді пайдалануға әсер ететін вертикалды жоспарлау;

- жер беті суларын (жаңбыр канализация­сының) бұруды ұйымдастыру;

- жер асты суының деңгейін төмендету үшін дренажды желіні ұйымдастыру сияқты инженерлік дайын­дық бойынша міндетті шаралар жиынтығы­ның негізінде қалақұрылысын игеруге қолайлы жағдай туғызу керек.

12.1.6 Күрделі инженерлік-құрылыс жағдайын­дағы (қала аумағында судың тасуы және жер асты суының жоғары деңгейіне байланысты су басып қалуы) аумақтарда МҚН 2.03-02-2002-ні басшы­лыққа алу керек, құрылыс салуға немесе игерудің басқа түрлеріне жоспарлық шектеулер енгізілуі не қалақұрылыстық және инженерлік-құры­лыстық негіздемелер болған жағдайда қала ортасының инженерлік-құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы қорғау шараларын жүргізіу керек.

Аумақты инженерлік дайындықтан өткізу және қорғау мәселелері қалақұрылысы құжаттамасын жасаудың барлық кезеңдерінде де шешіле береді.

12.1.7 Вертикалды жоспарлауды жобалу барысында ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002*-нің негізгі ережелерін және қалақұрылысы жобаларын және жер массалары балансының талаптарын басшы­лыққа алу керек.

Олардың орындарын ауыстыруы әртүрлі қызметтік қолданыстағы аумақтар мен құрылыстың сипаты шегінде рұқсат етіледі.

12.1.8 Жер беті суларын бұру жүйесі 14.3.бөліміне, ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* және ҚНжЕ 2.04.03-85-тің талаптарына сәйкес сыртқы су ағар­лардың техникалық жағдайлары мен талаптарын және «Жауынды Астана жүйесінің дамуы» бас жобасын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

12.1.9 Жер асты суларының деңгейі биік қала аумағында, батпақтанған учаскелерде, жабық дренаждарды орнату жолымен күрделі құры­лыс салу аймағында ыза сулары деңгейінің төменде­тілуін қарастыру керек.

Қалалардың үйжай­лық құрылыс салу аумақтарында және стадион­дарда, саябақтар мен көпшілік пайдаланатын басқа да көгалдандырылған аумақтарында ашық құрғату желілерінің қойылуына рұқсат етіледі.

Көрсетілген шаралар ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002-ге сәйкес аумақта жер асты сулары деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс.

12.1.10 Тұрғын, қоғамдық-өндірістік және тынысжай аумақтарын инженерлік дайындықтан өткізу және қорғау бойынша жүргізілетін шараларды орындауды аумақты таңдау, Астана қаласы жоспарлануының техникалық-эконо­микалық негіз­дерін, оның бас жоспарын жасау барысында анықтаған жөн.

Ғимараттар мен имараттардың салу үшін құрылыстың тиімді ұйымдастырылуына, сапаның жоғарылауына және мерзімдердің қысқартылуы мен құрылыс құнының төмендеуіне ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасау керек.

12.1.11 Аумақты инженерлік дайындау бойын­ша шараларды аумақтың инженерлік-геологиялық жағдайларының өзгеру, пайдалану сипатының және жоспарлық ұйымдастырылуының болжамын ескеріп белгілеу керек..

12.1.12 Вертикалды жоспарлауды жүргізген жағдайда аумақтың жобалық белгілерін табиғи бедер­дің, топырақ жабынының және екпе ағаштар­дың, топырақ эрозиясының пайда болу мүмкіндігін болдырмайтындай жылдамдықтағы жер беті сула­рын бұрудың, құрылыс алаңынан шығарылатын топырақты ескергендегі жер қазу жұмыстарының ең аз көлемін барынша сақтау жағдайларына қарасты белгілеу қажет.

12.1.13 Жер беті суларын ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002-ге сәйкес қалаларда, ереже бойынша, «Нөсерлі Астананың канализация жүйесінің дамуы» Бас жобасына сәйкес ағынды алдын-ала тазартқаннан кейін жабық типті жаңбыр канализациясын қарас­тырып барлық хауіздерден (суқоймаларының орла­ры, суағарлар, жыралар және т.с.с.) бұрып әкетуді жүзеге асыру керек.