Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Іі Семестр

1-САБАҚ

Су - әлемдік маңызы бар мәселе

1. Сөздікпен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

Маңызды, табиғи, жауапсыз қарау, салдар, бүлдіру, уландыру, қару-жарақ, ауыз су, жою, қолдану, тапшы, арандатушылық әрекет, жайылу, қауіп, зардап шегу, өзекті, әлдеқайда, артта, пайдалану, үнемдеу, қорғау.

2. Мына сөз тіркестерінің ана тіліндегі баламасын табыңыз. Сөйлемдер құраңыз.

Жауапсыз қарауымыздың нәтижесі, уландырып жатыр, ауыз су, арандатушылық әрекеттер, су соғыстары, жайылу қаупі, су тапшылығы, зардап шегу, тазалығын қорғау, сұрауы бар.

3. Мына сөздердің антонимін табыңыз:

жауапсыз -

үнемдеу -

тұщы -

таза -

соғыс -

түсінушілік -

4. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Әлемнің қай елдерінде су тапшы?

ә) Көршілес Қытай елінде су тапшы ма?

б) Қазақстанның қай облыстарында су тапшы?

в) Қазақстанның қай облыстары сулы өлке?

г) Қай елерде суды сатып ішеді, тасып ішеді?

ғ) Қай елдерде су өте қымбатқа бағаланады?

д) Өзендер мен көлдер уланып жатыр ма?

Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы – аса өзекті мәселелердің бірі.

Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр.

Босниядағы соғыс кезінде сербтер қару-жарақпен соғыс орнына басқа әдіс тапқан – қарсыластарының ауыз су алатын көздерін жою.

Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде қолданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудандарына онсыз да тапшы суды арандатушылық әрекеттерге қолдануда.

Статистиктер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді.

Иордания королі Хусейннің төмендегі сөздері ғалымдардың пікірін растай түсетіндей:

«Израильмен арадағы түсінушілік келісімдерімізге тек қана су мәселесі кедергі болуы мүмкін».

БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тиккел бүкіл дүниеде ауыз су - өзекті мәселеге айналып отырғанын ескертіп, былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады».

Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.

Табиғат – Ананың сыйы – судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

5. Сіздің пікіріңіз.

Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а) Су туралы көп жазылып жүр.

ә) Су - өзекті мәселенің бірі.

Б) Біз экологияға жауапты қараймыз.

В) Өзендер мен көлдердің суы уланып жатыр.

Г) Су соғыстары әлемде жоқ.

Д) 2025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегеді.

Е) Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады.

Ж) Су – табиғат сыйы.

з) Судың да сұрауы бар.

6. Топты полемикаға шақыратын сұрақтар дайындаңыз.

7. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

а) Сізді күнделікті пайдаланатын суыңыздың тазалығы ойландыра ма?

ә) Сіз суды ысырап жасайтындарға қалай қарайсыз?

б) Үйде суды қалай үнемдейсіз?

в) «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіз?

г) Су тапшылығы неліктен деп ойлайсыз?

8. Ақпараттарды топтап, қорытынды жасаңыз.

9. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:

  1. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі...

  2. Босниядағы соғыс кезінде...

  3. Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста...

  4. Тек қана Сомалиде емес...

  5. Статистиктер мен зерттеуші ғалымдар...

  6. Израильмен арадағы түсінушілік...

  7. БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда...

  8. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода...

  9. «Мұнай үшін болған соғыстар...

  10. Табиғат – тәңірдің сыйы...

  11. Табиғат – Ананың сыйы...

10. Мына етістіктер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтінді әңгімелеңіз:

Өзекті мәселенің бірі, тұщы суларды бүлдіріп, уландырып жатыр, соғыс кезінде, көздерін жою, қолданылған, қару ретінде, зерттеуші ғалымдар, ескертеді, Йордания королі, кедергі болуы, арадағы түсінушілік, үштен екісі, зардап шегетін көрінеді, Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі, суды пайдалану, адамзат аллдындағы, ұмытпайық.

11. Мәтінге ат таңдаңыз.

12. Жоспарда берілен тақырыпшаларды мәтіннен табыңыз, абзацтарды белгілеңіз.

◊ Су - өзекті мәселе.

◊ Су соғыстары.

◊ Зерттеушілер су тапшылығы туралы.

◊ Суды үнемдеу.

13. Жоспарда аталған (12-тапсырма) мәселелер туралы негізгі ақпаратты мәтіннен жазып алыңыз.

Лексикалық түсініктеме:

Ауыз су алатын көздерін жою –

арандатушылық әрекеттер –

түсінісушілік – взаимопонимание,

зардап шегу – потерпеть ущерб, убытки.

Грамматикалық түсініктеме

1. Жалғаулықтар (соединительные союзы)

та, те, да, де шылаулары сөз бен сөзді, бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді байланыстырады. Соединительные союзы да, де, та, те связывают однородные члены предложения и предложения или их части.

Мысалы: Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде қолданылған.

2. Ыңғайластық жалғаулықтарға мен (бен, пен), және, тағы, әрі, да (де, та, те) әм шылаулары жатады.

3. Да, де, та, те шылаулары әрі жалғаулық, әрі демеулік есебінде қолданылады. Ол демеулік ретінде қолданылғанда бір сөздің немесе бірыңғай мүшелердің әрқайсысының жетегінде болып, оларға күшейту, анықтау, тәптіштеу мағыналарын үстемелеп отырады.

Соеденительные союзы пользуются как и усилительные, уточняющие частицы. Мысалы: Мен де оқыдым, мен де барамын. Айжан оқытушы да, көмекші де, үйренуші де болып жүр.

4. Туынды зат есімдердің жасалуы.

Производные имена существительные создаются путем прибавления к именным и глагольным омновам словообразующих аффиксов:

Мысалы: арандату + шылық,

түсіну + шілік,

тапшы + лық,

зерттеу + ші,

ел + ші,

түсініспеу + шілік,

құрғақ + шылық.

Есімдерден есім тудыратын өнімді жұрнақтар:

  1. –шы, -ші (елші, сатушы),

  2. –шылық, -шілік (басшылық, қиыншылық),

  3. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік (достық, жылдамдық, мүмкіндік),

  4. –кер, -гер (қызметкер, дәрігер)

Етістіктерден зат есім тудыратын өнімжі жұрнақтар

  1. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе (бөлме, кеспе),

  2. –м, -ым, -ім (келісім, кешірім)

  3. –ыс, -іс, -с (айтыс, дағдарыс),

  4. –у (байқау, жылу),

  5. –ыш, -іш, -ш (қуаныш, өкініш).