Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Қытаймен шекара туралы келісімде

Қазақстанның Қытаймен шекарасының ұзындығы қазір 1700 шақырымдай деп жүрміз. Бұл тұрғыдағы нақты цифр шекараны демаркациялаудан кейін яғни жергілікті орында шекаралық белгілермен белгілеген соң анықталады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялаудың құқықтық негіздері ретінде:

– 1860 жылғы 2 қарашадағы Пекин қосымша шарты (шекараның жалпы бағытын анықтайды);

– 1864 жылғы 12 ақпандағы Шәуешек хаттамасы (шекараның географиялық бағдарлықтар бойынша өтуін анықтайды);

– 1881 жылы 12 ақпандағы Санкт-Петербург келісімі (Іле өлкесінің шығыс бөлігін Қытайға қайтару және Зайсан көлі маңындағы шекараны нақтылау туралы) сияқты құжаттар алынған.

1994 жылы 26 сәуірде мемлекет басшылары Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды, ол 1995 жылғы 11 қыркүйекте бекіту грамоталары алмасқаннан кейін күшіне енді. Осы кезде шекараның екі учаскесі бойынша келісімге қол жетпеді. Біріншісі – Сарышілді өзені ауданындағы учаске (Алматы облысы, Алакөл ауданы). Екіншісі – Шағын-оба және Баймырза асулары ауданындағы участок (Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы).

1998 жылы 4 шілдеде қол қойылған қосымша келісім бойынша келісілмеген екі учаскенің шамамен 944 шаршы шақырым жалпы ауданынан Қазақстанға 537 шаршы шақырым, Қытайға 407 шаршы шақырым бекітілді.

Тарихи құжаттарға қарай отырып шекараның дәлелденуі нәтижесінде тараптар заңдық негізде хатталған шекараға ие болды.

(Қ.Тоқаев. “Егемен Қазақстан”, 17.07.1998 ж.)

18. Мәтіннен қысқаша ақпарат айтыңыз.

19. Мәтінде берілген құжаттарды атаңыз.

20. Тәуелді септеуді естеріңізге түсіріңіздер.

Хаттама, келісім, шарт сөздерін септеңіздер.

Үлгі: А. шекарасы

І. шекарасының

Б. шекарасына

Т. шекарасын

Ж. шекарасында

Ш. шекарасынан

К. шекарасымен

Грамматикалық түсініктеме

Ырықсыз етіс. – Страдательный залог. Страдательный залог показывает, что подлежащее обозначает предмет, который подвергается действию со стороны другого предмета, указанного дополнением.

Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілетін етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады.

Ырықсыз етіс образуется от основы переходных глаголов прибавлением аффиксов –ыл, -іл (после согласных) и –л (после гласных).

После согласных бекіт+іл,

дауыссыздан соң → айт+ыл,

қой+ыл.

После гласных жаса-л (жасалды),

дауыстыдан соң → қара+л (қаралды).

Толықтауыш. – Дополнение. Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, басқа бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейміз (Дополнение обозначает предмет или лицо, относящееся к глагольным или именным членам предложения. Она как зависимый член предложения, грамматически выступает в зависимой форме, т.е. в одном из косвенных падежей, за исключением родительного (ілік септік)).

Сұрақтары: кімге? неге? (кому? чему?) кімді? нені? (кого? что?) кімде? (у кого?) кімнен? неден? (от кого? от чего?) кіммен? немен? (с кем? с чем?)

Мысалы: Осы кезде келісімге (неге?) қол жетпеді. Қазақстанның Қытаймен (кіммен?) шекарасының ұзындығы қазір 1700 шақырымай деп жүрміз.

Сөйлемдегі орны. Дополнение в русском языке чаще всего стоит после сказуемого – глагола. В казахском языке дополнение обычно стоит впереди сказуемого.

Примеры: Я прочитал книгу. Мен кітапты оқып шықтым.

Тура толықтауыш. – Прямое дополнение. Прямое дополнение употребляется в винительном падеже. В казахском языке прямое дополнение может быть передано винительным оформленным или неоформленным падежом: Мемлекеттер шекара туралы шарт жасады. Неоформленными, когда прямое дополнение употребляется рядом сосказуемым.

Жанама толықтауыш.Косвенное дополнение. Косвенное дополнение является тем членом предложения, который насыщает предложение различными предметными понятиями, возникшими из смысловой связи с другими словами.

Слова в функции косвенного дополнения употребляются в направительно-дательном, исходном, местном и творительном падежах: Шекара мәселесі туралы дөңгелек үстел өткізіңіздер. Екі ел арасында қарым-қатынас орнату керек.