Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

5. Шын немесе жалған

Ш

Ж

а) БҰҰ жыл сайын әлем халқын қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

ә) Қоршаған ортаны қорғау күні – 1982 жылдан бастап мерекеленеді.

б) Табиғат тірі дүние емес.

в) Сол кезден бастап ЮНЕП әлем халқын ағаш отырғызуға, көше тазалауға жұмылдырып отыратын болды.

г) Жері жасыл, ауасы таза, суы мөлдір жұрттардың халықтары ұзақ өмір сүреді.

ғ) Табиғаты бүлінген, қоршаған ортаны қорғауға немқұрайды қараған ел адамдарының өмірлері ұзақ.

6. Түсінікті тексеру:

а. Қоршаған ортаны қорғау күні бар ма?

ә. Биылғы жылдың ұраны қандай?

б. ЮНЕП нені ұйымдастырады?

в. Табиғаттың адамға берген ескертуі қандай?

7. Достарыңыздан сұраңыз:

а. Ағаш отырғыздың ба?

ә. Көше тазалауға қатысасың ба?

б. Арал қасіретін білесің бе?

в. Қазақстанда табиғаты әсем жерлер бар ма?

г. Қазақстан Швецариясы қай өлке?

ғ. Қазақстан қорықтары туралы айтыңыз.

8. Досыңыздың сұхбаты туралы айтыңыз.

Үлгі: а. Ол жыл сайын ағаш отырғызады.

ә. Ол жыл сайын қала көшелерін тазалауға қатысады.

б. Арал туралы біледі.

в. Оның ойынша, Қазақстандағы табиғаты әсем жерлердің бірі –Көкшетау.

9. Мәтінді оқудан бұрын мына сұрақтарды талқылаңыз:

а. Қазақтың жер-су туралы аңыздарын білесіңдер ме?

ә. Туған өлкелеріңде аты аңызға айналған қандай жер-сулар бар?

б. Қасиетті, шипалы көл-суларды білесіз бе?

Мәтінді оқыңыз

Бұл аймаққа қоныстанған орыстар, сірә, табиғатының сұлулығына, қарағайлы орманына, көлдеріндегі құстардың көптігіне қарап “Орманды” (Боровое) деп атап кетсе керек. Ал ежелгі өз тұрғындары – қазақтар Бурабай деп атаған.

Халық арасына осы Көкшетау маңында болған болжағыш бура туралы аңыз бар. Бейбітшілік, тыныш күндері әлгі бура Көкшетауға жақын жерде жайылып, ормандағы көлдерден сусындаған.

Болжағыш бура халық басына төнер қауіптің жақындағанын жұрттың бәрінен бұрын сезеді екен де, сол бойда Көкшетаудың заңғар басына шығады екен. Сонан соң бар даусымен боздап, адамдарды келе жатқан қауіп-қатерден сақтандырады екен.

...Бір жолы Абылайдың даңққұмар баласы Қасым хан бураны садақпен дәл жүрек тұсынан атыпты. Ауыр жараланған бура өзі су ішіп жүрген көлге жете алмай, орта жолда жан тапсырыпты да, тасқа айналыпты. Ақ жазық (Ясная поляна) маңынан шөккен түйеге ұқсас гранит жартасты әлі де көруге болады.

10. Туған жеріңізде “Бурабай” аңызына ұқсас аңыз бар ма?

11. Мына мақалдардың мағынасына назар аударыңыз:

а. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

ә. Туған жердің жуасы да тәтті.

б. Туған жердің ауасы да шипа.

в. Туған жердің қадірін

Шетте жүргенде білерсің.

12. Көкшетау өлкесіндегі “Оқжетпес”, “Жұмбақ тас” туралы аңызды үйде оқыңыздар. Әңгімелеңіздер.

13. Туған жердегі көлдердің қасиеттері туралы әңгімелеңіздер (Мысалы, Алакөл, Балқаш, т.б.).

Жер – ананы аяла

(жалғасы)

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

а. Қандай полигон аймақтарын білесіз?

ә. Невада – Семей қозғалысы қандай, неге қарсы қозғалыс?

б. Хиросима, Нагасаки туралы не білесіз?

2. Назар аударыңыз:

  • 1949-1989 жылдар арасында Семей жерінде ядролық жарылыстардың саны 470-ке жетті.

  • 470 жарылыстың 26-сы жер бетінде, 90-ы әуеде, қалғаны жер астында сыналған.

3. Мына сөздерді сөздіктен қараңыз:

Зәру, зардап, сынақ, жарылыс, жаралы, қасірет, емдеу, санасу, зиян, мөлшер.

4. Мәтінді оқыңыз