Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Менің қоғамдық міндетім

Мен – студентпін. Үйде өзіме тиісті жұмыстардан басқа менде қоғамдық жұмыстар да бар. Мен - университеттегі жастар ісі жөніндегі комитет мүшесімін. Мерекелерге байланысты қабырға газеттерін шығарамыз, түрлі мәдени шараларға қатысамыз, өзге оқу орнындағы студенттермен ғылыми байланыс жасаймыз, өзара білім-біліктілік сайысына түсеміз. Бұл жұмыстардың бәрі де жауаптылықты талап етеді. Бұлардан басқа айта кететін тағы бір міндетіміз бар. Университеттің тап-таза, есік-терезесі бүтін, едендерінің айнадай жалтырап тұруы бәрімізге де қатысты. Оқу орнында улап-шулауға, аудиторияны қоқытуға, үзіліс кезінде кез-келген жерде темекі шегіп, түкіруге болмайды. Бұларды ешкім ескертпей-ақ әр студент өзі түсінуі керек. Мен мектепте оқып жүргенімде кезекші болғанда, кішкентай сынып оқушыларына жаман әдет жасамауды үнемі ескертетінмін. Мектеп - алтын ұямыз, ортақ үйіміз екенін әрдайым айтатынмын. Ал университет – іргелі оқу орны. Онда жауапкершілік те жоғары. Жақсы университетте оқысаң, өзің де қуанышты боласың. Болашақтың жақсы болуы - әрбір адамның өз жұмысы мен қоғамдық жұмысын адал атқаруына байланысты.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Сіз үйде қандай жұмыстар істейсіз?

2. Университтетте ше?

  1. Мерекелерге байланысты қандай шараларға қатысасыз?

  2. Университтеттің жақсы болып тұруы үшін тағы не істеу керек деп ойлайсыз?

  3. Сенбіліктерде қандай жұмыс атқарасыздар?

  4. Қоғамдық жұмыстарға тағы нелерді айтуға болады?

3-тапсырма. Өзіңіздің қоғамдық жұмысыңыз жайлы монолог айтыңыз.

4-тапсырма. Ертең қандай жұмыстар істеуіңіз керек, дәптеріңізге жазыңыз.

Студенттің өздік жұмысы

1-тапсырма. Досыңызбен сұхбаттасыңыз:

-Қала, ауыл тұрғындары қай уақытта сенбілікке шығады?

-……………………………………………

-Сенбіліктен басқа уақытта тазалық керек емес пе?

-……………………………………………

-Арықтарды қашан, не үшін тазалайды?

-……………………………………………

-Сенбілікке шығу –кімнің міндеті?

2-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді дұрыстап құрастырыңыздар:

1. Сенбілікке шығу үшін жұмыс киімін (ки) керек. 2. Жұмыстан (қашпа) керек. 3. Айнала таза (болу), өзіңе де жақсы. 4. Бірігіп істеген жұмыс қызық (болу). 5. Қазақта «көппен көрген –ұлы той» деген (қанат) сөз бар.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Сенбілік

Өткенде сенбілікке шықтық. Таңертеңгі 9-да университетке жиналдық. Комендант бізге сыпырғыш, күрек, тырма, бояу, әк берді. Біз топ-топқа бөлініп алып, өз жұмыстарымызды істеуге кірістік. Қыздар университет ауласын сыпырып, шарбақтарды бояды.

Ф ЕҰУ 703-01-11 кешен. Баспа: екінші

Біз қоқыстарды жинап, арнайы қапшықтарға салдық. Ағаштардың діңін әктедік,

жан-жағын күрекпен қопсыттық. Арықтарды тазаладық. Топырақты тырмалап, гүлзар дайындадық. Шашылып жатқан кірпіш, тас, қоқымдарды жинап, зембілмен тасыдық. Жас ағаштарды түзу өсуі үшін арқанмен дұрыстап тартып байладық. Өзімізге тиісті жұмыстарды атқарып болған соң, құрал-саймандарды тапсырдық. Университет айналасының тап-таза, жинақы болып тұрғаны көзімізді қуантты. Бәріміз бірігіп жұмыс істегендіктен, шаршаған жоқпыз. Ұстаздар бізге үлкен алғыс айтты.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Сіз қашан сенбілікке шықтыңыз?

2.Сенбілікте қандай жұмыстар істедіңіздер?

3.Қыздар не істеді?

4.Ұлдар не істеді?

5.Ауыр қоқыстарды немен тасиды?

6.Топырақты не үшін тырмалайды?

7.Ағаш діңін не үшін әктейді?

8.Арықтарды не үшін тазалайды?

9. Ауланың таза тұруы үшін не істеу керек?

10.Құрал-саймандар деген не?

5-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз:

1. Сенбілік ….. үшін өткізіледі.

2. Сенбілікке …. қатысады.

3. Күрекпен …., тырмамен…, бояумен…., зембілмен….

4. Жас ағаш түзу өсу үшін….

5. Университеттің іші-сыртын таза ұстау -…..

6. Сенбілікке бір кісідей …. керек.

7. Сенбілік кезінде қарап …. болмайды.

8. Бір-бірімізге көмектессек, …. аяқтаймыз.

9. Біздің жұмысымыздың нәтижесі …. көрінеді.

10. Ұстаздардың …. алу бізді қуантады.

6-тапсырма. Тұрақты тіркестердің мағынасын айтыңыз:

Бір кісідей атсалысу, жалқаулыққа салынбау, қол ұшын беру, көмегін аямау, қызығына тоймау, жаны рахаттану.

Практикалық сабақ