Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Мемлекеттік шекара туралы түсінік

(қосымша сабақ)

1. Сөздікпен жұмыс: анықтау, суреттеу, түсіру (картаға), сәйкес, жергілікті, мекен, белгілер, орнату, қатаң, сәйкестік, біржақты, қондырғылар, күтпеген, қақтығыстар, ұрындыру, ықтимал.

2. Мына терминдерді дипломатиялық сөздіктен қараңыз: делимитация, демаркация, статус–кво.

3. Мына сұхбатты оқыңыз

– Ерлан Әбілфайызұлы, шекараны делимитациялау және демаркациялау ұғымы нені білдіреді?

– Делимитация ұғымына мемлекеттік шекара сызығы өтетін жерді анықтау, оны суреттеу және кейін бұл сызықты картаға түсіру жатады.

Демаркация болса, делимитациялау туралы шартқа сәйкес шекараны нақты жергілікті мекенде анықтап, шекаралық белгілер орнату болып табылады.

Делимитациялау барысында тараптар, әдетте, мемлекеттік шекараны анықтау және суреттеудің негізгі принциптерін келісіп алады. Бұл принциптер – өзара мүдделерді есепке алу, аумақтық тұтастықты құрметтеу, өзара түсіністік, мәмілегершілік, халықаралық нормаларға, тарихи заңдық, географиялық құжаттарға қатаң сәйкестік.

Айрықша, атап өткім келетіні – келіссөздер кезінде делимитациялық жұмыстар біткенге дейін тараптардың “статус –кво” принципін ұстануы ерекше маңызды. Басқаша айтқанда, шекарада инженерлік қондырғылар тұрғызу, шекаралық учаскелерді шаруашылыққа пайдалану сияқты ешқандай біржақты қимылдар болмауы қажет. Бұл принципті сақтамау шекаралық аудандар тұрғындарының күтпеген қимылдарын әкелуі, шекаралық қақтығыстарға ұрындыруы ықтимал.

Демаркация – бұл да ұзақ, техникалық және заң жағынан күрделі процесс. Мысалы, біз Қытаймен мұндай процесті 1996 жылдан бері жүргізіп келеміз. Дала жұмыстары барысында шекара белгісі орнатылатын нақты орындар анықталады, шекараның өтуі толық суреттеліп, тиісті топографиялық карталар дайындалады.

– Біздің көршілес мемлекеттермен шекарамыздың ұзындығы сан жүзінде қандай?

– Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7200 шақырым, Түркменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстан Республикасымен – 2150 шақырым, Қытай Халық Республикасымен – 1740 шақырым. Көрсетілген цифрлардың тек шамамен айтылып отырғандығын атап өткім келеді, өйткені нақты ұзындығын тек демаркациядан кейін ғана анықтауға болады.

(“Егемен Қазақстан”, 23.02.2000 ж.)

4. Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а) Делимитация ұғымына мемлекттік шекара сызығы өтетін жерді анықтау, оны суреттеу, бұл сызықты картаға түсіру жатады.

ә) Демаркация – делимитациялау туралы шартқа сәйкес шекараны нақты жергілікті мекенде анықтап, шекаралық белгілер орнату болып табылады.

б) Делимитациялау барысында тараптар мемлекеттік шекараны анықтау және суреттеудің негізгі принциптерін келісіп алмайды.

в) Бұл принциптер - өзара мүдделерді есепке алу, аумақтық тұтастықты құрметтеу, өзара түсіністік, мәмілегершілік, халықаралық нормаға сәйкестік.

г) Келіссөздер кезінде делимитациялық жұмыстар біткенге дейін тараптардың «статус-кво» ережесін ұстануы ерекше маңызды емес.