Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

8. (Салыстырыңыз, жазыңыз, жалғастырыңыз.

Нобель сыйлығы

Екеуіне де ортақ

Король Файсал

сыйлығы

А) Бес салаға бөлінеді:

1. Физика

2. Химия

3.Медицина

Математика жоқ

Б) Нобель сыйлығы – ғасыр сыйлығы. Нобель- өзі де ғалым

в) ......

г) .......

Нақты гылымдарға да беріледі.

Медицина бар

Екеуі де халықаралық сыйлық.

а) бес ғылым саласына:

1. нақты ғылымдар

2. медицина

3. араб әдебиеті

Математика бар.

Б) Король Файсал сыйлығы – ғасыр сыйлығы емес. Король Файсал – мемлекеттік қайраткер.

в) ......

г) .......

Грамматика Объектілік қатынастар

Іс-әрекеттің адресат объектіге бағытталғанын білдіру.

(Выражение объекта-адресата действия)

1.Сөйлемдерді оқыңыз. Адресат-объектінің барыс септігі арқылы

жасалуына назар аударыңыз. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.

1. Жазушыға осы кітаптары әлемдік даңқ әкелді.

2. Даттық физик Нильс Борға атом және кванттық механика теориясын

ашқаны үшін 1922 жылы Нобельдік сыйлық берілді.

3. Менің көршім туыстарына, достарына жиі хат жазады.

4. Оқытушы студенттерге жаңа сабақты түсіндірді

5. Нобель сыйлығы мемлекеттік қайраткерлерге де беріледі.

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз. Бірінші қысқа жауап беріңіз, содан соң толық түрде жауап беріңіз.

Үлгі: Сіз Нобель сыйлығының лауреаттары туралы кітапты өзіңізге

немесе өзіңіздің досыңызға алдыңыз ба?

  1. Өзіме

  2. 2) Мен Нобель сыйлығының лауреаттары туралы кітапты өзімнің досыма алдым.

1.Сіз керемет отбасы – Кюрилер туралы маған немесе студенттерге

әңгімелеп бересіз бе?

2.Сіз ағаңызға немесе әпкеңізге хат жаздыңыз ба?

3.Сіз досыңызға немесе өзіңіздің сіңліңізге звондадыңыз ба?

4.Сіз деканға түсініктеме хат жаздыңыз ба?

  1. Сөйлемдерден адресат-объектіні табыңыз. Сұрақ қойыңыз.

Бейбітшілік сыйлығынан басқа барлық сыйлықтар тек жеке адамдарға

және бір-ақ рет беріледі. Тек ерекше еңбектері үшін М.Склодовская-Кюриге (1903, 1911), Л.Полингке (1954, 1962 екі рет берілді. 1901 жылдан 1973 ж. дейін 311 адамға халықаралық Нобель сыйлығы берілген. 1962 ж. Л.Д.Ландауға халықаралық Нобель сыйлығы берілген.

(Қазақ энциклопедиясынан)

2. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланыңыз.

Сіз кімге хат жазасыз? (Айжан). Сіз кімге жеделхат салдыңыз? (Асқар). Сіз кімге кеңес бердіңіз? (студент). Сіз кімге сәлем айттыңыз ? (Сәуле). Сіз кімдерге лекция оқыдыңыз? (магистранттар).

3.Сөйлемдерді салыстырыңыз. Ақпарат көзі болған объектінің

тұлғасын анықтаңыз. Қай септікте?

1. Кешке Айжан шешесінен хат алды. Айжан шешесінің хатынан

көпжаңалықтар туралы білді

2.Жаңа жылда Дастан достарынан Құттықтау хаттардан Дастан

көптеген құттықтау хат алды. өзінің достары туралы білді.

3. Мақала авторы газет оқырмандары- Автор хаттардан оқырмандар

нан көп хат алды туралы білді.

4. Нобель сыйлығының лауреаттары Біз Нобель сыйлығының

туралы кітаптан оқыдық. лауреаттары туралы

энциклопедиялық кітаптан

оқыдық.

5. Болған оқиға туралы мен көршіден Болған оқиға туралы мен

білдім. радионың хабарлауынан білдім.

6. Сөйлемдерді аяқтаңыз ақпарат көзі-объектіні табыңыз. Студент өзінің диплом жұмысы туралы жақсы пікір алды. (жетекші, оппонент)

Салтанат Нобель туралы ақпаратты ............ тапты. (Интернет)

Ол Тереза шешей туралы ......... оқыды.. (газет)

Анна Нобельдік лауреаттар ...... көптеген мақала оқыды. (басылым).

Сан есімді объектінің берілуі

(Выражение объекта, обозначающего количество)

7. Диалогты оқыңыз. Зат есімнің сан есіммен тіркесіне назар аударыңыз.

1.– Айжан, сен осы семестрде қанша кітап оқыдың?

  • Бес, мүмкін одан көбірек. Иә, одан көбірек. Өткен аптада екі кітап оқыдым. Кеше бір кітап оқыдым. Сонымен, сегіз кітап оқыдым.

  • Ал. Мен үш-ақ кітап оқыдым.

2.– Анна, сен Абайдың қанша өлеңін қазақша оқыдың?

  • Үш өлеңін жатқа білемін, ал онын оқыдым.

3.– Сәуле, Нобельдік қорда қанша ақшасы қалды? Білесің бе?

– Қазіргі курс бойынша 62 миллион фунт стерлинг.

4.– Раушан, Халықаралық Нобель сыйлығының лауреатына сыйлық ретінде қанша қаржы беріледі?

  • Иә, бір жерден оқығанмын. Нобель қорына түсетін түсімге байланысты.

5.– Ал халықаралық Король Файсал сыйлығының лауреаты қанша қаржы алады?

  • 200 мың АҚШ доллары.

8. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен құрамында есептік сан есімді объектілік мағынасы бар конструкцияны табыңыз.

Нобель 350-ден астам жаңалық ашты. Нобель қоры 600-ге жуық адамды марапаттады.

Дүние жүзіндегі ең үлкен әуежай АҚШ-та орналасқан. Чикаго әуежайы жылына 56 миллион жолаушы өткізетін көрінеді.

Пеле 1363 ойында 1281 доп соққан әлемдегі үздік шабуылшы.

Объектілік қатынастың көмектес септігі арқылы берілуі.

(Выражение – интрумента действия)

  1. Сөйлемдерді оқыңыз. Әрекет-құралын білдіретін обектіні табыңыз.

Нобель сыйлығының лауреаттарын Нобельдің бейнесі бар, аты жазылған алтын медальмен, дипломмен марапаттайды, мөлшері көрсетілген чек береді. Бірінші партияда Каспаров қарамен ойнаған. Ақпен ойнаған Карповтың күші артық емес, тіпті кем де. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір. Шаң сорғышпен тазалау жақсы. Ол жаңа суреттерін қаламмен салды.

Тілек, қалау, талап мағыналы сөздер объектілік қатынаста.