Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Лексикалық түсініктеме

Ит тұмсығы өтпейтін – желекті джунгли, қалың орман деген ұғымды білдіреді.

Жасыл желек – жасыл орман, жасыл әлем деген мағынада.

Отау – синонимі кесу. Орманды отау, ағашты кесу деген мағынада.

Оталып та үлгерген-ді – кесіліп, қырқылып жойылған деген мағынада.

Көшет – рассада.

Аяусыз – безжалостно.

ЮНЕСКО қол созып отыр – ЮНЕСКО көмектесіп жатыр деген мағынада.

Жұрнақ – қалдық деген мағынада. Жырым-жырым джунглидің жасыл жұрнағы.

4. Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а) Орман – адамның досы емес.

ә) Орман әлемі адамды емдеп те келеді.

б) Француз ғалымы Микель зерттеуі бойынша Парижде 1м3 ауада 36 мың бактерия бар.

в) Француз ғалымы Микель зерттеуі бойынша паркте 1м3 ауада бактерия 500-ден төмен.

г) Ғылыми зерттеу институттарының мәліметіне қарағанда, бір тонна қағаз жасау үшін жиырма түп үлкен ағаш керек екен.

5. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

  1. Бангладештегі орман мәселесі.

  2. Австралиядағы орман жағдайы.

  3. Үндістанның желекті джунглиі.

  4. Германияның орман-табиғаты.

  5. Қазақстан орман-тоғайының қазіргі жай-күйі.

6. Төменде берілген шағын мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз:

Ғалымдардың пайымдауы бойынша адам көзі үшін ең тиімді, нағыз қолайлы түс – жасыл түс көрінеді. Ал жасыл дегеніміз – орманның түсі. Ендеше оның өмірлік түс болғаны да!

Жер қыртысы мен судың алып қорғаны, оттегінің жер бетіндегі бірден-бір көзі болып табылатын орманның атқарып отырған қызметінің құнын есептеп шығарып, маңызына баға беру тіпті де мүмкін емес. “Өсімдік жақсы өссе, адам да жақсы өмір сүрмек” деп академик К.А.Тимирязев әбден дұрыс айтқан.

Сонымен бірге орман – атмосфералық ауаны тазартушы да. Бір гектар жерді алып жатқан қарағайдың жыл сайын он тонна оттегін шығаратыны белгілі болып отыр. Ал өзі соншалық мөлшерде көмір қышқыл газын жұтады екен.

Грамматикалық түсініктеме

1. Туынды сын есім

Производные прилагательные могут быть образованы от именных и глагольных основ с помощью разнообразных аффиксов:

1) -лы, -лі

-ды, -ді

-ты, -ті

2) -сыз, -сіз

-ғы, гі

-қы, -кі

3) -лық, -лік

-дық, -дік

- тық, -тік

4) -шыл, шіл

6) -и

Мысалы: орман+сыз, тоғай+сыз, аяу+сыз, әлем+дік, ну+лы, соң+ғы, береке+сіз, есеп+сіз, қарағай+лы, шырша+лы, белгі+сіз, тиім+ді, қолай+лы, ғылым+и, желек+ті.

2. Септеуліктер (послелогии)

Послелоги – это особая группа сложных слов (шылау), имеющая следующие особенности:

▪ Послелоги уточняют и дополняют грамматические значения падежных форм окончаний.

▪ Послелоги имеют пространственные и временные, целевые, причинные значения. Используются для синтаксической связи слов, словосочетаний и частей предложения между собой.

▪ Послелоги сочетаются с именами существительными, прилагательными, числительными, местоимениями, склоняемыми формой глаголов.

а. Үшін септеулігі негізінде атау септік формасындағы зат есімдермен, есімдіктермен, -у формалы қимыл атауларымен, -мақ, -мек, -ған, -ген, -қан, -кен формалы есімшелермен, -мас, -мес, -бас, -бес формалы болымсыз есімшелермен тіркесіп, себеп, мақсат, арнау мағыналарын білдіру үшін көмекшілік қызмет атқарады.

Послелог үшін выражает причину и цель с основным падежом причастной формы на -ған (-ген, -қан, -кен), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек), -мас (-мес, -бас, -бес) и неопределенной формой глагола на –у.

Мысалы: Бір тонна қағаз жасау үшін жиырма түп үлкен ағаш керек. Жер – жер болуы үшін, ауа – ауа болуы үшін өлкедегі орманның көлемі 25 пайызға шейін өсуге тиіс. Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай).

ә. Послелог шейін, дейін (до), қарай (к), таман (поближе), қарсы (напротив) употребляются с дательно-направительным падежом.

Мысалы, Орманның көлемі 25 пайызға шейін өсуге тиіс. Қалаға дейін 5 шақырым бар.

б. Басқа, өзге (кроме), көрі, гөрі (чем), бері (сюда), әрі (дальше), кейін, соң (после), ілгері (вперед) управляют исходным падежом.

в. Сайын септеулігі зат есімдермен, мезгіл атауларымен және -ған (-ген, -қан, -кен) формалы есімшелермен тіркескенде ол сөздерге даралау, саралау (отделять, дифференцировать) мағынасын білдіруге көмектеседі.

Мысалы: Енді жыл сайын бес миллион гектар жерге көшет отырғызады.

г. Сияқты, секілді септеулігі выражают уподобление (Ұқсату мағынасын білдіреді. Зат есіммен, есімдікпен, -ған (-ген, -қан, -кен) есімшелерімен тіркеседі).

ғ. Туралы септеулігі көбінесе зат есіммен, есімдік және қимыл атауларымен тіркесте белгілі бір хабар, ой, пікір, іс-әрекет жөнінде айтылатынын аңғартады.

Мысалы: Дипломаттар туралы көп оқыдым. Қазақстан – Ресей шарттары туралы көп білемін. К.Аханов сияқты оқытушылар аз.