Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать
  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

Ойтүрткі

а. Қазақстандағы қандай көлдерді білесіз?

ә. Көлді қорғау туралы заң бар ма?

б. Балқаш қайда орналасқан?

в. Балқашқа қандай өзендер құяды?

2. Мына сөздерге мән беріңіз:

Тірек сөздер (ключевые слова):

Көл, орналасу, ұзындығы, ені, тереңдігі, азаю, апат, заң, қабылдау, маңызды.

  1. Оқыңыз:

Балқыш көлі оңтүстік-шығыста орналасқан. Ұзындығы – 614 шақырым (км), ені – 74 шақырым (км).

Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды.

Балқаш көлінің орташа тереңдігі – 6 метр, кейбір жерлері – 27 метр.

Соңғы жылдары көлдің жалпы аумағы 2000 шаршы метрге (кв. км) азайды, деңгейі 3 метрге түсті. Тұздану арта түсті. Балық азайып жатыр. Арал апаты – бәрімізге сабақ. Үкімет Балқашқа назар аударуы қажет. Ресей мемлекетінде «Байкал көлі туралы» заң бар бар. Парламент «Балқаш көлі туралы» заң қабылдаса, артық болмас еді.

Себебі Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды.

4. Диаграмманы оқыңыз

5. Диаграммада берілген сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.

6. а. Мәтіннен сан есімдерді табыңыз.

ә. Мәтіннен жатыс септігіндегі сөздерді табыңыз.

б. Мәтіннен ұзындығы, тереңдігі сөздерін табыңыз.

в. Мәтіннен барыс септігіндегі сөздерді табыңыз.

г. Мәтіннен күрделі нақ осы шақты табыңыз.

7. Мәтінді әңгімелеңіз.

8 . Салыстырыңыз (өз бетінше жұмыс).

Іле

Балқашқа құяды

_________________

_________________

_________________

_________________

_________________

Ертіс

Зайсанға құяды

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

3-САБАҚ

ЖЕР – АНАНЫ АЯЛА

  1. Ойтүрткі

Мына сұрақтарға жауап берейік:

а) Қоршаған ортаны қорғау күнін білесіз бе?

ә) Оқушы кезіңізде мектепте ағаш отырғыздыңыз ба?

б) Бұлақ, өзендерді тазалауға қатыстыңыз ба?

в) Құстарға ұя жасадыңыз ба?

г) Қоршаған ортаны қорғау мерекесіне қатысып көрдіңіз бе?

2. Есіңізге сақтаңыз!

а. 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні.

ә. Қоршаған ортаны қорғау – 1972 жылдан мерекеленуде.

3. Мына сөздерді сөздіктен қараңыз:

Орта, құтқару, қорғау, ағаш отырғызу, шеру, қайта өңдеу, ең ауқымды, міндет, ескерту, қасірет, шөл, тықсыру, аялау.

4. Оқыңыз:

Жер – ананы аяла

Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем халқын қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге шақырады. Биылғы жыл ұраны – “Жердегі өмір үшін теңіздерімізді құтқарайық!” деп аталады.

Қоршаған ортаны қорғау күні – 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол кезден ЮНЕП әлем халқын ағаш отырғызу, көше тазалау, велосипед шеруі, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл-қоқыстарды қайта өңдеуге жұмылдырып отыратын болды.

Экология – ғасыр соңында планета халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттерінің алдыңғы қатарына енді.

Табиғат та тірі дүние. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңнан алуды ғана білме, өзің Жер, Су, Ауаға алғаныңның орнын қайтып толтыратыныңды ойла деген ескерту жасауда. Сол ескертудің дәлелі – Арал қасіреті, тұщы су көздерінің азаюы, шөлдің тықсырып келе бастауы.

Жері жасыл, ауасы таза, суы мөлдір жұрттардың халықтары ұзақ өмір сүреді де, табиғаты бүлінген, қоршаған ортаны қорғауға немқұрайды қараған ел адамдарының өмірлері де қысқа екендігі осыған дәлел. Еуропа елдері ормандарын аялайды. Оңтүстік Корея ағаштарын кесіп өндіріске пайдаланбайды. Бұл – табиғатты аяламайтындарға үлкен сабақ.