Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Лексикалық түсініктеме

Емге зәру – емдеу керек, емдеуді қажет етеді деген мағынада.

Зардап – синонимі – зиян – тяжелые последствия, ущерб, вред, убыток.

Зардап көрді, зардап шекті.

Зардапқа ұшыратты – нанести ущерб.

Зәру – необходимость, нужда.

Қазақстанның барлық аймақтары көмекке зәру. Көмек қажет деген мағынада.

Өңір – местность.

8. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар:

а. Арал тағдыры туралы не білесің?

ә. Аралдың кешегісі және бүгінгісі туралы не білесіз?

б. Арал және қоршаған орта.

в. Арал аймағының экономикасы мен әлеуметтік жағдайын білесіз бе?

9. Мына сипаттама Қазақстандағы қай өлкеге арналған?

Аты айтып тұрғандай, беті ала-ала. Ақ пен көк кезек-кезек алмасып жатады. Ақ жері жылы, көгілдір тұсы салқындау. Бірақ негізінен көл жанға жайлы, жып-жылы. Ыстықкөлдің суы бұдан әлдеқайда суық. Жылы болғандықтан да, жұп-жұмсақ. Су ішінен шығармай күн ұзаққа шырмайды.

Көлдің суының тазалығы сондай, қиыршық тас тұрмақ, тарыны да тауып алуға болады. Қазақ жерінде мұншама мөлдір көлдің жатуының өзі жарты бақыт. Суы тұзды, денсаулыққа пайдасы зор. Мың да бір дертке шипа.

10. Жоғарыдағы шағын мәтіннен сын есімдерді көрсетіңіз, қай шырайға жататындығын ажыратыңыз.

11. Өзің тұрған аймақтағы өзен-көлдерге, сарқырамаға сипаттама жазыңыз.

12. Мына сөйлемнің мағынасын талқылаңыздар:

Мың да бір дертке шипа”.

13. Мына сипаттама қай көлді есіңізге түсіреді?

Көл Жетісудың шығыс жағында орналасқан. Көлемі – 2696 шаршы шақырым. Ұзындығы – 1011, ені – 92 шақырым. Орташа тереңдігі – 22,5 метр. Көлдің дәл ортасында үлкен және кіші Арал төбе бар. Көлге 15-тен аса өзен құяды.

4 - сабақ

Тіршіліктің жасыл тірегі

1. Сөздікпен жұмыс:

Елестету, емдеу, отау, түп, құм, айналу, үзілді-кесілді, кірісу, тиым, рәсуа, жырым-жырым, көшет, үлгеру.

  1. Ойтүрткі

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

а. Қанқай ағаш түрлерін білесіз?

ә. Қандай ағашты жақсы көресіз? Неге?

б. Қазақстанда қай облыс орманды?

в. Орманды, қарағайлы жерде болдыңыз ба?

3. Оқыңыз

Орман – адамның досы, адам өмірін ормансыз, тоғайсыз елестету мүмкін емес. Орман әлемі, өсімдік әлемі адамды өзінің байлығымен асырап қана келген жоқ, емдеп те келді. Қаншама демалыс үйлері, санаторийлер, туристік базалар, балалар бақшасы орман ішінде немесе орманға жақын орналасқан.

Француз ғалымы Микель зерттеулер жүргізе отырып, мынадай қорытынды береді: Парижде 1м³ ауада 36 мың бактерия бар екен, ал паркте 500-ден төменірек. Жердің, топырақтың өлуі де орманды аяусыз отаудан басталады екен.

Орманның жойылуы ауыл, қала, мемлекеттің де жойылуына әкелген. Ғылыми зерттеу институттарының мәліметіне қарағанда бір тонна қағаз жасау үшін жиырма түп үлкен ағаш керек екен. Ал адамзат жылына 150 млн. тонна қағаз пайдаланып, 3 млрд. түп ағашты жоғалтып отырады. Әр кітаптың артында қаншама жасыл әлем тұр!

Қаншама ғасыр орман елі болып есептелген Бангладештің бүгінде 6 пайызы ғана орман-тоғайдан тұрады. Әдеттегідей жер – жер болуы үшін, ауа – ауа болуы үшін өлкедегі орманның көлемі 25 пайызға шейін өсуге тиіс. Әйтпесе бүкіл Бангладеш күндердің күнінде қып-қызыл құмға айналмақ. Сол апаттың алдын алу мақсатында бенгалдықтар бұдан он жыл бұрын орман отауды үзілді-кесілді тоқтатып, ағаш отырғызуға кіріскен-ді.

Орман отауға Австралияда да тиым салынған. 800 км-ге созылған жасыл жағалау әлемдік қазына болып есептеліп, ЮНЕСКО қол созып отыр. “Ештен кеш жақсы” деген осы. Әйтпесе біраз жерді алып жатқан нулы әлемнің соңғы екі жүз жылда 75 пайызы оталып та үлгерген-ді.

Ит тұмсығы өтпейтін желекті джунглиін берекесіз кесіп, есепсіз рәсуа қылған көп елдің бірі – Үндістан. Бірақ Үндістан өкіметі жырым-жырым джунглидің жасыл жұрнағын бақылауға алып, жоспармен қалпына келтіруді көздеп отыр. Енді жыл сайын бес миллион гектар жерге көшет отырғызады.

Соңғы жылдары көптеген елдерде “жасыл желек” партиясы пайда бола бастады. Осы партия Германияда көп жұмыс істеп жатыр. Германияда да қарағайлы, шыршалы орманның 80 пайызы оталып үлгерген.

О баста кімнің басына бірінші келгені және қай халықтан басталғаны белгісіз, көптеген елге ортақ әдемі бір дәстүр бар. Ол: енді-енді некеге тұрған ерлі-зайыпты екеудің аз дегенде бір көшет отырғызуы. Сіз көшет отырғыздыңыз ба?

(Қадір Мырза Әлі. “Жас алаш”, қаңтар, 2000 ж.)