Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Оқытушы басшылығымен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы Табиғат

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін жаттаңыз:

Бұта, бір уыс шөп, қыру, қылмыс, өкініш, апат, табиғатты аялау, сындырмау, таптамау, аманат.

2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін мағынасымен жұптастырыңыз:

т абиғатта ештеңе орны толмас өкініш

б ір уыс шөпке дейін бағалы, әрі пайдалы

а ң-құстарды қыру - артық емес

т абиғатқа жанашырлықпен болмайды

аңдардың терісі

маңызды

өсімдіктерді таптап, сындыруға өз қолымызда

т абиғатты сақтап қалу - қарауға міндеттіміз

3- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Табиғат- тал бесігіміз

Табиғатта артық ештеңе жоқ. Жер –ананың әрбір бұтасы, ағашы, тасы мен құмы, өзен-көлі, жан-жануары, тіпті бір уыс шөбіне дейін маңызды. Егер адамдар өз қажетіне жарату үшін ормандарды кесіп, тоғайларды өртесе, табиғатқа үлкен зиян келтіреді. Әдемі терісіне, пайдалы мүйізіне, дәмді етіне қызығып аң-құстарды қыру – қылмыс қана емес, орны толмас өкініш. Себебі адамдардың жауапсыздығынан қаншама жануарлар, жәндіктер, құстар жойылып кетті. Тірі қалғандарының өзі өте аз. Олар Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді. Табиғатқа зиян келтіре беру үлкен апатқа соқтырады. Біздің ата-бабаларымыз табиғатты аялай білген. Олар әрбір жан-жануарды табиғаттың перзенті деп есептеген. Үйге кіріп кеткен жыланды өлтірмеген. Оның басына ақ құйып, үйден шығарып жіберген. Ағаштарды сындырып, көк шөпті таптамаған. Табиғат - анамыз деп есептеген. Ата –бабаларымыз біздерге кең байтақ жерді ғана емес, әсем табиғатты да аманат етіп қалдырды. Біздер Жер-анамызды аялауға міндеттіміз.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Табиғатта не артық?

2.Адамдар табиғатқа қалай зиян келтіреді?

3.Мүйізі бағалы қандай аң?

4.Қандай жануарлардың терісі бағалы?

5.Қызыл Кітапқа қандай аң-құстар енгізілген?

6.Ата –бабаларымыз «табиғат перзенттері» деп кімдерді /нелерді/ айтқан?

7.Бізге кейінгі ұрпаққа тамаша табиғат қалдыру үшін не істеу керек?

5-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдегі ойдың дұрыс, бұрыстығын ажыратыңыз:

1.Орман-тоғайларды көптеп кесу керек, өйткені олардан түрлі заттар жасалады.

2.Жыланды өлтіру керек, әйтпесе шағып алады.

3.Қызыл Кітапқа бүркіт, сұңқар, тау барысы, құлан, елік, арқар, сілеусін, қырғауыл сияқты көптеген жан-жануарлар мен құстар енген.

Ф ЕҰУ 703-01-11 кешен. Баспа: екінші

4.Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау - ғалымдардың жұмысы.

5.Адам өз пайдасы үшін табиғаттағы байлықты сарқып (түгел) алуы керек.

6- тапсырма.

А) Жұмбақты түсініп оқыңыз және шешіңіз:

Өзі бір қу

Жүрген жері -

Айғай мен шу.

Ә) Жауабын табыңыз:

1.Күнге тіке қарай алатын қай құс?

2.Қай құс махаббат пен адалдықтың символы?

Б) Аса еңбекқор жәндікті білесің бе?