Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Ғалам және ғасыр

1. Сөздікпен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз: жарқын, ғаламат, ғажайып, ғалам, дүр сілкіну, жұлдызды сәт, мәлім, саңлақ, екшеу, бірауыздан, бір-біріне, дөп келу.

2. Ойтүрткі.

Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар

а. Ғасыр оқиғасын айтыңыз.

ә. Ғасырдың ең бай адамы кім?

б. Ғасыр сыйлығы.

в. Ғасыр аңызы.

г. Ғасыр ғалымы.

ғ. Ғасырдың ең қайырымды адамы кім?

д. Ғасыр апаты.

е. Ғасыр диссиденті.

ж. Ғасыр спортшысы.

з. Ғасыр ғимараты.

и. Ғасырдың ғылыми жетістігі.

3. Оқыңыз.

Әр жүзжылдықтың жарқын жаңалығы, ғаламат ғажайыптары, ғаламды дүр сілкіндірген жұлдызды сәттері болатыны баршаға мәлім. ХХ ғасырда да маңызды әрі танымал оқиғалар көп.

Әрине, ғасырдың кереметтерін, әр саладағы саңлақтарын, дәуірдің дара туындыларын саралау мен анықтау оңай емес. Әлемнің жер-жеріндегі түрлі қоғамдық ұйымдар мен мекемелер, газеттер мен журналдар, алуан тілде сөйлейтін арналар мен экрандар өкілдері, беделді фирмалар мен компаниялар ұйымдастырған жүздеген мың сауалнамаға қатысушылардың пікірлері, ойлары дауыс беру арқылы екшелініп сұрыпталды. Ғалам кейіпкерлері мен кереметтері анықталды. Бір ғажабы, дүние жүзінің әр шалғайында өткізілген суперконкурстар мен байқаулардың негізгі нәтижелерінің көпшілігі бір-біріне дөп келіп, сәйкес келуімен қатар, кейбір адамдардың есімдері бірауыздан аталуы ешкімді де таңқалдырмаса керек. Себебі, әлемдік жетістіктер шекараны білмейді, ұлтқа бөлінбейді. Ғарышкер де, қаламгер де, инженер де, сахна суреткері де әлемге ортақ.

Сонымен тыңдаңыз (Оқытушы өзі оқиды немесе магнитофон қолданылады):

Ғасыр оқиғасы. Адам баласының ғарышқа ұшуы әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Бұл оқиға, ғылымның ғажайып осы жетістігі қазақ жерінде – Байқоңырда болды.

Ғасырдағы ең бай адам. Әлемдегі ең ірі “Microsoft” компьютер корпорациясының негізін қалаушы, 44 жасар Билл Гейтс, компьютер данышпаны. Ол жасаған бағдарламалар жүйесін компьютер әлемінің 83 % пайдаланады. Планетаның ең бай бизнесмені болып саналатын оның жеке табысы қазір 85 миллиард доллар.

Ғасыр сыйлығы. Бүгінгі таңда сыйлықтардың “атасы” – Нобель атындағы сыйлық.

Ғасыр ғалымы. Адамзат ақыл-ойының данышпанына айналған ғұлама ғалым Альберт Эйнштейннің есімі Темірқазық жұлдызындай мәңгі жарқырап тұрмақ. Оны осындай биікке көтерген – физика саласында ашқан Ықтималдық теориясы туралы жаңалығы. Нобель сыйлығының лауреаты А.Эйнштейн атом бомбасын жасап шығару идеясының авторы.

Ғасырдың ең қайырымды адамы. Ізгілікті де қайырымды істерімен әлемнің көптеген елдерінің ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген Тереза шешейдің есімі ерекше аталады. Ол – бүкіл өмірін жер шарындағы кедейлерге, жетімдерге арнаған аяулы, абзал жан. 1946 жылы өзінің қайырымдылық орденін тағайындаған.

Ғасыр спортшысы. “Футбол королі” атанған Пеле есімін білмейтін адам жоқ. Ол әлем чемпионатының үш алтын медалін жеңіп алған жалғыз футболшы. Пеле 1363 ойында 1281 доп соққан әлемдегі ең үздік шабуылшы.

4. Тыңдалған мәтін бойынша тапсырма:

а. Сізге таныс қандай есімдер аталды?

ә. Аталған есімдерден қайсысын көбірек білесіз?

б. Өзіңізге таныс есімдер туралы қосымша әңгімелеңіз.