Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

42. Бірінші сабақта берілген диалогты оқып, мына сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыз.

1. Мынадай адамдар: Пьер Кюри, Вильгельм Рентген, А.Сахаров, Альберт Энштейн, Тереза Шешей, М.Шолохов не істеген? Оларға Нобель сыйлығы не үшін берілді?

2. Қандай халықаралық ұйымдарға Нобель сыйлығы берілген? Олар бұл сыйлықпен не үшін марапатталған?

Есіңізге сақтаңыз!

А.Қимыл әрекеттің аяқталған түрі түбір етістік + өткен шақ есімше –ған, -ген, -қан, - кен арқылы және түбір етістік + ырықсыз етістік + (-ған, -ген, -қан, кен) арқылы) беріледі.

Мысалы: 1. Аш+қан, 2.Аш+ыл+ған.

ә. Қимыл әрекеттің аяқталмаған түрі 1. түбір етістік +ырықсыз етістік + көсемшенің (а,е,й) формасы + жіктік жалғау ІІІ жақ арқылы жасалады. Мысалы: шеш+іл+е+ді, мәселе шешеді

Автордың өз көзқарасы)

7 - САБАҚ

Әлемге әйгілі қазына

  1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз: әлем, әйгілі, дүние жүзілік, тереңдік, тектілік, түп-тамыр, жария ету, түсінік, әлемет, сұлулық, шеберлік.

  2. Мына сөз тіркестерінің ана тіліңіздегі баламасын табыңыз: дүние жүзілік маңызы, аса зор жаңалық, құнды қазына, әлемге әйгілі, асыл қазына, тарихымыздың тереңдігі, дала туралы түсінік, әсер ету, алтынмен апталған, ежелгі заман, өзіндік өркениет.

  3. Мына сөздердің антонимін табыңыз.

ежелгі – қазіргі

оңай – қиын

терең - тайыз

4. Топ болып ой түрткі сұрақтарға жауап іздеп көріңіз:

а) Әлемге әйгілі қандай қазыналарды білесіз?

ә) Әлемге әйгілі қандай кереметтерді білесіз?

б) Әлемге әйгілі қандай тұлғаларды білесіз?

в) Әлемге әйгілі қандай мемлекеттерді білесіз?

Талқылаймыз

  1. Мәтінді оқыңыз. Дискуссия тақырыбын анықтаңыз.

Дастан: Мына мақаланы оқыдың ба?

Салтанат: Не туралы?

Дастан: «Алтын адам»туралы.

Салтанат: Жалпы білемін. Нақты мәліметтер айта алмаймын.

Дастан: Ендеше оқы. Оны профессор М.Пиотровский «ХХ ғасырдың ең белгілі археологиялық жаңалығы»– деп бағалаған. Ал Қазақ энциклопедиясында бұл туралы «Есіктен табылған алтын киімді адам және оның қасындағы заттар» – дүние жүзілік маңызы аса зор жаңалық деп тұжырымдаған.

Айнұр: Мәскеудің «Вече баспасынан шыққан «Сто великих сокровищ» атты кітапта құнды қазыналардың ішінде біздің «Алтын адам» туралы мақаланың болуы – оның әлемге әйгілі екендігінің тағы бір дәлелі.

Оқытушы: Сонымен, «Әлемге әйгілі ...» айдарының аясында біз бүгін тарихымыздың тектілігін әлемге жария еткен асыл қазынамыз «Алтын адам» туралы әңгімелейміз.

Алтын адам

Қазақ археологы Кемел Ақышевтың ашқан сенсациялық жаңалығы әлем ғалымдарының дала туралы түсінігін төңкеріп тастардай ғаламат әсер етті. Ол тапқан алтын киімді адам ә дегенде-ақ әлемге әйгілі болып шыға келді. Бұл – археологтардың айтуынша, 17-18 жасар сақ жауынгері еді. Есік қорғанынан табылған осы қазынаның бағасын жеткізе айту оңай шаруа емес. Мұнан 25 ғасыр, яғни екі жарым мың жылдай бұрын осындай байлық болған, осындай сұлулық болған, осындай шеберлік болған деген ойдың өзі таң-тамаша қалдырады.

Ең ғажабы, ол бүтіндей алтынмен апталған! Бірге жерленген жауынгерлік қаруы – алмас қылыш пен болат қанжардан басқасы бүтіндей алтыннан! Жұқа көйлегі де, бешпенті де, етігі де, шошақ бөркі де, асатаяғы да, қамшысы да – бәрі алтыннан ... Ал бас киімі 200-ден астам неше түрлі алтын зер, әшекей заттармен безендірілген. Олардың көпшілігі барыстың, таутекенің, арқардың, аттың, құстың кескінімен таңбаланған. Бас киімнің маңдай жағы мүйізді, қанатты қос аттың кескінімен өрнектелген.

“Алтын адамның” қай елге барса да, Қазақстанның даңқын асыратынына, біздің даламызда ежелгі замандарда өзіндік өркениет қалыптасқанына мынандай мысалдың өзі-ақ жеткілікті дер едік: Есік қорғанынан барлығы 4 мың алтын бұйым табылса, соның дені бір адамның бойында тұр. Бір ғана бешпент 3 мыңға жуық алтын заттармен безендірілген дегенге қалайша қайран қалмассыз, осындай мұра қалдырған бабаларымыз үшін қалайша мақтанбассыз! (Сауытбек Абрахманов. “Елдік сыны” кітабынан, 398-403 беттер, ықшамдалып, бейімделіп алынды).

  1. Сіздің пікіріңіз.

Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз:

  1. «Алтын адам» – ХХ ғасырдың ғажап жаңалығы.

  2. «Алтын адам» Жетісу жерінен, Есік қаласының маңынан табылды.

  3. «Алтын адам» – біздің дәуірімізге дейінгі (б.д.д) V-IV ғасырдағы сақ жауынгері.

  4. Бір ғана бешпент 4 мыңға жуық алтын заттармен безендірілген.

  5. Қанатты аттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында бар.