Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

8. Сөйлемдерді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтыңыз, себеп-салдар қатынасты білдіруге тырысып көріңіз.

Ол үшін баяндауыштары –дықтан, -діктен күрделі қосымшаны пайдаланып көріңіз.

1. Адамдар экологиялық мәселеге назар аудармаған ... табиғат-ана қорғаусыз.

2.Орманға, жерге, суға жауапсыз қараған ... ауада,суда зиянды заттар көп.

3. Адамның өзімшілдігі табиғатқа зиян әкелген... табиғат зардап шегеді.

9. Сұрақтарға баяндауышы –дықтан, -діктен күрделі қосымшалы есімшені пайдаланып жауап беріңіз.

1.Қазіргі кезде неге аурулар саны ұлғайды?

2.Неге ауа ластанып жатыр?

3.Неге сапасыз азық-түлік көлемі көбейіп жатыр?

10. Сөйлемдерді оқыңыз. Басқаша айтып көріңіз.

Үлгі: Қоршаған орта ластанғандықтан, адамзат опат болуы мүмкін. Қоршаған ортаның ластану нәтижесінде ( в результате) адамзат опат болуы мүмкін.

Егер ғалымдар дұрыс шешім таба алмаса, әлем экологиялық апатқа ұшырайды, себебі табиғат ресурстары шектеулі. Адамзат опат болуы мүмкін, себебі қоршаған орта ластанып жатыр. Лондон парктері өте жақсы сақталған, себебі барлық тұрғындары оған қамқорлы жасайды.Жапонияның автомобиль фирмалары ауаға 96 процент аз мөлшерде зиянды газ бөлетін двигательді жасады, себебі олар күннің, электрдің, табиғи газдың энергиясын пайдаланады.

11. Сөйлемдердің себеп мәнді синонимдік варианттарын жазыңыз.

Завод, фабрикалардың зиянды өндірістік қалдықтарынан өзен,теңіздің жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемі өліп жатыр. Чернобыль апатынан көптеген адамдар қайтыс болды. Бүгінде Дели өндірістік мекемелердің зиянды қалдықтары мен газдарынан тұншығуда ( задыхается ).

12. Сөйлемдерді себеп мәнді сөйлемдерге өзгертіңіз.

Ядролық жарылыстар адамдардың опат болуына әкеледі. Далаларда пайдаланып жүрген нашар техника жердің құнарлы қабаттарының бұзылуына әкеледі.Адамдардың қоршаған ортаға қамқорлығы экологиялық дағдарыстан шығуға көмектеседі. Биологиялық өзгерістер әлі ғылымға белгісіз көптеген ауруларға себепкер болуы мүмкін. Спид және рак көптеген адамдардың өлімінің себепкері.

13. Себеп – салдар мәнді сөйлемдерді табыңыз.

Завод-фабрикалар өзендер мен көлдерге өте үлкен мөлшерде өндірістік қалдықтарын тастайды, қоршаған ортаны ластайды. Табиғат ластанғандықтан көптеген өсімдіктер мен жануарлар біздің жерде өмір сүре алмайды. Теңіздер мен көлдерде көптеген балықтар , жалпы тіршілік өлуде. Табиғатты қорғау үшін завод-фабрикаларда тазалағыш қондырғылар орнату керек. Тазалағыш қондырғыларды пайдаланған соң қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға болады.

14. Себеп-салдар мәнді сөйлемдерге тән жалғаулықты пайдалана отырып, сөйлемді аяқтаңыз.( себебі, сондықтан)

Табиғатты аялау, қорғау керек ... . Экологиялық дағдарыс өсіп жатыр ... . Биолог-ғалымдар қоршаған ортаның ластануына қарсы күресетін өсімдік түрін іздеп жатыр ... . Әлемнің көптеген елдерінде парктерге көп көңіл бөледі, ... .

15. Себеп-салдар мәнді білдіретін құрылымдарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Үлкен қалаларда адамдар неге жиі ауырады?

2. Неге жер бетінде көптеген жануарлар, өсімдіктер жоғалып кетті?

Ф ЕҰУ 703-01-11 кешен. Баспа: екінші

3. Біздің планетамызда тұрғындардың өсуі нәтижесінде не болуы мүмкін?

4. Плотина, каналдар құрылысын салудың нәтижесінде не болуы мүмкін?

5. Қазіргі кезде неге экологиялық дағдарыстар туралы көп жазады?

6. Неге табиғатты аялап қорғауымыз керек?

7. Неге біздің планетамызда көптеген экологиялық мәселелер пайда болады?

8. Неге әлемнің барлық ғалымдары экология мәселесін шешкісі келеді?

12-САБАҚ