Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

7. Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а) Жаңа жылды қуана қарсы алу – дүниежүзінде ежелден бар дәстүр екен.

ә) Дегенмен елдің бәрі бұл мерекені 31 желтоқсанда тойлайтын көрінеді.

б) Үндістанда Жаңа жылды қазан-қараша айларының тоғысқан сәтінде тойламайды.

в) Үнділіктердің сенімі бойынша Жаңа жылдың алғашқы күні қалай өтсе, бүкіл жыл солай өтпек.

г) Мьянмада Жаңа жыл жылдың ең ыстық мезгіліне сәйкес келеді.

д) Румынияда бұл мейрамды көне тұрмыс-салттық әндермен қарсы алады.

е) Бразилиялықтар Жаңа жылды тек қана ақ түсті киіммен мерекелемейді.

ж) Голландияда мерекелік дастарқанға міндетті түрде ішіне жүзім түйірлері салынып пісірілген күлше нан қойылмайды.

8. Досыңыздан, көршіңізден сұраңыз.

а) Тағы қандай елдің Жаңа жылды қарсы алуын білесіз?

ә) Жаңа жылда кімдерге сыйлық әзірлейсіз?

б) Жаңа жылға достарыңызды шақырасыз ба?

в) Жаңа жылда ата-анаңызға барасыз ба?

г) Қазақстанда Жаңа жыл жылдың қай мезгілінде тойланады?

ғ) Наурыз туралы не білесіз?

  1. Досыңыздың сұхбаты туралы айтыңыз.

Үлгі: 1. Ол венгрлердің Жаңа жылды қарсы алуы туралы біледі екен.

Венгрлердің мерекелік дастарқанында үйрек, қаз, тауық атаулы мүлде болмайды. Осы халықтың сенімі, ұғым-түсінігі бойынша, бұл күні құс етін жеуге болмайды, өйткені шаңыраққа бақыт құсы қонбай, ұшып кетуі мүмкін.

2. Ол итальяндықтардың Жаңа жылды қарсы алуын біледі екен.

Итальяндықтар Жаңа жыл қарсаңында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімге қарыз болмауға тырысады, сондай-ақ ойға алған істің бәрін ескі жылда аяқтап тастағанды жөн көреді.

Сосын оларда мынадай қызық дәстүр бар. 31 желтоқсан күні итальяндықтар үйге қажетсіз болып қалған заттарды аулаға немесе көшеге лақтырып тастайды. Мәселен, сынған ыдыс-аяқ, ескі киім, жарамсыз жиһаз дегендей. Бұл – Жаңа жылда дәулетті өмір сүрудің басты кілті деп есептеледі.

3. Ол Жаңа жылда ең бірінші ата-анасына сыйлық алады екен.

4. Ол жапондықтардың Жаңа жылды қарсы алуын біледі екен.

Жапондықтан 31 желтоқсан күні қалада да, селода да шіркеуде 108 рет гонг (ұрып ойнайтын музыкалық аспаптың түрі) ұрады. 100 және 8 деген сандар оларда ең сәтті, бақытты деп есептеледі. Халық сенімі бойынша гонг соғылғанда олар жақсылықтың, бақыттың табалдырығынан аттайды. Соңғы гонг соғылғанда ұйықтап қалуға асығады.

Ертеңіне Жапония тұрғындары атып келе жатқан таңды көріп, сәлемдесіп, содан кейін ғана Жаңа жыл мерекесін тамашалайды.

Мереке дастарқаны өте қарапайым: ұзын макарон, күріштен жасалған печенье және бұршақ. Макарон – ұзақ өмірді, печенье – ырысты, бұршақ – денсаулықты бейнелейді.

Жапондар да Жаңа жылдық мерекені сыйлықсыз өткізбейді. Ертедегі дәстүр бойынша отбасы мүшелерін, туған-туысқандарды, дос-жарандарды, қызметтес адамдарын сыйлау бар.

Жапондар Жаңа жылға өтіп кетпесін деп, жыл аяғында қарыздарын өтейді. Бұл – ертеден келе жатқан дәстүр. Сағат қоңырауы 1 қаңтардың келгенін хабарлап, соға бастағанда, жапондар ішек-сілесі қатып күледі. Олар алдағы жылда күлкі табыс әкеледі дегенге сенеді.