Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать
  1. «Басшы келбеті қандай?» деген сұраққа жауап табуға тырысыңыз.

ә) Абай айтқан бес асыл іс, бес дүшпан іс сізде бар ма?

б) Қосымша ретінде «Жұлдызым мен туралы не дейді?» атты шығарма жазыңыз. Жұлдызнама болжамдарын, материалдарын пайдалануға болады.

  1. «Мен өзім қандаймын?» деген сұраққа жауап табуға тырысыңыз.

а) Абай айтқан бес асыл іс, бес дұшпан іс сізде бар ма?

ә) Қосымша ретінде «Жұлдызым мен туралы не дейді» атты шығарма жазыңыз. Жұлдызнама болжамдарын, материалдарын пайдалануға болады.

Сіз не айтар едіңіз?

Адамдар мені білмейді-ау деп қапаланба, мен өзім адамдарды білмеймін-ау деп қапалан.

Конфуций

Жану мен жарық шашу қолыңнан келмесе, тым болмаса көлегейдеме

Л.Толстой

Ұлы адам кішік болып көрінуден қорықпайды

Р.Эмерсон

Адам екеніңді ұмытпағайсың

Ф.Бэкон

Рас, біз шынында да әрқашан білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет. Ал, білімдар тәлімсіздік – ең үлкен жауыздық. Ол – бәрін біледі, ол өзінің мақсаты үшін бәрінен аттап өтеді. Тәрбиелі білімдар ... Міне, Адам! Міне! Тұлға! .. Осыған ұмтылу керек, достым. Д.Ф.Снегин

Дипломат келбеті

1.Сөздермен жұмыс істеңіздер

Байқампаздық, қанағатшылдық, пайдакүнемдік, пайдакүнемдіктен аулақ болу, сезім асқақтығы, бейімділік, ой-өріс, ой-өрісінің кеңдігі, тез арада аңдай қою, мансап, санат

2. Ойтүрткі

Мына сұрақтарға топ болып талқылаңыздар.

а. Қазақ дипломатиясы тарихынан кімді білесіз?

ә. Басқа елдің қандай дипломаттарын білесіз?

б. Одақ кезінде Қазақстан бойынша тұңғыш Төтенше және Өкілетті елші дәрежесін алған кім?

в. Досыңызбен, көршіңізбен Қазыбек бидің елшілікке баруы туралы сұхбаттасыңыз.

г. Қазыбек биде дипломатқа тән қандай мінез, қасиеттер бар?

д. Қазыбек бидің елшілікке барғанда айтқан сөзін есіңізге түсіріңіз.

Дипломат келбеті

Талейранның пікірінше дипломатия саласында жемісті жұмыс істеуге қажетті «Жан мен рухтың» сапасы екі санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа байқампаздық, қанағатшылдық пайдакүнемдіктен мүлде аулақ болу, сондай-ақ ұлт атынан, мемлекет атынан сөйлеу жауапкершілігі жатады.

Екінші санатқа саяси қатынастарды оқып-үйренуге жан-дүниесінің бейімділігі, мәселелердің түп-төркінінің дұрыс және тез арада аңдап қою қабілеті, ой-өрісінің кеңдігі жатады.

Осы айтылған қасиеттердің барлығы дипломатиялық мансаптың рухы мен абыройын құрайды деп жазды. Талейрон 1800 жылы наурызда үкіметке ұсынған баяндамасында.

4. Шын (ш) немесе жалған (ж)

Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а. Бірінші санатқа байқампаздық, қанағатшылдық, пайдакүнемдіктен аулақ болу жатады.

ә. Сондай-ақ, ұлт атынан сөйлеу жауапкершілігі жатады.

б. Екінші санатқа саяси қатынастарды үйренуге жан-дүниесінің бейімділігі жатады

в. Ой-өрісінің кеңдігі жатады.

г. Тез арада аңдай қою қабілеті жатады.

ғ. Осы қасиеттердің барлығы да дипломатиялық мансаптың рухы мен абыройын құрамайды.

5. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а. Сіздіңше дипломат қандай болу керек?

ә. Дипломат нені білу керек деп ойлайсыз?

б. Дипломат кімніңатынан жұмыс істейді?

в. Абылай хан Қалмақ еліне бір топ мәмлегер дипломаттарды келіссөзге аттандырар кезде қандай ақыл-кеңес айтты?

г. «Классикалық дипломатия» алыптарының бірі Талейран мен Абылай ханның ізгіліктері туралы ойлары үндесе ме?

6. Мәтінді оқыңыз.

Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар

кезде сөйлеген сөзі:

«....Үлкендеріңді кішілерің сылаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты

кішінің де сөзін тыңдаңдар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бачтайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат! Бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай, жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек».

7. Мәтінде асты сызылған сөздерді талқылаңыздар.

8. Газет беттерінен «Елдестірмек елшіден» айдарымен берілген материалдардың қиындысын жинаңдар.

9. Жиналған материалдар бойынша топ болып әңгіме-сұхбат құрыңыздар.

10. Мәтінен (Абылай ханның сөзі) бұйрық райдағы сөздерді табыңыздар.

11. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

а. Талейран «Ұлт атынан сөйлеу міндеті зор» дейді. Абылайханның қай сөзі

осы сөйлеммен үндес келеді?

ә. Мына сөйлемнің мағынасын талдаңыздар. Орыс тіліндегі баламасын табыңыздар. «Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек».

Оқыңыз.

Аралық, ағымдық бақылау түрі - диктант.

І семестр